- •42.М.Дулатовтың шығармашылығы.
- •43. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
- •44. Ұлы Отан соғысынан кейінгі мәдениет. Әдебиет. Ғылым.
- •45. «Бекмаханов ісінің» мәні
- •46. Ә.Х.Марғұланның қоғамдық-шығармашылық қызметі
- •47.Қазақ зиялыларын «ұлтшылдар», «байшылдар», «космополит» айыбымен қуғындалуы
- •48. 1937-1938 Жылдардағы қуғын сүргін саясатының рухани мәдениетке әсері
- •49.М.Әуезов және «Абай жолы»
- •50. 1970 -80 Жылдардағы мәдени өмір
- •51.1990 Жылдардағы мәдениет, ғылым, білім.
- •Екінші кезең
- •52.Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің даму бағыттары
- •53.Ш.Құдайбердіұлы, м.Жұмабаев, ж.Аймауытовтардың шығармашылық мұралары
- •54.Ұлттық Ғылым Академиясының қалыптасуы және ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі
- •55.Мемлекеттің «Мәдени мұра» бағдарламасы – мемлекеттік мәдени саясаттың басты саласы.
- •56.«Мәдени Мұра» бағдарламасының мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •57.Жәңгір хан –реформатор билеуші. Бөкей Ордасындағы тұңғыш мұсылман-еуропалық мектептің ашылуы
- •58 Қазақстанның рухани өткенін зерттеудің өзектілігі неде?
- •59.Қазақ тілі- қалыптасу барысы, ерекшеліктері мен бүгінгі күндегі жағдайын талдаңыз
- •60.Араб-қыпшақ сөздіктері. Рабғұзидің «Қиса уль анбия» еңбегі және оның діни-рухани мазмұны неде?
45. «Бекмаханов ісінің» мәні
Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйе қырқыншы жылдардың соңы мен елуінші жылдардың басында өзінің шарықтау шегіне жетті. Елде Сталиннің жеке басына табыну белең алды. Интеллигенцияға қатысты еркін ойды қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі басталды. Ахмет Жұбанов Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов т.б. зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Көрнекті ғалымдар Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтер қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болды. Ленинград пен Мәскеуде "Ленинградтық іс", "дәрігерлер ісі" "қолдан жасалып" жатқан кезде, Қазақстанда "Бекмаханов ісі" пайда болды. Тарихшы Ермахан Бекмаханов (1915-1966) соғыс жылдарында Алматыда болған белгілі тарихшылар А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, В.Д.Греков және т.б. бірігіп 1943 жылы "Қазақ ССР" тарихын әзірлесе, ал 1947 жылы "Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында" атты монография дайындаған еді. Оның Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысты көзқарасы ұлтшылдық сипатта-саяси зиянды деп саналды. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.Сөйтіп, Е.Бекмаханов 1952 жылдың 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды. Тек Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954 жылдың 16 ақпаны күні Бекмахановқа КСРО ішкі істер министрлігі оның үстінен қозғалған істің тоқтатылғанын мәлімдеп, бостандыққа шығарады.
46. Ә.Х.Марғұланның қоғамдық-шығармашылық қызметі
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11.5.1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12.1.1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтыңшығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді. Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседi. Ол сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеулер iсiнiң дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзiне алғаш таныстырған Ш.Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулердi жүргiзген Әуезов болса, кейiннен осы дәстүр Мағұланның «Шоқан және Манас» атты мо-нографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмiр шындығы, жырдың шығу тегi, дәуiрi, кейiпкерлерi мен көркемдiк кестесi және манасшылардың жырды жетiлдiрудегi қызметi‚ т.б. жөнiнде ғылыми маңызы жоғары пiкiрлер айтты.1957–1967 ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Әуезов, С.Бәйiшев, С.Мұқанов, Қ.И.Сәтбаев, А.Нүсiпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.1976–1984 ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырадыМарғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнерi) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғыл.-зерт. жұмыстар, 100-ден астам энциклопед. мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады. М-ның ғыл. еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне ау-дарылды. 1991 жылы Қазақстан ҰҒА-ның Тарих, археология және этнология институтындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екiбастұз, Жезқазған қ-лары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер М. есiмiмен аталады. Павлодар қ-нда мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ҒА-ның Уәлиханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған
