Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны

Алғашқы кезде Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланыпты. 1973 жылы шілде айында Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшысы кездесіпті. Сол кездегі келісім-шарттың қорытындысына 1975 жылы қол қойылып, ол тарихта «Хельсинки келісімі» деген атпен қалды. Яғни, бұл қорытынды акт ЕҚЫҰ-ның негізін қалыптастырушы басты құжат болып есептеледі. ЕҚЫҰ-ның да тарихы негізінен осы жылдан басталады Алғашқыда оның құрамында 35 ел болды. Қазір онда Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 мемлекеті бар. Құрылғанына 40 жылдай уақыт болған ЕҚЫҰ —  әлемдегі ең беделді ұйымның бірі. Ол үш бағытта жұмыс атқарады — қауіпсіздік, ынтымақтастық және адам құқы. Жетпісінші жылдары бұл ұйым тек Еуропадағы кеңес ретінде құрылды. Тоқсаныншы жылдары күрделі өзгерістер болып, бүгінгі аты беріліп, заңдастырылды. БҰҰ Жарғысына сай, ұйымның міндеті — Еуропада болуы мүмкін дағдарыстың, жанжалдардың алдын алу, болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтары, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық процестерді дамыту, т.б. ЕҚЫҰ-ның басқарушы органы - Тұрақты кеңес. Аталған ұйымға мүше елдердің басшыларының және үкімет басшыларының кездесуі - ЕҚЫҰ саммиті сирек өткізіледі. Қырық жылдай уақытта жоғары дәрежедегі осындай саммит тек алты рет қана болыпты, олардың қатарында 1975 жылғы ұйымның негізгі құжатын қа­былдаған Хельсинки саммиті, 1990 жылғы Жаңа Еуропа Хартиясына қол қойылған Париж саммиті, 1994 жылғы ұйымның негізгі құрылымын өзгертуге шешім қабылдаған Будапешт сам­миті, 1996 жылғы  «ХХІ ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және жан-жақты қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы дек­ла­рация, «Қарулануға бақылаудың негіздері» және «Қауіп­сіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» туралы құжаттарды бекіткен Лиссабон кездесуі және 1999 жылғы Еуропа қауіпсізді­к Хартиясына қол қойылған Стамбул саммиті бар.

60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз

ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінде көрсетілген ұсынысқа сәйкес осы мәселенің тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы 1993 жылы Тұрақты даму жµніндегі комиссия құрды. Аталған комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің функционалдық комиссиясы болып табылады. Ол жыл сайынғы конференцияларда ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінің мәселелерін үнемі қарастырып отырады. Ол 1998 жылы өзінің алтыншы сессиясында білім және ақпарат бойынша кең көлемді резолюция қабылдады. Бұдан басқа ол жүргізілетін жұмыстардыњ ауќымды баѓдарламасын бекітті, онда мемлекеттерге тұрақты даму мақсаттарын барлыќ дењгейдегі білім беру бағдарламаларына енгізу ұсынылады жєне олардыњ осы баѓыттаѓы іс-ќимылдарына ќолдау көрсетілетіні атап өтіледі. ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібі шеңберіндегі Балтық теңізі аймағындағы тұрақты даму мүддесінде білім беру саласындағы қызметті, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экологиялық білім беру бойынша Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің Жұмысшы тобының; экологиялық білім беру бойынша Орталық Азиялық мемлекетаралық жұмысшы тобының және экологиялық білім беру мәселелері бойынша Солтүстік Америка ассоциациясыныњ ќызметін ќоса алѓанда аймаќішілік өкіметаралыќ процестер жүріп жатыр. Тұрақты даму бойынша жоғарғы деңгейдегі Дүниежүзілік кездесуге арналған министрлердің Аймақтық кеңесінде (Женева, 2001 жыл,ы 24-25 қыркүйек) аталған мәселе қаралды және онда білім беру саласында бастамалар көтеруге ұсыныс жасалды. Егер нақтырақ айтатын болсақ, министрлер тұрақты дамуды іс жүзінде қалай жүзеге асыру мен оны қалай ынталандыруѓа болатыны туралы жалпы түсінікті кењейту мақсатында білім беру жүйесін жєне тұрақты даму бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу процесін жетілдіру жөнінде шешім қабылдады. 2002 жылы Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) өткен тұрақты даму бойынша жоғарғы деңгейдегі Дүниежүзілік кездесудің Декларациясы мен шешімдерін орындау Жоспарында қайта білім берудің негізгі факторларының бірі ретінде білім беру жүйесінің барлық деңгейіне тұрақты дамыту тұжырымдамасын енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Сондай-ақ Дүниежүзілік кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында 2005 жылдан басталатын Тұрақты даму мүддесінде білім берудің онжылдығын жариялауды ұсынды. Министрлердің «Қоршаѓан орта Еуропа үшін» бесінші конференциясына (Киев, 2003 жыл) дайындық барысында өкімет және үкіметтік емес ұйымдар экологиялық білім (ЭБ) дењгейін көтеруге және тұрақты даму мүддесінде білім беруге зор ынта білдірді. БҰҰ ЕЭК Ќоршаған ортаны қорғау министрлері білім беру қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі болып табылатынын жєне экологиялыќ білім беру шењберінде ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібіне енгізілген көптеген мәселелерге баса назар аударыла бастағанын мойындады; министрлер Тұрақты даму мүддесінде білім беру туралы мєлімдемені мақұлдады. Олар µзгерістердіњ шешуші факторы ретінде білім беруге ыќпал ету маќсатында барлық елдерге бастауыш білімнен жоғары білім беруге дейін және ресми емес білім беру мен оқу орындарынан тыс білім беру жүйелерін ќамтитын білім беру жүйесінің барлық деңгейіне тұраќты даму тұжырымдамасын енгізуді ұсынды. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының елу жетінші сессиясында (2002 жылғы желтоқсан) тұрақты даму бойынша жоғарғы деңгейдегі Дүниежүзілік кездесудің ұсынысы бойынша жарияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының 2005 жылдан бастап Тұрақты даму мүддесінде білім берудің онжылдығын қабылдады және осы бастаманы аймақтық деңгейде таратуда жетекші роль атќаруѓа келісті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]