Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз

АҚШ-тың «Ашық есік саясаты»

Испан — американ соғысы АҚШ үшін импералистік экспансияның ары қарай өрлеуіне жол ашты. Кубаны, Пуэрто — Риконы, Филлиппин мен Гуам аралдарына кейін, 1899 жылы тағы бір Тынық мұхит базасын, яғни Самаоны басып алу көзделді. АҚШ-тың сыртқы саясатында жаңа бағыттар пайда болды. Қытай нарығын Америка капиталы бақылауы, Атлант және Тынық мұхиттарын жалғастыратын канал салуы АҚШ гегемониясын күшейтті.Бұл мәселелерді шешу үшін «Ашық есік саясаты» жарияланды. Америка империалистері Қытайды тауар мен капитал көзі ретінде тани бастады. Қытайдың ықпал ету аймағына бөлінуі АҚШ-тың қызығушылығына қайшы келді. Кейін ол Қытайды ірі ықпал етуші аймағы ретінде бағындыруды көздеді. АҚШ Қытайға көз тіккен басқа да державалардың жолын бөгемек болып, «Қытайдың қамқоршысы» ұстанымына шықты. Әсіресе, Цзяочжоу мен Порт — Артурды Маньчжуриядағы орыстардың басып алуымен Ағылшын — герман және темір жол құрылысындағы Ағылшын -орыстардың ықпалы концессиясының жасалуы қауіп туғызды. 1899 жылы 6 қыркүйекте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хэй американдық елшілерге Англия, Германия, Франция және Ресей үкіметіне «ашық есік саясатын» жариялайтыны туралы нота жіберді. Бұл қағидаға қосылуды ұсынды. Әрбір үкімет былай деп жариялауы тиіс еді:1. Мемлекет келісімдік порттың құқығына және заңына еш нұқсан келтірмейді. 2. Қытайлық келісімдік кедендік тариф барлық Қытай үкіметіне тапсырылады және тауарлармен порттарға белгіленуі керек. 3. Шет елдік кемелерден жоғары салықты алмауы тиіс. Американың ұсынып отырған бұл саясаты өзінің ықпалын Қытай нарығына енгізуді және өзінің бақылауын кеден жүйесіне орнатуға бағытталды. Англия үкіметіне жіберілген нотада мемлекеттік хатшы ұсынып отырған саясат Цинь үкіметіне екі мемлекетің де бірлесіп кұш жұмылдыруына жағдай туындағанын мәлімдеді. Қытайда әкімшілік реформалар жүргізуге үгіттеді. Көптеген губернаторлар ағылшындармен, ресейліктермен тығыз қарым-қатынаста болды. Осыдан қорыққан АҚШ өз саясатын Цинь монархиясьш күшейту үшін жүргізіп отыр деп жариялады.Англия, Германия, Франция, Жапония Хэйдің нотасын құптады. Англия өзі жалға алып отырған териториялармен Гонгконгта бұл саясаттың жүзеге аспауын қалады.Петербургге көзқарастар өзгерді. Муравьев болса, Ресей державасының экономикалық — саяси бастамаларына қарсы келмейтін мәлімдеді. Өйтпеген жағдайда Қиыр Шығыста қауіпті коалиция қалыптасуы мүмкін еді. Бұл саясатын тиімді жағыда бар: Маньчжуриямен Қытайдың аудандарында Ресейдің үстемдік жургізіп отырған аудандарының дамуына жағдай жасалды.Наразылық Витте тарапынан туындады. Ол қолға темір жол тарифтер арқылы байланыс алуға қарсы болды. 1899 жылға желтоқсанда Америка елшісі Ресей сыртқы істер министрлігінде іс сапармен болып, ұзақ тостырған сұраққа жауап беруді өтінді.Патша үкіметі «Ашық есік саясатын» Қытайдың барлық порттарында қолдануға (Ресей жалға апған жерлерден басқа). Қарсы еместігін айтты. Ал темір жол тарифтері жөніндегі мәселелерді жанай өтті. Ресей толык мақұлдаған жауап бермесе де, АҚШ оны келісім ретінде жұрт алдында жариялауды жөн көрді. 1900 жылы 20 наурызда Хэй Америка елшілеріне 6 державаның берген жауаптарын сараптап, «Ашық есік саясатының» толығымен іске асуын жариялауды жүктед. «Ашық есік саясаты» АҚШ-тың отарлық саясатының арнайы тәсілдерін құрастырудың нақты этабын көрсетті.