- •1 H.323желісінің архитектурасы және оның жұмыс істеу қағидасы
- •2 Ip телефонияда дауыстық дестелерді ip – желісімен берудің неше тәсілі бар?
- •7 Ip телефония желілерінде байланысты ұйымдастыру принциптері
- •19 Ip хаттамасы деген не?
- •20 Ip хаттамасы туралы жалпы түсінік
- •22 Rsvp, rtp,rtcp.
- •23 Tcp/ip хаттамасының негізгі жұмыс істеу принциптері
- •24 Дауысты өңдеу процедуралары
- •25Дестелерді коммутациялау желісіне қосу сұлбасы және оның негізгі жұмыстары?.
- •27Тунел дегеніміз не? Негізгі жұмыстары?
- •26 Интернет желісінің ішкі құрылысы
- •28 Шлюзде сигналды оңдеу сұлбасы және оның жұмыс істеу қызыметтері
- •29 Шлюздің негізгі қызметтері:
7 Ip телефония желілерінде байланысты ұйымдастыру принциптері
IP телефония желілерінде байланысты ұйымдастыруда торабтар топологиясы деген ұғым қолданылады. “Тораб топологиясы” деген термин тораб бойынша мәліметтердің қозғалатын жолына қатысты. Топологияның үш негізгі түрі бар: “ортақ шина”, “жұлдызша” және “сақина”. “Ортақ шина” топологиясында жеке компьютерлермен жіберілетін барлық жолдар торабқа жалғанған. Мұндағы сенімділік жоғары, өйткені жекеленген компьютерлердің істен шығуы тұтасымен торабтың жұмыс жасау қабілетін бұзбайды. Кабелдердегі ақауларды табу қиын. Сонымен қатар, кабель тек біреу болғандықтан үзілген жағдайда торабтың барлық жұмысы бұзылады.
Шина (сызықтық) топология
Жергілікті тораб аталған топологиялардың бірін қолдануы мүмкін. Бұл деген, байланысатын компьютерлер санына, олардың өзара орналасуына және басқада жағдайларға байланысты болады. Сонымен қатар түрлі топологиялар арқылы құрылған бірнеше жергілікті торабтарды жалғыз жергілікті торабқа біріктіруге
болады. Мысалға бұтақ тәрізді топология болуы мүмкін. Сервер (англ. serve — обслуживать) — бұл құнды ресурстарды бағдарлама, мәліметтеу және шеткі құрал-жабдықтарға бірігіп пайдалануды басқаратын еске
сақтау қабілеттінің мөлшері көп, жоғары өнімді компьютер. Клиент (басқаша, жұмысшы станция) — сенрвердің қызметіне кіре алатын кез-келген компьютер. Жүйелік сервер HP LD PRO. Мысалы, орталық мәліметтер базасы орналасқан қуаты күшті компьютер сервер бола алады, ал бағдрламасы қажетіне қарай серверден сұрайтын жай компьютер клиент болады.
Телефон жүйесінің көмегі арқылы байланыс. Алшақтағы жеке компьютермен уақытша байланыс модем деп аталатын қондырғы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. (АТС арқылы телефон жүйесі) (факс модем). Жүйелік кабельдер (сыртқы түрі түтік тәріздес оқшауланған екі коаксиальдық концентриялы өткізгіштер; көп тамшықты; айқасқан екі электр өткізгішінен құралған қос кабелдер және т.б).
Коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді компьютерлерге қосатын коннекторлар; кабельдердің бөліктерін қосатын алмалы-салмалы ажыратқыштар.
Жүйелік интерфейсті адаптерлер мәліметтерді қабылдау мен жөнелтуге арналған. Мәлімметтер беру ортасына кіру белгілі бір протоколға сәйкестендіріле отырып жүзеге асырылады. Олар жүйеге қосылған компютерлердің жүйелік блоктардың қондырылады. Адаптерлердің алынып-салыныпажыратқыштарына жүйелі кабель қосылады.
Трансиверлер мәліметтерді кабель бойынша жіберу сапасының мөлшерін арттырады, жүйеден келіп түскен ескертпелер мен келіспеушілікті табу үшін жауап береді.
Хабтар (концентраторлар) коммутирлік хабтар (коммутаторлар) компьютерлік жүйелердің топологиялық, функционалдық және жылдамдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Әр типті хаб әр алуан кабельді системалар жүйесінің__сегменттерін (учаскелерін) біріктіруге мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай-ақ басқа хабты да немесе кабельдің сегментін (учаскесін) қосуға болады.
Қайталамалар (репитеры) кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді. Локальды жүйелерді біріктіре қосу үшін өзара жүктелген міндеттері мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін төмендегідей қондырғылар пайдаланады:
Көпір (англ. Brіdge) — екі локальды жүйені байланыстырады. Жүйе араларындағы мәліметтерді өзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі. Көпірлер барлық жүйелерді локальды мәліметтер легінен сақтай отырып пакеттерді фильтрден өткізе алады (сүзеді) және де тек басқа жүйе сегменттеріне арналған ақпараттарды жібереді.
Маршрутизатор (англ. Router) жалпы протокол мен жүйелерді көпірге қарағанда тиімді біріктіреді. Ол, мысалы үлкен хабарламаларды өте ұсақ бөлшектерге бөлуге мүмкіндік туғызады да осынысы арқылы әр түрлі көлемдегі пакеттері бар локальды жүйелердің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Көпірлік маршрутизатор (англ. Brouter) — бұл көпір мен маршрутизатордың гибриді. Ол мүмкін болған жерде алдымен маршрутты орындауға талпынады, ал содан соң сәтсіз жағдай бола қалса көпір тәртібіне (режиміне) көшеді.
Шлюз (англ. GateWay), Шалюздың көпірден өзгешелігі – біріктірілетін жүйелер протоколдарының әр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің талаптарына сәйкестендіріліп өзгереді. Сөйтіп, шалюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай біріңғай жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің көмегімен универсалды (жан-жақты) қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады.
“Барлығы-Бәрімен” топологиясы. Бұндай жағдайда жүйе радио – адаптерлер көмегімен жүзеге асырылады. Жан-жақты бағытталған антенналармен жабдықталған жүйелік радио-адаптерлер радиотолқындарды ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады. Бұндай жүйе “Барлығы-бәрімен” топологиясы арқылы жүзеге асырылады және 50-200 м қашықтықта жұмыс істеуге қабілетті. Жүйенің сымсыз және кабельді бөліктерінің арасындағы байланыс үшін арнайы кіру нүктесі (немесе радиокөпір) деп аталатын қондырғы пайдаланылады.
“Жұлдыз” тәрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе, онда “жұлдыз” типті топология қолданылады. Бұндай жағдайда орталық торапқа жанжаққа бағытталған, ал шалғай тораптарға – бағытталған антенналар қондырылады. Жұлдыз тәріздес топологияның жұйелері әр алуан конфигурациядағы жүйелерді құрауы мүмкін. Сымсыз жүйелік магистарль баяу модемдерді пайдаланудан бас тартуға жағдай (мүмкіндік) жасайды.
8 IP- телефония желісіндегі кідірістердің құраушылар сұлбасы және негізгі жұмыстары?
Кідіру уақытын үш деңгейдің біреуіне жатқызуға болады:
- бірінші деңгей 200 мс-қа дейін байланыстың өте жақсы сапасы. Салыстыру үшін, СТОП-та рұқсат етілетін кідіріс 150, 200 мс;
- екінші деңгей 400 мс-қа дейін байланыстың жақсы сапасы. Бірақ СТОП-пен салыстырғанда айырымы елеулі;
- үшінші деңгей 700 мс-қа дейін маңызды емес сөйлесуге жарайтын байланыс сапасы. Мұндай байланыс сапасы жерсеріктік байланыста да болуы мүмкін.
Деректерді ІР желісі арқылы таратуда өте жиі дестелейді, дестелер жиі әртүрлі уақыттарда және әртүрлі реттерде келіп түседі. Бұл дестелерді (джиттерлерді) жеткізудің уақытты таралуын пайда қылады. Джиттер дауысты тарату кезінде сатыр-сұтырлар және шертулер түрінде естілетін бұзылуларға әкеледі. Джиттердің үш түрін ажыратуға болады:
- деректерге тәуелді джиттері өткізу жолағы шектелгенде немесе желі бұзылғанда пайда болады;
- жұмыс циклының бұрамалануы төменнен жоғарыға және жоғарыдан төменге беру арасындағы таралулар кідірісімен шартталған;
- кездейсоқ джиттер жылулық шудың нәтижесі болып табылады.
ІР-телефониядағы жоғалған дестелер дауысты бұзады және темір бұрмалануын пайда қылады. Барлық дауыстық кадрлар деректер ретінде өңделеді, сондықтан дауыстық кадрлар шыңдық жүктемелерде басқа да деректер кадрлары сияқты алынып тасталады. Деректер кадрлары уақытпен байланысты емес, және тасталған кадрлар қайталану жолымен табысты түрде берілуі мүмкін, ал дауыстық дестелердің жоғалуы мәліметтің толық емес жоғалуына әкеледі. 5%-ке дейінгі шығындар білінбестей, ал 10-15%-тен жоғары рұқсат етілмейтін болып есептеледі. Трафиктің жоғарылауымен арнада кідірістер мен жоғалулар өсуі мүмкін деп ұйғаруға болады.
10 IP- телефония сапасына әсер етуші факторлар
ІР-телефония сапасына әсер етуші факторлар екі категорияға бөлінуі мүмкін:
- максималды өткізу қабілеті немесе берілетін деректердің пайдалы және артық максималды саны;
- желі арқылы пакеттерді беруге қажетті кідіру немесе уақыт аралығы;
- тізбектелген екі десте арасындағы джиттер немесе кідіріс;
- желі арқылы таратуда жоғалған дестелер немесе дестелер жоғалуы;
IP- телефония сапасына әсер етуші факторлар екі категорияға бөлінуі мүмкін:
Желі сапасы
Шлюз сапасы
Желі сапасының факторлары:
Максималды өткізу қабілеті немесе берілетін деректердің пайдалы және артық максималды саны
Желі арқылы пакеттерді беруге қажетті кідіру немесе уақыт аралығы
Тізбектелген екі десте арасындағы джиттерлер немесе кідіріс
Желі арқылы таратуда жоғалған дестелер немесе дестелер жоғалуы
Шлюз сапасының факторлары:
Қажетті өткізу жолағы немесе әртүрлі кодерлер жолақты қажет етеді
Дауыстық сигналдарды өңдеу үшін сандық процессорға немесе басқа құралғыларға керекті кідіріс немесеуақыт
Барлық дестелер алынып болғанша деректер дестелерін сақтау немесе джиттер буфері және джиттерді минимализациялау үшін керекті тізбекті беруге болады
Дестелердің жоғалуы немесе IP- телефония құрылғысында дестелерді беру немесе қысу кезігндегі дестелердің жоғалуы
Деңгейді басқару немесе дауыс қаттылығын бақылау мүмкіндігі
11 IP- телефония сапасына желінің әсер ету
Кідіріс диалогты енгізгенде қолайсыздықтар туғызады, сөйлесулердің бірін-бірі жабуы және жаңғырықтың пайда болуы. Шағылған дауыстық сигнал сигналмен бірге алыстағы соңынан сөйлеушіге қайта оралуы жаңғырықтың пайда болуына әкеледі. Тарату бөлігіндегі кідіріс 50 мс-тан көп болғанда, жаңғырық қиын проблемаға айналады.
Бір бағыттағы кідіріс 250 мс-тан асып кеткенде, диалогтың қиындауы және сөйлесулердің бірін-бірі жабуы сапаның маңызды сұрағына айналады.
Бір соңынан екінші соңына дауысты беру кезінде кідіріс көздерінің келесі түрлерін көрсетуге болады (15-суретті қараңыз):
- жиналу кідірісі (алгоритмтік кідіріс): бұл кідіріс дауыстық кодерде орындалатын дауыстық кадр санақтарын жинау қажеттілігімен шартталған;
- өңдеу кідірісі: анықталған кідірістерді кодтау процесінде және дестелік желі арқылы тарату үшін кодталған санақтардың дестеге жиналуында пайда болады.
- Желілік кідіріс: кідіріс физикалық орта және хаттамалармен шартталған, сонымен қатар қабылдау соңындағы джиттерді жою үшін қоданылатын буферлермен. Желілік кідіріс желі сыйымдылығына және желідегі процестерге тәуелді.
ІР-телефония желісіндегі кідірістердің құраушылары
12 IP- лефонияда «компютер- компютер» сценариінің сұлбасы және негізгі жұмыстары
“Компьютер-компьютер” мультимедия құрылғыларымен жабдықталған және интернет желісіне қосылған стандартты компьютерлер негізінде ұйымдастырылады. “Компьютер-компьютер” сценариі бойынша ІР-телефония моделінің компоненттері
ІР-телефонияда “компьютер-компьютер” сценариі
Бұл сценариде А микрофонынан шыққан аналогты дауыстық сигналдар аналогты-сандық түрлендіргіш көмегімен сандық түрге түрленеді, әдетте 8000 санақ/с, 8 бит/с, нәтижесінде 64 Кбит/с.
Сонан
соң дауыстық деректер өздеріне қажет
тарату жолақтарын 4
1,
8
1,
10
1
қатынастарында қысқарту үшін кодтаушы
құрылғы көмегімен сандық түрге сығылады.
Сығылған соң нәтижелік деректер
хаттамалардың тақырыптары қосылатын
дестелерге айналады, бұдан соң дестелер
ІР жүйесіндегі Б абонентіне қызмет
етуші ІР-телефония жүйесіне жіберіледі.
Дестелер Б абонентінің жүйесімен
қабылданған кезде, хаттама тақырыптары
жойылады, ал сығылған деректер өздерін
алғашқы қалпына келтіретін құрылғыға
келеді. Сонан соң дауыстық деректер
аналогты түрге сандық-аналогты
түрлендіргіш көмегімен қайта түрленіп
Б абонентінің телефонына келіп түседі.
ІР жүйесіндегі екі абонентті қарапайым түрде жалғау үшін әрбір ақырғы бөлікте біруақытта тарату функциясы әрі қабылдау функциясы ұйымдастырылады. ІР желі деп ғаламдық ІР желіні немесе деректерді таратудың корпоративтік желісі ретінде түсінуге болады.
А және Б абоненттері бір-бірімен сөйлесуі үшін интернетке немесе басқа бір желіде ІР хаттамасымен шығуы керек. Осы абоненттер арасындағы байланысты ұйымдастыру алгоритмін қарастырайық:
- А абонентінің құрамында Н.323 хаттамасы бар өзінің ІР-телефония қосымшасын жібереді;
- Б абоненті Н.323 хаттамасы бар ІР-телефония қосымшасын бұрынырақ жібереді;
- А абоненті Б абонентінің домендік атын біледі, әрі осы атты өздерінің ІР-телефония қосымшасындағы “кімге соғу” бөліміне енгізеді және Return түймесін басады;
- ІР-телефония қосымшасы Б абонентінің домендік атын ІР адресіне айналдыру үшін DNS серверге жүгінеді;
- DNS сервері Б абонентінің ІР адресін қайтарады;
- А абонентінің қосымшасы Б абонентінің ІР-телефония адресін алады және оған Н.225 Setup хабарын жібереді;
- Н.225 Setup хабарын алған уақытта Б абоненті оған кіріс шақыру туралы сигнал береді.
- Б абоненті шақыруды қабылдайды және ІР-телефония қосымшасы Н.225 Connect жауаптық хабарын жібереді;
- А абонентінің ІР қосымшасы Н.245 рекомендациясына сәйкес Б абонентінің қосымшасымен өзара әрекеттеседі;
- Н.245 хаттамасы бойынша өзара әрекеттер аяқталған соң және логикалық арналардың ашылуынан соң А және Б абоненттері ІР желісі арқылы сөйлесе алады.
13 IP- телефонияны жазудың түрлері
Интернет желісін құрайтын негізгі хаттама интернет хаттамасы немесе ІР хаттама деп аталады. Екі немесе одан да көп желілерді интернет желісінде қосу үшін маршрутизаторлар қолданылады. Маршрутизатор – желілерді бір-бірімен физикалық түрде жалғайтын және арнайы бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен дестелерді бір желіден ибір желіге беретін құрылғы.
ІР хаттамасы – желілік деңгейдің желі аралық байланыс орнататын негізгі хаттамасы болып табылады. Транспорттық деңгейдің ТСР және UDP хаттамалары да ІР хаттамасын пайдаланады. ІР хаттамасы ТСР/ІР желісімен өтіп жатқан барлық ақпараттардың форматын көрсете отырып, интернет желісінде мәліметтер берудің базалық өлшемі ІР дейтограмманы анықтайды. ІР желісінің бағдарламалық қамсыздандыруы физиикалық желілердің қосылыстары бойынша мәліметтер жолын таңдай отырып, маршрутизациялау қызметін атқарады. Маршрутты анықтау үшін арнайы кесте болады, таңдау компьютер-адресат қосылған желі адресі негізінде жасалады. ІР хаттамасы деректердің әр дестесі үшін бөлек маршрут тағайындайды, бірақ қажетті ретпен сенімді түрде жеткізілуіне кепіл болмайды. Деректерді төменгі орналасқан физикалық деңгейге береді, осылайша дестелерді жеткізудің жоғары эффективті деңгейін жүзеге асырады.
IP-адресті жазу түрлері
IP-адрестің ұзындығы 4 байт (32 бит) және екі логикалық бөліктен тұрады – желі нөмірі және желідегі түйін нөмірі.
IP-адрестің жазу түрінің ең көп қолданылатын түрі әр байттың мәнін ондық санау жүйесінде бейнелеп, нүкте арқылы бөлінентін төрт сан ретінде жазу түрі, мысалы:
126.10.2.30.
Бұл адрес екілік форматта:
10000000 00001010 00000010 00011110.
Сондай-ақ он алтылық форматта:
80.0A.02.1D.
Адрестің жазылуы желі нөмірі мен түйін нөмірі арасындағы арнайы шектеуші таңбаны ескермейтінін байқаймыз. Қарапайым жолы адрестің 32-биттік өрісі алдын ала екі бөлікке бөлінеді, тең болуы міндетті емес, бірақ бекітілген ұзындықта болуы керек, біреуіне үнемі желі нөмірі, екіншісіне түйін нөмірі жазылады. Түйін нөмірін сақтауға арналған өрістің бекітілген ұзындығы болғандықтан, барлық желілердің максималды саны бірдей болады. Егер, мысалы, желі нөмірі орнына бір бірінші байтты жазса, онда бүкіл адрестік кеңістік үлкен өлшемді (224 узлов) желі сандарына бөлініп кетеді. Егер шекараны оңға жылжыта берсе, желілер саны артады, бірақ олар бәрібір бірдей өлшемде болады. Мұндай қатаң қадам жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан адрес құрудың дәл осы тәсілі ғана қолданыс таппады.
Екінші, маска қолдануға негізделгендіктен ғана желі нөмірі мен түйін нөмірі арасындағы шекараны ыңғайлы етіп қоюға жол берді. Бұл жағдайда маска – IP-адреспен бірге жұптап қолданатын сан; масканың екілік форматтағы жазылуы IP-адресте желі нөмірі ретінде түсіндірілетін разрядтағы бірліктер тізбегінен тұрады. Желі нөмірі адрестің тұтас бөлігі болғандықтан, маскадағы бірліктер үздіксіз тізбек болуы қажет. Маскадағы бірліктер тізбегі мен нөлдіктер тізбегі арасындағы шекара IP-адрестегі желі нөмірі мен түйін нөмірі арасындағы шекараға сәйкес келеді. Мұндай жағдайда адрестік кеңістік әртүрлі өлшемдегі желілер жиынтығы болып табылады.
Желілердің бірнеше класы бар және олардың әрқайсысының өлшемі анықталған.
14 IP- телефонияның кластары?
IP- адресін желі нөмірі мен түйін нөміріне бөлу дәстүрлі әдісі адрестің алғашқы бірнеше биттері мәнімен анықталатын класс түсінігіне негізделген. Міне адрестін бірнеше байты 185.23.44.206 128-191 диапазонына жататындықтан, бұл адрес В класына тиісті деп айта аламыз, яғни желі нөлдік байтпен толтырылған IP-адрестін, алғашқы екі байты б.т -185.23.0.0, ал түйін нөмірі әуелі екі нөлдік байтпен толтырылған екі кіші байт -0.0.44.206 б.т.
класс |
Алғашқы биттер |
Желінің ең кіші нөмірі |
Желінің ең үлкен нөмірі |
Желідегі максимал түйіндер саны |
А |
0 |
1.0.0.0 |
126.0.0.0 |
224 |
В |
10 |
128.0.0.0 |
191.255.0.0 |
216 |
С |
110 |
192.0.1.0 |
223.255.255.0 |
28 |
D |
1110 |
224.0.0.0 |
239.255.255..255 |
Multicast |
E |
11110 |
240.0.0.0 |
247.255.255.255 |
резервтелген |
Үлкен жлілер А класының адрестерін алады, орташалары В класын, ал кішіректері С класын:
-егер IP- адресінің барлық екілік разрядтары 1-ге тең болса, онда мұндай адресті десте осы желідегі барлық түйіндерге таралуы тиіс. Мұндай таратылма шектеулі кең таралуы хабарлар д.а. бұл жағдайдағы шектеулік десте ешқандай жағдайда маршрутизатр шегінен аспайдыған білдіреді.
-егер тағайындалған түйін нөмірі, өріс тек бірліктерден кұралса, онда мұндай адресі бар десе желі нөмірі берілген барлық желілерге таратылады. Мысалы, 192.190.21.255 нөмірлі адресі десте 192.190.21 желісінің барлық түйіндеріне жеткізіледі. Мұндай таратылма шектеулі кеңтаралушы хабар д.а
Нөлдіктердің тізбегінен тұратын арнайы адрестер тек жіберушінің адресі ретінде ғана қлданылады, ал бірліктердің тізбегінен тұратын адрестер тек алушының адресі ретінде ғана қолданылады.
15 IP- телефонияның негізгі жұмыс істеу принциптері?
IP-телефония деп-нақты уақыт режимінде қалааралық және халықаралық телефондық сөйлесулерді ұйымдастыру және жүргізу,сонымен қатар,факстер жіберудің құралы ретінде Интернет немесе басқа да кез-келген IP-желісін қолдануға мүмкіндік беретін технологияны айтамыз.IP –телефония компьютерлік телефонияның ең күрделі және жүйелік қосымшаларының бірі болып табылады.IP-телефония Интернет протокол қолданатын,желі үстіндегі дауыстың байланысты қамтамасыз етеді.Бұл технология мобильдік жұмысшылардың біріккен конвергентті желіге қосатын,ұйымныі көптеген бөлініп орналасқан объектілерді біріктіруге рұқсат береді.IP- телефония дауыстың байланысты және мәліметтер берілісін бір желіге біріктіру арқылы шығын үнемділігіне жетуге мүмкіндік береді,оның техникалық қуаттануы,сол сияқты алыстаған шығындар ликвидациялары арқылы бір орталыққа шоғырлануы мүмкін.
IP-телефония жұмыс істеу принципі-бұл мәліметтер пакеттеріндегі дауыстың байланыс конвертациясы.Телефонды аппараттар IP-желінің беріліс мәліметтер порттарына қосылған.
Төменде ІР-телефонияның бағдарламалық құралдары мен жабдықтарын жасауда озық нәтижеге жеткен компаниялардың тізімі келтірілген: VocalTec, Dialogic, Cisco, Ascend, 3Com, Nortel, Lucent, IBM, Motorola, RAD, Rock-well, Digitcom және т.б.
Nortel Networks концепциясының тәжірибелік жүзеге асуы Ресейлік ВСС үшін сертификациядан өткен MMCS (MultiMedia Carrier Switch) платформасы болып табылады. DPN (протоколы Х.25, FR) сериялы дестелік коммутаторлар тобы Magellan және Passport 7000/6000 сериялы мультихаттамалық маршрутизаторлар, Passport Voice Gateway шекаралық құрылғылары, телефондық түйіндесуші желілер және АТМ желілері, сондай-ақ Passport 15000 жоғарыжылдамдықты АТМ-коммутаторлары мысал бола алады. Аталған барлық құрылғылар дауысты, факсимильдік хабарларды, бейнеақпараттарды, IP, FR, SNA, X.25, HDLC хаттамалары бойынша деректерді интегралдайды және бар қорларды (мысалы, дауысты беру кезінде дестелерді айнымалы жылдамдықпен беру технологиясы қолданылады) пайдалануын оптималдай отырып, мультимедиялық қызметпен қаматамасыз етеді.
IP-телефонияның тағы да бір мысалы ретінде жапондық NEC корпорациясының гамма өнімдеріне кіретін 1Р45/951 әмбебап маршрутизаторы мысал бола алады. Бұл маршрутизатордың дауыстық және мультимедиялық хабар беру функциялары бар. 1Р45/951 маршрутизаторы шлюз және қақпақша қызметін іске асырады. Бұл маршрутизатор дауысты кодтаудың көптеген алгоритмдерінде жұмыс жасайды, мысалы, ITU-T G.729, G.729a, G.729b, G.729ab, G.723.1, G.729.1a, G.711, G.711VAD, G.728 және G.728VAD. Бұл 1Р45/951 маршрутизаторына Н.323 хаттамасында жұмыс істейтін барлық шлюздермен қосылуға мүмкіндік береді. 1Р45/951 маршрутизаторы мынадай ерекшеліктеріне байланысты дауысты беру сапасы жақсы болады: қазіргі заманғы кодтау алгоритмдерін қолдану; жаңғырықты басу (64 мс); джиттерді тегістеу; сөйлесулердегі паузаларды басу; комфорттық шуды генерациялау; RSVP хаттамасын қолдау; IP/UDP/RTP тақырыптарын сығу; әртүрлі трафиктер түрі үшін приориттерді қолдау.
Соңғы кездері осы барлық сценарийлер үшін IP-телефония жабдықтарының келесідей түрлері пайда болды.
1. IP-телефонияның цифрлық және аналогтық интерфейстер арқылы АТС-ға қосылатын және дауыс сигналдарын алдын ала өңдейтін, компрестейтін, IP-дестеге айналдыратын және оларды желімен жіберетін автономды шлюздер .
2. Мекемелік АТС-ларды корпоративті ІР-желіге қосуға арналған интерфейсті 10/100BaseT (ЛВС Ethernet) магистралдық дауыстық платалар. АТС-на осындай платаны қондырғаннан соң дауыстық трафик ІР-дестелер түрінде АТС-нан телефондық желіге жіберілгені сияқты жергілікті немесе ғаламдық желіге жіберіледі.
3. Дауыстық ақпаратты ІР-дестелерге түрлендіруші және телефондық желіге емес тікелей ЛВС Ethernet-ке қосылатын телефондық аппараттар (IP-телефондар). Ережеге сай, Dynamic Host Configuration Protocol (DHCP) динамикалық конфигурация хаттамасын қолдана отырып, мұндай аппараттар желілік администратордан минималдық баптауларды қажет етеді.
4. IP хаттамасы негізіндегі дәстүрлі АТС-дың қызметін атқаруға арналған дауыстық дестелердің мамандандырылған коммутаторлары. Әдебиеттерде мұндай құрылғылар IP-АТС деп аталады, бірақ бұл жағдайда арналардың емес, дестелердің коммутациясы жүргізілетіндіктен бұл атау онша сәйкес келмейді.
16 IP – телефония негізгі стандартты
IP – телефония арнайы IP протокол (Internet Protokol жүйе аралық
арекеттестік протоколы), қолданылуымен жүзеге асатын интернет
желісіндегі құрылғыларын оқытады, және мағлұматтар пакетін
қолданылуымен сөз хабарламаларын жіберу мүмкін болады. Бұл сөздерді
тарату әдісі IP телефония деп аталады. Кең мағынада IP телефония
мақсаты сөздік және бейне байланысты кем дегенде екі адаммен, әр түрлі коммуникациялық желілердің абоненттері болатындай етіп жасау, бұның
бәрін пакеттер коммутатциясымен байланыс желісімен жүзеге асады.
IP – телефония негізгі стандарты H.323 болып келеді.Тарихта стандартты негізде H.323 рекомендациясымен IP – телефония желілерін құруға Халықаралық Электробайланыс Одағы (ITU) бірінші болып қадам жасады. H.323 хаттамасына негізделген желілер телефондық желілерді интегралдауға бағытталған және олар деректерді беру желісіне салынған ISDN желісі сияқты қарастырылады.
H.323 рекомендациясы дестелері коммутациялы IP желісімен дауыстық ақпараттарды ғана жіберуге арналмаған хаттамалар жинағын алдын ала қарастырады. Оның мақсаты желіде мультимедиялық қосымшалардың жұмысын қамтамасыз ету. Дауыстық трафик бейне ақпарат және деректермен қатар H.323 – тің қосымшаларының бірі.
IP – телефонияның H.323 рекомедациясымен желі құру нұсқасы қала аралық және халықаралық байланыс орнатуды көздеген операторларға ыңғайлы.
17 IP- телефонияның сапалық көрсеткіштері
IP- телефонияның сапасының негізгі құраушылары болып дауыс және сигнализация сапасы болып табылады№ Дауыс сапасы келесілерді біріктіреді:
Диалог немесе қолданушының реалды уақытта және толық дуплексті режимде бір-бірімен байланысуы және сөйлесуі
Дауыстың айқындылығы, тазалығы және тоналдығы
Меншікті дауыстың жаңғырықпен естілуі
Дауыстың деңгейі немесе дауыстылығы
Сигнализация сапасы келесілерді біріктіреді:
Шақыруды орнату немесе табысты қатынау жылдамдығы және жалғауды орнату уақыты
Шақырыстың аяқталуы немесе бас тарту уақыты және .зу жылдамдығы
Көпжиілікті нөмір теру сигналдарының анықталуы немесе DTMF сигналдарды бекіту.
18 IP- телефонияның үш негізгі сценариі
ІР-телефонияның үш негізгі сценариі
ІР-телефонияда көп қолданылатын үш сценариді қарастырайық.
- “компьютер-компьютер” ;
- “компьютер-телефон”;
- “телефон-телефон”.
“Компьютер-компьютер” мультимедия құрылғыларымен жабдықталған және интернет желісіне қосылған стандартты компьютерлер негізінде ұйымдастырылады. “Компьютер-компьютер” сценариі бойынша ІР-телефония моделінің компоненттері
компьютер-телефон” сценариі мәлімет – ақпараттық сүйеу қызметтерінің әр түрлерінде қолданыс тапты. Бұл ІР-телефония модификациясының екі сценариін қарайды:
- компьютерден (ІР желіні қолданушы) телефонға (СТОП абонентіне), жекелей түрде, ІР желісін қолданушыларға телефондық қызмет көрсету, оның ішінде мәлімет – ақпараттық қызметтерге және интеллектуалды желі қызметтеріне.
- СТОП абонентінен ІР желісінің қолданушысына, яғни шақырылатын жақтың екі нөмірлік Е.164 немесе IP адресациялары негізіндегі идентификациясымен.
"телефон - телефон" сценариі ІР-телефонияның басқа сценарилерінен айрықшаланады, себебі оның мақсаты қарапайым СТОП абоненттеріне қалааралық және халықаралық телефон байланысының альтернативтік мүмкіндіктерін беру болып табылады. Бұл режімде ІР-телефонияның қазіргі технологиясы ІР қатынау арқылы виртуалдық телефондық линияны пайдалануға береді.
