Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267.69 Кб
Скачать

4) А.Байтұрсынов бойынша:

Зат есімде екі қалып бар: 1) жай қалып нәрсенің битарап күйіндегі есімнің түрі, мәселен, жекеше: ата, дене, белбеу, үй. Көпше: аталар, денелер, үйлер.

2) тәуелді қалып – бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін көрсеткендегі сөздің түрі. Тәуелдік 2 түрлі: оңаша және ортақ.

Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді. Ортақ тәу-к бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меншіктеуін көрсетеді. Тәуелді қалыпта 3 жақ бар: 1-мендік, 2-сендік, 3-бөгделік. Мыс: мендік үйім, сендік үйің, бөгделік үйі. Ал ортақ тәу-кте біздік атамыз, сіздік атаңыз, бөгделік атасы.

28-Бұйрық рай (мағынасы, жасалуы, жіктелуі).

1) А.Байтұрсынов бойынша:

Етістікте 14 рай бар:

-тұйық рай - билік рай -ашық рай -шартты рай

-ереуіл рай - реніш рай -қалау рай -сенімді рай

-сенімсіз рай - мұң рай -көніс рай -қайрау рай

-азалы рай -теріс рай

А.Б. топтастырыуында бұйрық рай жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық рай формасына мына рай түрлерін ұқсастырып қарауға болады:

Билік рай дейміз – істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз үрін. Әр етістіктен түбірі мен тұқылын алып, билік рай түрінде жіктеп айтып көрейік. Мыс:

1-жақ: Жазайын, жазбайық

2-жақ: жазба, жазбаңдар

3-жақ:жазсын, жазбасын.

Қайрау рай дейміз – істі істеуге я істемеуге қайрай сөйлегендегі сөз түрін. Мыс: барайыншы, бармайыншы, баршы, барсыншы.

Азалы рай дейміз – қайрау райдың азамен айтлатын түрі. Мыс: жүрсейші, қалсайшы, барсайшы.

Реніш рай – істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: 1-жақ: жазсамшы, жыласамшы; 2-жақ: жазсаңшы, 3-жақ: жазсайшы.

2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:

Сөйлеушінің қимыл, іс-әекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің гр-қ категориясы рай категориясы деп аталады. Етістік райының 4 түрі бар: ашық, бұйрық, шартты, қалау.

Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды. Ғылым таппай мақтанба. Енді сен жүре бер.

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады. Мыс: бұлбұл құс әнге салсын. Алма өссін, бұршақ жарсын.

1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап 1-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен шығару керек деген де пікір жоқ емес. Мыс: Сөйле десең, сөйлейін, сөз келгенде... Алдымда толған мақсат, алайын, мынасын ба, анасын ба?

Сөз жоқ, бұйрықтық мағынаны білдіруде 2-жақ пен 1- және 3-жақтардың арасында айырмашылық бар екені көрінеді.

Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3-жақта және жекеше-көпше түрлену бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

І. Мен бар-айын, кел-ейін, сөйле-йін. Біз бар-айық, кел-ейік.

ІІ. Сен бар, кел. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер.

ІІ. Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер.

ІІІ.Ол бар-сын, кел-сін. Олар бар-сын, кел-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың 1-жағында жекеше –айын, -ейін, -йын, -йін, көпше –айық, -ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымша жоқ, бірақ бұл етістіктің тұлғасы емес, нольдік форма, өйткені түбір болса, сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі – гр-қ тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі мен түбір тұлға омоформа болып табылады. Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түрінде ертеде –ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың 2-жақ сыпайы түріндегі және 2-жақ көпше түрінің құрамындағы –ың, -ің, -ң қосымшасы (ал-ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сондай-ақ бұйрық рай формасының үш жағына да –шы,-ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі

орындау туралы өзіне, тыңдаушыға және бөгде адамға не затқа қаратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді: айтайын-шы, айт-шы, айтыңыз-шы, айтсын-шы. Сөздердің мағынасы айтылу сазына, интонацияға да байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]