Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз

Ғұн шапқыншылығынан құтылу үшін 376 жылы вестготтар Шығыс Рим империясы үкіметінен өздерін қорғауларын өтінеді. Олар төменгі Дунайдың оң жағалауы Мезияда орналасқан еді. Арада көп уақыт өтпей рим әкімдерінң вестготтардың ішкі істеріне араласуы және келісілген мәселелерді дер кезінде орындамауларына наразы болған вестготтар көтеріліс жасайды, оларға басқа да варварлар тайпаларынан бөлімдері қосылады. 378 жылы Адрианополь түбіндегі шешуші шайқаста рим әскерлері талқандалып, император Валент мерт болады. 982 жылы жаңа император І Феодосий көтерілісті басып, вестготтарға тек Мезияны емес, сонымен қоса Фракия мен Македонияға орналасуларына мүмкіндік береді. 395 жылы көтеріліс қайта басталып, Грецияны тонайды және римдіктерді жаңа провинция – Иллирияны берулеріне көндіреді. Олар сол жерден 401 жылдан бастап Италияға жиі шабуылдап тұруға мүмкіндік алды. Батыс Рим армиясы бұл кезде көбіне варварлардан құрылған еді. Олар бірнеше жылдар бойына вандалдар мен басқа да германдықтардың шабуылына тойтарыс беріп тұрды. Көп кешікпей римдіктер вестготтықтар тегеуіріне шыдамай варварларға тойтарыс бере алмайтын жағдайға жетті. 410 жылы Аларих көп қоршаудан кейін Римді алады, оны тонап, Италияның оңтүстігне қарай жылжиды; онда Сицилияға өтпекші ойы орындалмай, жолда ол өледі. Алайда Батыс Рим империясының үкіметі Шығыстан әскери көмек алып жағдайды тез арада түзеді. Вестготтармен келісім жасалып, Аларихтың мұрагері Атаульф император Гонорияның қарындасына үйленіп және Аквитания жеріне орналасуға келісім алды. 412 жылы вестготтар Галлия мен Испанияда империя жауларына қарсы күреседі. Бірте – бірте Оңтүстік – Батыс Галлияға федерат түрінде еніп империя территориясында 418 жылы алғашқы варварлық мемлекет негізделеді. Юлий Цезарьдың «Галль соғысы туралы жазбаларындағы» және онымен замандас басқа антиктік авторлардың шығармаларындағы деректер германдықтардың біздің заманымызға дейінгі І ғасырдың орта кезінде тайпалық құрылыста өмір сүргендігін дәлелдейді. Әр түрлі герман тайпаларының қоғамдық даму деңгейі біркелкі болған жоқ. Бір қатар тайпалар, әсіресе Солтүстік Германия мен Ютландияда, сол кездің өзінде – ақ отырықшы өмір сүрген. Бұл тайпалардың шаруашылығында егіншілік басты роль атқарды. Жер өгіз жетілген соқамен өңделіп отырылды. Біздің заманымыз басталғанға дейін – ақ германдықтарда жеңіл доңғалақты соқа қолданылған. Кейбір герман тайпалары біздің заманымызға дейінгі І ғасырда ие болған территорияға түбегейлі отырықтанған жоқ, бұл ішінара Цезарь соғыс жүргізген германдықтарға қатысты. Оларда римдік қолбасшының байқауына қарағанда, мал шаруашылығы мейлінше маңызды болған. «Олар егіншілікпен оншама ынта қойып шұғылданбайды, - деп жазды Цезарь – және негізінен сүтпен, құртпен және етпен қоректенеді». Герман тайпаларының жер өңдеу мәдениеті сол кездегі римдік жер өндеу мәдениетінен анағұрлым артта болғанымен, Цезарь жазып отырған тайпаларда да маңызды роль атқарған. Мұндай тайпалардың қоныс аударуы тіпті де номадтардың әдеттегі көшпенділігі емес еді. Олардың оқтын – оқтын ілгері қарай жылжып отыруы жаңа жерге деген мұқтаждықтарынан еді, бұл егіншіліктің экстенсивті сипатымен байланысты болатын. Германдықтар да, қоғамдық дамудың дәл сондай сатысында тұрған басқа тайпалардағы сияқты, бұл кезде көбінесе егіншіліктің тыңайту жүйесі қолданылды. Мұндай жүйе жағдайында құнарлылығын қалпына келтіру үшін жердің едәуір бөлігін ұзақ уақытқа тыңайтуға тастап, жыртылатын жер учаскелерін үнемі ауыстырып отырды.