Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭБТ почти полный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.64 Mб
Скачать
  1. Электрлік байланыс және сингнал жүйелері туралы жалпы мағұлмат. Электрлік байланыс деп отырғанымыз – хабар алушы мен хабар беруші арасындағы байланысты орнататын техникалық құрылғылар мен сигналдардың ортада таралуын қамтамасыз ететін жиынтық. Қазіргі қоғамда ақпараттың басым бөлігі электр сигналдары арқылы әртүрлі жүйелердегі радиотехникалық құралдардың көмегімен таралады. Сондықтан байланыс жүйелері адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Соңғы жылдары талшықты оптикалық байланыс жүйелерін ғана емес, сондай-ақ радиобайланыс жүйелері де қарқынды дамып келеді. Жерсеріктік радиобайланыс жүйелерінен басқа, жылжымалы цифрлық ұялы радиобайланыс желілері де дами түсті.Соңғы уақыттағы байланыс жүйелрінің жобалары қазіргі технологияның мүмкіндіктерінен басқа таратылатын ақпараттың көлемін ғана емес, сондай-ақ таратылатын хабарлардың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі байланыс теориясының жетістіктеріне пайдаланады. Электр байланыс жүйелерінде сигналдарды әртүрлі әдістердің көмегімен түрлендіреді. Түрлендірудің ең маңыздысы-модуляция. Модуляция дегеніміз қандайда бір тасушы сигналдың параметрлерін ақпараттық сигналдардың лездік мәндерінің өзгеру заңы бойынша түрлендіру. Осылайша модулятордың шығысында берілген байланыс жолы арқылы неғұрлым жоғары сапамен таратылатын модуляцияланған сигнал түзіледі. Байланыс жолымен таратылып жеткізілетін информациялар сигналдарға айналдырады. Сөйтіп информацияларды тасушы сигнал болады. Сигналдардың дыбыстық, электрлік, механикалық түрлері болады. Электрлі байланыс жүйесіндегі қолданылатын негізгі сигнал электрлік сигнал деп аталынады. Информацияны уақыт пен кеңістікте орнықты түрде тасымалдау үшін пайдаланған сигналды уақыт пен кеңістік бойынша орнықты болуы керек. Орнықтылығы тұрғысында сигналдар: статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. Статикалық сигнал дегеніміз физикалық объектінің орнықты, тұрақты күйін пайдалынатын сигналды айтады. Динамикалық сигнал дегеніміз уақыт өтуіне қарай жағдайы өзгеріп тұратын сигналды атайды. Егер сигнал белгілі-бір заңдылық беріліп және оны қалаған уақытта анықтауға болатын болса, онда белгілі түрдегі сигналға жатады. Кездейсоқ сигнал уақыт бойынша және кеңістікте белгілі заңдылықпен өзгермейді және оның параметірлерін қалаған уақытта белгілі заңдылықпен анықтауға болмайды. Кездейсоқ сигналды, егер информация тасымалдайтын болса, сигнал деп қарап, ал егер тасымалданбайтын болса бөгеулік ретінде қараймыз.

 

  1. Сигналдардың кездейсоқ байланыс арналарынан өтуі. Кездейсоқ сызықты арна.

Қарапайым жағдайда сигналдың кездейсоқ түрленуі аддитивті бөгеуіл немесе аддитивті шу деп аталып, кездейсоқ процестің сигналдарының қосындысына жинақталады.

Қиынырақ арналарға оған арна параметрлерінің кездейсоқ өзгерісі қосылады, қорытындысында аддитивті бөгеуіл болмағанның өзінде қабылдайтын сигнал беруші сигнал ретінде анықталмайды.Жалпы түрде сызықты жүйені (немесе сызықты арна) екі аргументтің кездейсоқ функциясын көрсететін, кездейсоқ  ИХ G(t,)  түрінде бейнелеуге болады t (реакцияның бақылану уақытынан) және  (тізбектің кірісіне   импульсін бергеннен бастап кеткен уақыт). Мысалы, параметрлері кездейсоқ ішкі әсерлерге ықпал ететін, кез-келген сызықты жүйенің, мысалы температура, қысым, ылғалдылық және т.б. кездейсоқ сызықты арнаны      және  tайнымалыларының кездейсоқ беріліс функциясымен сипаттауға болады

     

сипаттамасы бар кездейсоқ арнаның мағынасындағы   Y(t)  процесінің  корреляция функциясын,  X(t)   стационарлы.    

Процестің кірісіне бергенде, былай анықталады

                .                         (11.2)

мұнда, кездейсоқ арнаның жүйелік сипаттамасы.

       Енді, көп кездесетін модельдерге кеңінен тоқталайық. Кездейсоқ кіріс      X(t)-ға әсер етуге арналған модель.

Мұнда,  және  параметрлері флуктурленеді. Қарапайым жағдайда, сымды өткізгіш байланыста осындай флуктуациялар сыртқы шарттың өзгеруінен болады және қатысты кіші аралықта өте баяу жүреді.Толқынның көпсәулелі таралуы кезіндегі радиоарналарда, гидроакустикалық арналарда және де басқаларында флуктуация өте айқын көрінеді.

Сигнал арнаның кірісінен шығысына || жолмен өткенде, күрделі жағдай орын алады. 11.1 суретте әрбір жолдың шығысында сигнал мына түрге ие болады.

мұнда арнадағы фазалық ығысу, ал (t) мен  X(t)  Гильберт бойынша түйіндескен процес, бірақ  және   әртүрлі жылдар үшін өзгеше, сонымен қатар аз аралықты флуктурлайды. Мұндай түрдегі сигналдың көпжолды таралуы радио, гидроакустикалық және басқа да арналарға тән.(соның ішінде өткізгіштер). 

  1. Ақпарат, хабар, ақпарат алушы және жіберуші.

Өзімізді қоршаған айналаны сезу түрімен оларды өзіміздің санамызда сақтау белгілерін информация деп атайды. Информация оларды түрлендіру, өңдеу, бір жерден екінші жерге жеткізудің қоғам өміріндегі еңбек тиімділігін арттырудағы маңызы өте зор. Информация негізіне жататындар жинап алу, түрлендіру. Информацияны жинап алу қоршаған айналамен басқарылатын объектілердің жағдайын сезу қабілеттілігіне негізделген. Әртүрлі информацияларды бір жерден екінші жерге байланыс жолдарымен жеткізу үшін оларды тасымалдап және пайдаланушыға берудің ыңғайлы түрлеріне ауыстырады. Информацияның шығу түрлерінің жаратылысына, тасымалдау жолдарының түрлерімен тасымалдау әдістеріне және қабылдау орындарының сипаттамаларына байланысты ақпарат түрлендіріп ауыстыру, бір рет қана емес, бірнеше рет болуы мүмкін. Байланыс жолымен таратылып жеткізілетін информациялар сигналдарға айналдырады. Сөйтіп информацияларды тасушы сигнал болады. Сигналдардың дыбыстық, электрлік, механикалық түрлері болады. Электрлі байланыс жүйесіндегі қолданылатын негізгі сигнал электрлік сигнал деп аталынады. Информацияны уақыт пен кеңістікте орнықты түрде тасымалдау үшін пайдаланған сигналды уақыт пен кеңістік бойынша орнықты болуы керек. Орнықтылығы тұрғысында сигналдар: статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. Статикалық сигнал дегеніміз физикалық объектінің орнықты, тұрақты күйін пайдалынатын сигналды айтады. Динамикалық сигнал дегеніміз уақыт өтуіне қарай жағдайы өзгеріп тұратын сигналды атайды. Хабар – заттанған ақпарат.

Хабар жіберуші – қандай да бір хабарламаны нақты белгі нысанға келтіретін физикалық объект. Осы хабарламаны қабылдайтын – хабар алушы болып табылады. Алғашқыда ақпарат алмасушы адамдар болып табылатын. Хабарламаны сигналға айналдыратын құрылғы – ақпарат жіберуші, ал алынған сигналды хабарға түрлендіруші ақпарат қабылдаушы құрылғы деп аталады.

Бір арналы байланыс жүйесінің құрылымдылық сұлбасы

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]