Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы - әскери-саяси одақ.1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия,Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүшлік етеді . 1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мем­лекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негі­зінде тәуелсіздікті, егемендікті жә­не демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екен­дігі 1946 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон деклара­ция­сында қуатталған. Альянстың ір­гелі мақсаттарының қатарында со­ғыстың алдын алу мен тиімді қор­­ғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді ны­ғайту, шарт мүшелерінің қауіп­сіздігіне ықпал ететін дағдарыс­тарды еңсеру, басқа елдермен сая­си үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласын­дағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады. НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.

58. ШЫҰ-ның құрылуы және оның саяси қызметін анықтаңыз

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай: мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту; ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.