Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267.69 Кб
Скачать

1) А.Байтұрсынов:

Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт көрсететін сөздің түрін. Мыс: Берсең аларсың, ексең орарсың. Алуға – беру шарттығын, оруға – егу шарттығын «берсең, ексең» сөздері көрсетіп тұр. Жіктеу: І. Күрессем; ІІ. Күрессең; ІІІ. Күрессе.

2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:

Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындау мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-гр/қ категориялар тұлғаларына –са,-се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлғ болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Мыс: айтсам, айтсаң, айтса.

Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да,де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде де жұмсалады. Мыс: көзімді ашып қарасам, екі адам қарауытып тұр екен.

Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, армен, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнәнде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мыс: шіркін, биыл оқуға түссем!

Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етті, ма, ме сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтінішін, өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, жолық-са еді.

Сондай-ақ –са,-се тұлғасына –шы,-ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, 2-жақта кейде –ң жіктік жалғауының орнына –й тұлғасы айтылады. Мен бар-са-м-шы. Сіздер бар-са-ңыздаршы. Мұндайда етістік таза шарттылық мәннен гөрі ниет, тілек шартты мәнді көрсетеді.

Шартты райлы ет-к игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді. Болжамды мәнді керек сөзімен тіркесіп білдіреді: айт-са керек.

3) А.Ысқақов бойынша:

Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздерніе -са,-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалы етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйленің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді. Мыс: олар келсе, бәріміз киноға барамыз.

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Мыс: мен бар-са-м, сен бар-са-ң, ол бар-са. Шартты рай формасының дәйім жіктеліп жұмсалатынына 2 себеп бар:

1) «еді» көмекшісімен тіркестіріліп қолданылғанда да, шартты форма жақ қосымшасында тұрып жіктеледі. Мыс: барсам еді, айтсаң едің.

2) сабақтас құрмаластардың бағыныңқы сөйлемдерінің баяндауыш формаларының ішіндегі үнемі жіктеліп жұмсалатыны – тек осы шартты форма, өзге формалар жітелмейді.

Шартты рай формасының жіктелуі түріне –шы,-ші дәнекері тіркесіп жұмсала береді, бірақ бұл шартты форма шарт мәнінен айырылып, қапы қалу, опық жеу, өкіну тәрізді мәнді білдіреді: сен барсаңшы.

26-Демеулік шылау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]