
- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
Еуразияның шығыс бөлігінен батысқа қарай тез қарқынмен алға қарай бет алған ғұндар, ІV ғасырдың ортасында Еділ мен Дон арасындағы аймаққа басып кірді. Жол-жөнекей оларға алғашқылардың бірі болып, аландар қарсы шықты. Солтүстік Кавказдағы аландарды жаулап алып, Боспор патшалығын талқандаған ғұндар Дон өзенінің арғы бетіне өтеді. ІV ғасырдың екінші жартысында Еділ-Жайық өңіріндегі ғұндар Қара теңіздің солтүстік жағалауын жаулап алғандығы жоғарыда айтылды. Осы Қара теңіздің солтүстік жағалауын жаулап алып, сарматтарды бағындырған кезде, ғұндарға аландар табан тіресе қарсылық көрсете алды. Бірақ, даланың соғыс өнерін жетік меңгерген ғұндар 370-372 жылы аландарға ойсырата соққы беріп жеңіске жетті. Аландардың бір бөлігі ғұндарға бағынғанымен, бір бөлігі Рим империясының жеріне өтіп кетті.
Сондықтан, олар кейіннен Батыс Рим империясына қызмет етуге мәжбүр болды. Батыс Рим императоры Грациан өзенінің әскери жасақтарын осы аландардан құраған. Батыс Рим империясына қызмет еткен аландардың басшысы Сангибан 451 жылы Аттилаға қарсы соғысудан сескеніп, оған өз еркімен берілмекші болды. Дегенмен, кейіннен Сангибан Батыс Рим империясының басшыларының айтқанынан шыға алмай, өз әскерімен бірге варвар тайпаларының, Ғұн және Батыс Рим империяларының арасында болып өткен Каталаун шайқасына қатысты. Әлем тарихында «Каталаун шайқасы» деп аталатын халықтар шайқасында, аландардың әскери күші толығымен талқандалды [50. 210 б.]. Ғұндарға қарсы Еуропада белсенді қимыл көрсеткен тайпалардың бірі остготтар болды. Сондықтан да, батыс деректері негізінде олардың ғұндармен арасында болған қарым-қатынастарын бір ізге түсірмес бұрын готтарға тоқтап кетудің ешқандай да артықшылығы жоқ сияқты. Қалай болған күнде де готтардың батысқа жылжуына ең алдымен ғұндардың шапқыншылығы көп әсерін тигізді. Олардың ара қатынасы ушыққан уақыт деп ІV ғасыр деп үшінші ширегі деп айтуымызға толық негіз бар. Себебі, ІV ғасырдың екінші жартысында ғұндар қуатты мемлекет құрған соң, өздерінің саясатын іргелес қоныстанған елдерге таңа бастайды. Олар ең алдымен осы уақыттарда Қара теңіздің солтүстік жағалауларын жаулап алы, сарматтарды, одан кейін аландарды бағындырғанын біз айтып өттік. Сөйтіп, солтүстік ғұндардың Еділ мен Жайық аралығын мекендеген бөлігі Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі аймақты өздеріне бағындырады да, әскери жорықтарын өршіте бастайды. Осы кезде остготтар оларға қарсы тұрды. Остготтарды мемлекеттік деңгейге шығарған Эрманарих тұсында аландар, сарматтар осы тайпалық одаққа бағынышты болды. Бұл жерде, әрине ең алдымен 375 жылғы ғұндардың шабуылы шешуші роль атқарғанын айта кеткен жөн. 375 жылы ғұндар Оңтүстік-шығыс Еуропадағы Остгот королі Эрманарихтің көп тайпалы державасын тас-талқан етті. Осы жылғы шайқаста Остгот королі Эрманарих өзін-өзі өлтірді. Осы оқиға бірқатар қозғалыстардың басталуына себепші болды, мұның өзі Ұлы қоныс аударудың басталуы еді. Эрманарих қайтыс болғаннан кейін остготтар тайпалық одағы ыдырай бастайды [31. 197-198 б.б.]. Остготтар мен ғұндар арасындағы саяси қарым-қатынастарды үлкен-үлкен екі кезеңге бөлуге болады. Бұл кезде остготтар ғұндарға толық тәуелді болып тұрды. Тіпті бірнеше жылдар бойы кіріптарлыққа түсті. Одан кейін Италияға қарай ығысып, Батыс Рим империясының шекараларынан пана іздей бастады. Олар батысқа қарай жылжу арқылы ғұндардың тәуелділігінен құтылуға ұмтылды. Бұл жағдайлар халықтардың қоныс аударуының бірден-бір көрінісі болды. Екінші кезеңде, остготтар өздерімен туыстас тайпаларымен бірге ғұндарға қарсы тұрды, өйткені олар өздерінің территориялары мен байлықтарынан айырылғысы келмеді. Осы мақсатпен олардың кейбір бөліктері кейіннен Каталаун шайқасына қатысты. Осылайша, остготтар өз мемлекетін жойдырып жіберген соң, қайтадан біріге алмады. Остготтар Батыс Еуропа халықтарының этногенезіне өзіндік үлесін тигізді деуге болады. Қысқаша айтқанда, остготтар мен ғұндардың саяси байланысының ІV-VІ ғасырлардағы Еуропада орын алған маңызды оқиғалармен ішінара болса да қатыстылығы байқалады.
Остготтар тек Ғұн империясы әлсірегеннен кейін ғана қайта бас көтере алды. Себебі, 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін, оның ұрпақтары арасында ауызбірлік болмай, ғұндар жан-жаққа бөлініп, ол бөліктердің әрқайсысы ір түрлі мемлекеттің немесе тайпалардың арасына сіңісіп кетеді. Ғұн мемлекеті құлаған соң, остготтар Дунай аймақтарына, Паннонияға және Фракияға келіп қайта қоныстана бастады. Олар Шығыс Рим империясының федераттары болды. Атақты Амал руынан шыққан остготтар көсемі Теодорихтің патриций және елші деген римдік атақтары бар еді. 488 жылы Теодорих өз қоластына остготтардың едәуір бөлігін біріктіріп, Шығыс Рим императоры Зенонмен келісе отырып, бұл кезде Одоакр басқарып отырған Италияға жорық ұйымдастырды. Одоакр остготтардан бірнеше рет жеңіліс тапты, бірақ оған Равеннаның бекініс қабырғаларының арғы жағында тұрып қорғануға тура келді. Теодорих пен Одоакр келісімге келді. Бірақ, аз уақыт өтпей-ақ Одакрді Теодорих сатқындықпен өлтірді. 493 жылы Италияда остгот корольдігі құрылды. Сөйтіп, IV ғасырдың аяқ шенінде ғұндардың қысымына ұшырап, олардан жеңіліс тауып, өз корольдігінен немесе өз мемлекеттігінен айырылған және батысқа қарай жылжып, жан сауғалаған остготтар тек бір ғасыр уақыттан кейін ғана өз мемлекетін қайта қалпына келтіре алды. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуірінде батысқа көшкен остготтар, енді ғұндар мемлекеті ыдырағаннан кейін өз отандарына қайта орала бастады. Ғұндар бұл жылы остгот, герул, генид тайпаларын бағындырады да, Кавказ елдеріне шабуылын бастайды. 395 жылы олар Кавказдан өтіп, Кіші Азияға басып кіреді. Біздің ойымызша, ғұндармен бірге осы жорыққа остготтар да қатысуы мүмкін. Әрине, бұл мәселеге арнайы зерттеуді қажет етеді