Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор экология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
165.53 Кб
Скачать

1-билет

1.Экологияның даму кезеңдері

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардыңорганизмдер қауымдастықтарының,экожүйелердіңбиосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген. XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.),Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.   Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымыВ.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.

Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экологияжаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.

2. В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық заңдары

Биосфера түсінігінің екі негізгі түсініктемелері бар, біріншісі ғылымда сол терминнің пайда болу кезінен белгілі. Ол биосфера түсінігін жердегі барлық тірі және жансыз ағзалар бірлестігі. Докучаев түлегі, топырақ ілімнің қалыптасушысы, тірі және жансыз жүйелер байланысын зерттейтін В.И.Вернадский, биосфера түсінігін қарастырып, тірі және жансыз айырылмас байланыс принципін енгізген. Ол биосфераны тірі және өлі бірлестік орта ретінде түсінген. Осындай түсінік Вернадскийдің жер бетіндегі өмірдің пайда болу мәселелеріне көзқарасын анықтаған. Келесі түрлер қарастырылған:  1) өмір жердің пайда болуына дейін жаралған және оған ол енгізілген;  2) өмір жердің пайда болған соң жаралған;  3) өмір жердің пайда болуымен қатар жаралған. Вернадский соңғы ойды  қалаған және оның ойы бойынша, біздің планетамызда тіршілік болмағаны туралы ғылыми деректер жоқ деп ойлаған. Басқаша айтқанда, биосфера жерде әрқашан болған.  Сонымен, биосфера ретінде Вернадский жерді, барлық процестердің тірі  ағзалардың тікелей әсерінен өтетін жіңішке қабаты ретінде түсінген. Соңғысында Вернадский биосфераның сол түсінігін дамытып оның құрылысын анықтаған.  Нақты аударғанда «биосфера» термині өмір отрасын белгілейді және сол  мағынада бірінші рет ғылымға 1875 жылы австриялық геолог пен палентологы Эдуард Зюсспен енгізілген ( 1837-19141). Бірақ соған дейін басқа атымен, негізінде « Өмір кеңістігі », « жердің тірі қабаты» т.б оның құрлысы көптеген басқа жаратылыстану сынаушылармен қарастырылған.  Бастапқысында осы түсініктемелер бойынша тек планетада мекендейтін тірі  ағзалар бірлестігі қарастырылған, кей кезде оны географиялық геологиялық және космостық процестермен бірлестіктері көрсетілген, және көңіл тірі табиғаттың бейорганикалық табиғаттағы күштермен заттардың байланысына аударылған. «Биосфера» терминнің авторы Э.Зюсс өзінің кітабында «Жердің жүзі», терминнің енгізгеннен кейін 30 жылдан соң (1909 ж) биосфераның кері әсерін байқамаған және оны «жер бетінде мекендейтін және кеңістікпен уақытта шектелген бірлестік ағзалар ретінде» анықтаған. 

3.Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру жолдары

Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бағдарламадағы негізгі міндеттердің бірі: «Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау», реформаларды басқару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық ынтымақтастықты нығайту мәселерімен тығыз байланысты. Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), «ҚР-ның кедейлікті жеңу бойынша бағдарламасы» мен қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық әрекет жоспарының арнаулы жұмысшы тобымен, сонымен қатар БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясы шеңберінде «нәтижелі экономикалық қызметтің шолуымен өзара бірлестікте үйлестіріліп» жүзеге асырылады. Сарапшылардың зерттеулеріне байланысты осы бағытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің түрлі комитеттеріне жоспарлы стратегиялық құжаттар мен ұсыныстар дайындалды. Атап айтқанда, ҚР 2010 ж. дейінгі ұзақ мерзімді дамуының стратегиясы, ҚР 2005 ж. дейінгі су қорларын қорғау мен пайдалану бағдарламасы, «2003-2007жж. Қазақстан ормандары» мен т.б. Тұрақты даму үшін ынтымақтастық. Сектораралық ынтымақтастық. Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық 21- кезекті мәселе мен жергілікті 21 – кезеті мәселені зерттеп іске асыру процесін қолдау, Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін құру және оны қолдау. 2002 ж. Қазақстандық 21 – кезекті мәселенің тұжырымдамасы мен Тұрақты Дамудың Ұлттық Кеңесін құру қабылданды. Ол стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттікпен және Сыртқы істер Министрлігімен өзара тығыз байланыста қызмет жасап отыр. ҚР Үкіметінің ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарға байланысты әрекеті министрліктермен және ведомстваларымен тұрақты даму бойынша Ұлттық жоспардың қызметін қалыптастыруы мүмкін. Ғаламдық 21-кезектегі мәселенің компоненттерін енгізу бойынша мониторинг өткізіліп, тұақты дамудың алға басу бағасымен ақпаратты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтеріндегі интернет-серверіне орналастыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл Қазақстанның халықаралық арнадағы жағымды имиджін нығайтып, қалыптастыру да өте маңызды. Осы бағыттың басты идеясы – тұрақты дамудың ынтымақтастығы үшін сектораралық кедергілерді жеңу, барлық секторлар мен салалардың әлеуметтік және ғаламдық әріптестікке өтуі болып табылады.

№2 –ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Экологияның негізгі ұғымдары

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атауының  табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.

  1. Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер

В.И.Вернандский биосфералық қалыптасу және даму эволюциясындағы «тірі заттардың» ролін өте жоғары бағалады. Әсіресе, тірі организмдер оған қоса адам баласының іс-әрекеттерінің биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп билсфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екндігін дәлелдеді. Яғни, планетадағы ең жоғарғы сатыдағы дамыған тіршіліктің ұйытқысы түрлі организммен байланысты екенін баса айтты. Шын мәнінде тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып планетадағы тіршіліктің көп түрлілігіне әкеледі. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қорғаушы күшіне айналады.

Ең басты мәселе биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Нәтижесінде, биосфера деп аталатын үйімізде ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші – Күн екенін есте шығармауымыз керек.

В.Н.Вернандский табиғаттагы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның роліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық ретінде бағалады. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол – биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы болжамдар жасады. Ал «ноосфера» деген терминді ғылымға енгізген француз математигі Леруа еді.

Академик В.Н.Вернандский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: "..Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзаттың санасыз ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі”, - деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екенін әрбір көзі ашық, көңілі сергек мүшесі түсініп отыр.

  1. Тұрақты даму үшін байланыстар орнату

Қазіргі таңда теориялық экономикалық ғылым мен әлемдік өркениетті тәжірибеде тұрақты даму концепциясы өзінің лайықты орны мен бағасын алды. Тың мәселе болғандықтан ғалымдар, саясаткерлер мен экономистер тарапынан оған деген қызығушылық орасан үлкен. Сондықтан ғылыми әдебиеттер мен баспа ақпарат көздерінде тұрақты даму мен экономиканы тұрақты дамыту мәселелеріне арналған біраз құнды еңбектер мен мақалалар жарыққа шықты. Тұрақты дамудың көптеген анықтамалары мен көрсеткiштерi қалыптасуда. Олар кең диапозонда: жай тепе-теңдіктен жүйелік және біртұтастық түсініктері арасында қолданылып келеді. «Тұрақты даму» түсінігі көпжақты кең көлемде қолданатын ұғымға айналып отыр. Тұрақты дамуды экономика тек қана оңды дамып отырған кезең деп біржақты қарамауы керек. Тұрақты даму ұғымы қолданылғанда ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылады да, көптеген процестер мен көрсеткіштердің негізінде сондай тұжырым жасалынады. Ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылу барысында зерттеушілір зерттеліп жатқан құбылыстарға тән емес, оның түпкілікті мәнін ашпайтын кездейсоқ белгілер мен қосалқы процестерден ойын алшақтатады. Сөйтіп зерттеуші құбылыстың немесе процестің ішкі дүниесіне еніп, олардың нағыз мәнін ашады. Абстрактілі ойлану тәсілі арқылы тұрақты даму категориясын төмендегідей түсінуге болады: - тұрақты даму тек қана оңды, яғни бір түрлі сипаттағы даму деп түсінбеу керек. Экономикалық даму, әдетте, белгілі бір уақыт аралығында орын алады. Демек, тұрақты дамудың сипатын ашу үшін қысқа мерзімдік экономикалық дамуды емес (3-4 ай, немесе 1-3 жыл), ұзақ мерзім аралығы алынады (5, 10, 15, 20 жыл). Қысқа мерзім аралығы алынса, онда экономикалық дамудың сипатына дәл баға берілмейді, себебі әртүрлі себептерден дәл сол мезетте экономика дағдарыс қарсаңында немесе дағдарыстық жағдайда болуы мүмкін. Немесе, экономика қазір жақсы дамып отырғанына қарамастан, 3-4 жылдан кейін, мысалы, ауыр экономикалық жағдайға душар болу қауіпін байқамай қалуы мүмкiн. Сондықтан, тұрақты даму концепциясы ұзақ мерзім аралығындағы экономикалық дамуды зерттеуге бағытталады. - тұрақты даму концепциясы дәстүрлі қалыптасқан “экономиканың циклді дамуы” теориясын жоққа шығармайды. XIX ғасырдың көрнекті ғалым-экономистерi С.Кузнец, И.Шумпетер, Дж.М.Кейнс, К.Маркс, Н.Кондратьев, С.Жуглар нарықтық экономиканың циклды дамуының экономикалық заңдылығын дәлелдеп берген. Экономикалық заңдарды өзгертуге ешкімнің құдіреті жетпейді, өйткені олар объективті (яғни адамдардың қалаулары мен еріктеріне тәуелді емес). Демек, тұрақты даму барысында да циклдық толқындар орын алып отырады. Бірақ, тұрақты даму концепциясын басшылыққа алған мемлекет өзінің экономикалық саясатының басымдылығы ретінде экономиканы дағдарысқа жібермеу, онда экономиканы тұрақтандыру саясатын ұсынады. - экономиканың құлдырауын тоқтатып немесе тоқыраудан шығарып, қайтадан жаңа деңгейде макроэкономикалық тепе-теңдікті орнату арқылы экономиканы даму траекториясына шығару.

№3 –ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Экологияның негізгі заңдары

Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағықұбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына,экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.

20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде ағзалардың қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]