Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз

Еуразиядағы халықтардың Ұлы қоныс аударуы, Вестгот корольдігінің тарихы мен тағдырына өз әсерін тигізбей қоймады. Вестгот корольдігі, 418 жылы оңтүстік Галлия жерінде құрылған алғашқы корольдік болып, ол Ғұн державасымен саяси қарым-қатынастарға барып отырған.

Жалпы айтар болсақ, Вестгот корольдығы Ұлы қоныс аудару кезеңінде өзінің маңызды ролін атқарғанын байқаймыз. 401 жылы Вестгот королі Аларих Солтүстік Италия жеріне үлкен жорық ұйымдастырған тұста, Батыс Рим империясының ахуалы өте нашарлаған еді, өйткені Еуропаға келіп орнығып алған ғұндар Паннония жерінен свев, вандал сияқты герман тайпалары мен аландарды өз жерлерінен ығыстырып шығарғандықтан, олар Батыс Рим империясының жеріне өте бастаған еді [47. 182-184 б.б.].Вестготтар мен ғұндардың арасында соқтығысқан жері Днестрдің жағалауында болды. Осы жерде вестготтар қатты соққының әсерінен, олар жеңіліп екіге бөлінеді. Атанарих бастаған бір бөлігі Карпатқа кетсе, ал Фритигерн бастаған бір бөлігі Римнен көмек сұрады [13. 150 б.]. Осының негізінде, 376 жылы ғұндардың қысымына шыдамаған вестготтар Дунайдан ары өтіп, Рим өкіметінің рұқсатымен Рим провинциясы Мезияға қоныстанып, римдіктерге бағынуға және әскери қызмет етуге міндеттенеді. IV ғасырдың 70-жылдары ғұн шапқыншылықтарынан қашқан батыс готтар, бірте-бірте Батыс Рим империясының территориясына ене бастайды. Кейіннен олар Батыс Рим империясына шабуылдар жасай бастады. Сөйтіп, готтардың шапқыншылықтары бара-бара уақыт өткен сайын Батыс Рим империясының әлсіреуіне себепкер болды [47. 183 б.]. Осылайша, остготтардың көршілері вестготтар ғұндар шабуылынан қорқып, өздерінің жанұялары мен туған жерлерін тастап, Дунай арқылы Рим империясының территориясына өтті. Сөйтіп 376 жылы Рим үкіметі оларды өз федераттары империя одақтастары ретінде Мезияға (қазіргі Болгарияның бір бөлігі) орналастырды. Федераттар ретінде шекара аймақтарына орналасқан вестготтар өзінің басқару жүйесі мен әдет-ғұрпын сақтады және шекараны қорғау үшін әскери қызмет атқаратын болды. Бірақ Рим үкіметі уәделерін бұзып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етпеді. Рим шенеуніктері тарапынан болған қорқытып-үркітушілік, зорлық-зомбылық вестготтарды көтеріліске итермеледі. Оларға басқа германдық варвар тайпаларынан әскерлер және Дунайдан ғұндардың бір бөлігі келіп, қосылды. Вестготтарға Фракияның кендерінде жұмыс істейтін кен қазушылар және римдіктердің құлдығында болған көптеген варвар германдықтар айтарлықтай көмек көрсетті. 378 жылы Адрианополь маңында болған шайқаста рим әскерлері гот атты әскерлерінен тас-талқан болып жеңілді. Ал император Валент қаза болды. Еуропадағы ғұн тайпаларының қысымынан вестготтар батысқа қарай жылжып, өзінің мемлекетін құра білді. Багаудтардың халықтық көтерілісі мен император тағына үміткерлердің бүлігі және ір түрлі варвар тайпаларының басып кірулері Галлиядағы Римнің билеп-төстеуіне кедергі келтірді. Галлиядағы Рим өкіметі вестготтарға нәтижелі қарсылықтар көрсете алмады. Вестготтар бірнеше жылдық ұрыстардан кейін империя үкіметінің келісімімен федераттар ретінде оңтүстік-батыс Галлияға (Аквитанияға) қоныс тепті. Мұнда 418 жылы Рим империясының территориясында бірінші варварлық мемлекет – астанасы қазіргі Тулузада (Франция) болған Вестгот корольдігі пайда болды. Сөйтіп, ғұндардың ығыстыруымен батысқа жылжыған вестготтар V ғасырда екінші жартысында Луара мен Дюранстың оңтүстігіне қарай бүкіл Галлияны және Испания территориясының үлкен бөлігін де жаулап алды [36. 210-211 б.б.].

Сөйтіп, ғұндардың қысымына ұшырап, өздерінің қоныс аударуының кезінде әсіресе, жоғарыда айтқан шығыс герман тайпалары готтар сапар шекті. Біздің заманымыздың екінші ғасырында-ақ олар солтүстіктен Балтық бойына іргелес жатқан аймақтардан Қара теңіздің бойына (Днестр мен Днепрдің төменгі ағысындағы бассейніне) қоныс аударды. Днестр мен Дунайдың төменгі жағын қоныстанған вестготтар, Днестрден шығыста Қара және Азов теңіздерінің жағалауына дейінгі аймақтарды иемденген готтарды остготтар деп атады. Осы арадан готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасап отырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]