Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.

Шығыс Рим империясының ғұндармен осы кезде орын алған қарым-қатынастары тікелей Ульдиннің тұлғасымен байланысты болды. мысал ретінде келесі оқиғаны айтуға болады. 400 жылы германдық бүлікші Гайнас Фракия арқылы төменгі Дунайға өтуге әрекет жасады. Ол өзінің талқандалған әскерінен аман қалған азғантай қолымен Дунайдан өте алды. Бірақ ол бұл жерде оған шабуыл жасамақшы болған Ульдинге тап болады. Ульдин болса, Гайнасқа екі себеп бойынша шабуылға шықты. Ол біріншіден, бөгде армияның Дунайдың солтүстігінде еркін жүргенін қаламады, екіншіден Гайнастың көзін құртып Шығыс Рим империясына қызмет етемін деп ойлап қол жинайды. Сөйтіп, германдықтар бірнеше рет қақтығысып, ақырында Гайнасты өлтіреді. 401 жылдың 3 қаңтарында оның басы Константинопольге жеткізілді. Ал, 408 жылы ғұндардың Дунайдың төменгі облыстарына шабуылдары қайта басталып, осы жылы Ульдин бастаған ғұндар Дунайдан өтіп, Мезияда орналасқан КастраМартис қамалын алды. Бұдан соң, ғұндар Фракияға басып кірді де, римдіктер оны мол сыйлықпен паралап, олардың беті қайтармақшы болады. Бұл әрекетті Фракиядағы армияны басқарған римдік қолбасшы жасамақшы болады. Ол Ульдинге келгенде, Ульдин одан бейбітшілік үшін өте көп ақша сұрайды, бірақ римдік қолбасшы саспай тауып береді. Ол Ульдинмен келіссөздерді жалғастыра отырып, жас армиясының командирлерімен құпия келіссөздер жүргізеді Бұл жерде Шығыс Рим империясы дәстүрлі әрі дағдылы тәсілі – пара беруге көшкен сияқты. 412 жылы Шығыс Рим империясының үкіметі ғұндармен дипломатиялық қатынастарды қайта орнатты. Олимпиадор еңбегінен алынған үзіндіден оның миссия құрамында Константинопольден ғұндарға жіберілгенін түсінеміз. Жолда елшілер Қара теңізде дауылдың астында қалады, бірақ ғұндардың королі Донатқа аман-есен жетеді. Келіссөздер барысында елшілер Донатты сатқындықпен өлтіреді. Оның корольдігі күш жинай бастаған еді және сондықтан префект Антемий басқарып отырған Шығыс Рим империясының өкіметі қауіптің басын осындай жолмен қайтармақшы болды. Донаттың орнын басқан ХаратонОлимпиадор мен оның достарына қырғи-қабақпен қарады. Бірақ елшілер мұндай жағдайға дайын еді, олар Феодосийдің атынан Харатонға бағалы сыйлықтар тартады. Император сыйлықтары жаңа билеушінің «көңілін тауып» ашуын басты да, бейбітшілікті қайта орнатты. Осыдан кейін, ұзақ мерзімді үзілістен кейін, 422 жылы ғұндар Фракияға қайта шабуылға шықты. Бірақ олардың бетін қалай қайтарылғандығы туралы мәлімет жоқ. Шығыс Рим империясының ғұндармен қатынастарының келесі бір қызған кезеңі Ругила билік еткен жылдар болатын. Ол сол кездегі ғұндардың мықты одағын басқарды, бірақ билікті бауырлары Октар және Мундзукпен бөлісті. МундзукАттила мен Бледаның әкесі болатын. Бауырлар ғұндардың өздеріне тиесілі бөлігін билеп отырған сияқты. Ругила мен Октардың, Мундзуктың ата-тектері жайлы мәлімет доқ. Бірақ Октар ағасынан бұрын. қайтыс болғаны себебі 432 жылы тарих сахнасына шыққанда Ругила жеке билеуші болатын. Ругила бастаған ғұндар Шығыс Рим империясымен қатынастарын үзбеген. 434 жылдың алғашқы айларында Константинопольге Ругиланың елшісі Эсла келді. Ол Ругиланың қатаң талабын айтты. Өйткені, римдіктер одан қашқан адамдарды қайтаруы тиіс еді. Әйтпесе Ругила империляға соғыс жариялайтынын айтты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]