Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс

IV – VІ ғасырда варвар тайпалары Рим империясын құлатқан кезең Еуропа тарихына халықтардың Ұлы қоныс аудару заманы ретінде енді. Аталған тарихи кезеңде бүкіл Еуразияны қамтыған және оның саяси, этникалық мәдени бейнесін өзгерткен процестер өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы тарихи поцестер нәтижесінде антика заманынан келе жатқан өркениеттің күйреп, феодалдық қатынастардың орныға бастаған дәуірі еді. Варварлық басып кірулердің Европа тарихы үшін зор маңызды болды. Бұл басып кірудің нәтижесі терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұқара халықтың күресінен күні біткен Батыстаға құл иеленушілік Рим империясының құлауы болды. Европаның саяси картасы өзгерді. Бұрын Батыс Рим империясы қамтыған теритррияларда 5 ғасырдың аяғы мен 6 ғасырдың басында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттер пайда болды. Батыс Европаның әлеуметтік – эконмикалық және саяси құрылысында терең өзгерістер болды. Варварлардың римдік жер иеленушілерді жекелеп немесе толық экспроприциялауы шаруашылықтың құл иеленушілік жүйесіне күшті соққы болып тиді және оның әлде қашан ерте басталған ыдырауын тездетті. Қоғамның құрылысы өзгерді. Германдықтардың Батыс Рим империясы территориясына қоныстануы нәтижесінде өнім өндіруші көпшілік арасынан ерікті ұсақ жер иеленуші – қауымдастар маңызы орын ала бастады. Құл иеленушілік қоғамнан гөрі прогрессивті феодалдық қоғамға өтуге күшті кедергі болып келегн Рим құл иеленушілік мемлекетті жойылды. Батыс Рим империясының құлауы және оның территориясында варварлық германдық корольдіктердің құрылуы, Римнің құл иеленушілік құрылысы мен рулық құрылысының орнына германдық феодалдық құрылысты әкелген терең әлеуметтік төңкеріс пен әлеуметтік ревалюция болып саналды. Варварлық корольдіктер жаңа феодадық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды, оларда Батыс Европаның жаңа халықтарының тууы жүріп жатты. Қазіргі заман тарихи – демографиялық зерттеулер Орта ғасырдағы халықтардың жаппай қоныс аударуының басты тенденциясын және оған әсер еткен факторлардыанықтауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл зерттеулер сонымен қатар ірі миграциялық процестер жүрген сол дәуірде – адамдардың аса үлкен топтарының қоныс аударуының нәтижесінде еуропа континентінің этникалық бет – бейнесі түзеліп, оның мәдени және шаруашылық игеру процесі жүзеге асқан. Отырықшылдыққа көшудің нәтижесінде тұрмыс дәрежесінің көтерілуінің салдары, халықтың өсуі де «Ұлы қоныс аудару» факторларының бірі болды. Сонымен бірге герман тайпалары сырттан да қысымға ұшырады. Олар қоныстану үшін жерлерді керексінген көршілерінің шабуылдарын да бастан кешірді. Территорияға деген ерекше қатты мұқтаждықты Азияның көшпелі тайпалары бастан өткерді, олар өздерінің тәсіліне байланысты кең байтақ кеңістікке ие болуға тырысты. Егінші тайпалар көшпелілердің саны көп атты әскерін ойдағыдай қарсылық көрсетуге қабілетсіз болғандықтан, орын тепкен территорияларын қалдырып кетіп отырды да, өз кезінде қонысатануға жарамды аймақтары үшін басқа варвар тайпаларымен немесе Риммен күрес жүргізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]