
- •42.М.Дулатовтың шығармашылығы.
- •43. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
- •44. Ұлы Отан соғысынан кейінгі мәдениет. Әдебиет. Ғылым.
- •45. «Бекмаханов ісінің» мәні
- •46. Ә.Х.Марғұланның қоғамдық-шығармашылық қызметі
- •47.Қазақ зиялыларын «ұлтшылдар», «байшылдар», «космополит» айыбымен қуғындалуы
- •48. 1937-1938 Жылдардағы қуғын сүргін саясатының рухани мәдениетке әсері
- •49.М.Әуезов және «Абай жолы»
- •50. 1970 -80 Жылдардағы мәдени өмір
- •51.1990 Жылдардағы мәдениет, ғылым, білім.
- •Екінші кезең
- •52.Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің даму бағыттары
- •53.Ш.Құдайбердіұлы, м.Жұмабаев, ж.Аймауытовтардың шығармашылық мұралары
- •54.Ұлттық Ғылым Академиясының қалыптасуы және ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі
- •55.Мемлекеттің «Мәдени мұра» бағдарламасы – мемлекеттік мәдени саясаттың басты саласы.
- •56.«Мәдени Мұра» бағдарламасының мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •57.Жәңгір хан –реформатор билеуші. Бөкей Ордасындағы тұңғыш мұсылман-еуропалық мектептің ашылуы
- •58 Қазақстанның рухани өткенін зерттеудің өзектілігі неде?
- •59.Қазақ тілі- қалыптасу барысы, ерекшеліктері мен бүгінгі күндегі жағдайын талдаңыз
- •60.Араб-қыпшақ сөздіктері. Рабғұзидің «Қиса уль анбия» еңбегі және оның діни-рухани мазмұны неде?
44. Ұлы Отан соғысынан кейінгі мәдениет. Әдебиет. Ғылым.
Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі.Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді.Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді.