Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз

  Екінші дүниежүзілік соғыс фашистік Германияның талқандалуына өкелді. Неміс халқының тағдыры оккупациялық өскерлердің қолында болды. Германия экономикасы ауыр күйзелісті бастан кешіріп жатты. 1945 жылы 53 мың мемлекеттік қызметкер жүмыстарынан шығарылды. 1071 адамның мемлекеттік қызметке қайтып келуіне тыйым салынды. Кейіннен өртүрлі сылтаулармен жүмыстан шығарылған шенеуніктердің 90 %-ы қайта жүмыстарына орналасты. Тек 1 %- ы ғана жарамсыз деп танылды. Гитлерлік диктатура кезіндегі на- цистік сот жөне прокуратура мекемелерінде қызмет атқарғандардың 85 %-ы денацификациялауға жатты. 1947—1948 жылдары американ аймағында ірі СС үйымымен байланыста болған Ф. Флик, А. Крупп, Г. И. Абске қатысты сот процестері болып, олар өртүрлі мерзімге сотталды. Бірақ, көп кешікпей босатылды. 1950 жылы Флик түрмеден босатылғаннан кейін, өзінің ірі өнеркөсіп концернін қайта басқарды. Батыс Германия жерінде Потсдам шешімдері толық аяғына дейін орындалмады. Американ-ағылышын-француз оккупациялық аймақтарын біріктіруге кірісті. 1947 жылы қаңтарда американ-ағылшын зонасы біріктіріліп, Бизония аймағы қүрылды.1948 жылы француз зонасы қосылып, біртүтас Тризонии аймағы қүрылып, болашақтағы Батыс Германия мемлекетін қүруға кірісті.Батыс Германия жерінде оккупациялық өкімшіліктің көмегімен1946 жылы 20 маусымда ақша реформасы жүргізілді. Ескі ақша 10:1 қатынаста жаңа неміс маркасы шығарылды. 100 рейх маркасы 6,5 жаңа неміс маркасына ауыстырылды. Сөйтіп, рейх маркасы толық жойылды. Ақша реформасы жүргізілгеннен кейін Батыс Гер­мания дүкендерінде азық-түлік көбейіп, жаңа бағамен сатыла бастады. Саудагерлік жойылып, қара базарлар жабылды. Халықтың түрмыс жағдайы жақсара бастады. Соғыстан кейін азық-түлік алуға қойылған норма жойылды.Батыс зонада біржақты жүргізілген ақша реформасы Шығыс зонаға таратылмады. Бүған жауап ретінде кеңестік зонада неміс мар­касы енгізілді. Батыс Берлинде жаңа неміс маркасы кең таратылды. Берлин қаласы Батыс жөне Шығыс болып, екіге бөлінді. Кеңестік оккупациялық бөлік ақша реформасына қарсы шаралар жүргізіп, Шығыс Берлинді бөлді. Темір жол, автомобиль, су жолдары жабылды. АҚШ жөне ағылшын өкімшілігі өуе арқылы қатынасты жалғастырып, Батыс Берлин халқына өуе жолы арқылы 1,5 миллион тон­на жүк жеткізді. 1949 жылы мамыр айында кеңес зонасындағы өкімшілік Батыс Берлинге жарияланған қоршауды (блокаданы) алып тастады. Батыс Германия мен Шығыс Германия арасындағы қайшылық тереңдеп, екі неміс мемлекетінің қүрылатындығына ешқандай күмөн болмады.Герман Федеративтік Республикасының қүрылуы. Батыс Германия болашақ мемлекетті қүру үшін жаңа Конституцияны дайындауға кірісті. Ландтаг уөкілдерінің қатысуымен Парламенттік кеңес қүрылды. Жаңа Конституция жобасы өзірлене бастады. АҚШ жөне ағылшындарға қарасты оккупациялық аймақтың өкімшілігі Конституция жобасын батыстық үлгіде дайындауға көмектесті. Бүл жоба тек қана Батыс Германияға қатысты болды.1947 жылы 8 мамырда Парламенттік кеңес Герман Федеративтік Республикасының негізгі заңын бекітті. 14 тамызда жаңа Конститу­ция бойынша Парламент сайлауы өтті. ГФР Парламенті Бундестаг деп аталды. Сайлауда ХДС—ХСС блогы 139 мандат, ГСДП 131, Еркін демократиялық партия (СВДП) 52 мандат алды. Жоғарғы пала­та — Бундестаг жергілікті Ландтаг депутаттарынан қүрылды. 1949 жылы 7 қыркүйекте Герман Федеративтік Республикасы қүрылды. ГФР-дың түңғыш Президенті Еркін демократиялық партиясының мүшесі, тарихшы Т. Хейс болды. Президент 5 жылға сайланды.1948 жылы 20 қыркүйекте ГФР-дың Премьер-министрлігіне Кон­рад Адэнауэр тағайындалды.ГФР-да парламенттік басқару жүйесі енгізіліп, президенттік билік шектелді.Герман Федеративтік Республикасы экономикасының “ғажайып” дамуы. Әлеуметтік-нарыктык шаруашылык. ГФР-дың экономикалық ішкі саясаты Л. Эрхардтың жаңа либералдық өлеуметтік-нарықтық шаруашылық бағдарламасына бағытталды. Германияның марка саясатын нығайту да көзделді. Жаңа либерализм жеке меншікті мемлекеттік реттеу арқылы жүргізді. 50-жылдары ГФР экономикасының “ғажайып” дамуының себебі: соғыстан кейінгі АҚШ-тың ақшалай-қаржылық көмегі, яғни “Маршал жоспары” арқылы 3,9 млрд. доллар алуы болды. Мемлекет ішкі өндірісті дамыту үшін үлттық капиталдың үлес салмағын арттырды. Орташа жылдық өнеркөсіп өнімдерін өндіру 9,6 %-ға жетсе, бүл көрсеткіш АҚШ-та 4 %, Англияда 3 % болды. 1956 жылы халық шаруашылығының дамуы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есе артты. ГФР-дың экономикасына салынған үлттық капитал қоры 18,3 милиардтан, 1955 жылы 41 мил­лиард маркаға өсті. ГФР-дың экономикалық дамуының теориялық негізі ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы В. Ойкеннің реформасына негізделді. Ойкеннің теориясының мөні жеке меншік, еркін баға сая- саты, жоспарлы шаруашылықтан бас тарту, экономикалық дербестік, капиталдық жауапкершілік, монополияны бақылау, экономикалық кірістің бөлінуін жөне еңбек заңдары мен өлеуметтік шараларға мемлекеттік көмекті мойындау болды.ГФР соғыстан кейін өлеуметтік мемлекетке айналды. 1949 жылы өнеркөсіп иелері мен жүмысшылар үжымдық келісімдер арқылы жүмыс істей бастады. Өнеркөсіпті жүмысшылар өздері бақылап, басшылық жасауға толық мүмкіндік алды. Көсіпкерлер мен қызметкерлер келісім арқылы жүмыс істейтін болды. Олар жолақысының мөлшерін бірігіп белгілеуге көшті. Тарифтік келіспеушілік орын алса, федералдық Үкімет араласатын болды. 50-жылдары көсіподақ үйымдары көсіпкерлер мен жүмысшылар арқылы өнеркөсіп иелерінің қызметін бақылауға заң арқылы араласа баста- ды. Әлеуметтік сақтандыру қамтамасыз етіліп, қызмет жағдайында мүгедектік алғанда, қартайғанда жөне жүмыссыздарға мемлекеттік көмек көрсету қүқықтары заң арқылы реттелетін болды. ХХ ғасырдың 50-жылдарында ГФР дүние жүзінде екінші орынға, Еуропада бірінші орынға шықты.

Франция. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Франция үкіметі соғыста күйзелген экономикасын қалпына келтірумен қатар,өндірістің мүлдем жаңа салаларын дамыта бастады .1950 жылдан бері өнеркәсіп өндірісі 4 есеге жуық өсіп,өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны соңғы 20 жылда 1,5 млн адамға қысқарды. Мұның өзі еңбек өнімділігінің артуы мен өнеркәсіп жүйесінің құрылымдық өзгерістері нәтижесінде мүмкін болды .Қазіргі кезде ел өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бесінші орын алады. Өнеркәсіп елдегі ұлттық жиынтық өнімінің 25,4%-ын береді.Елдің экономикалық қуаттылығын символы болып келген дәстүрлі өнеркәсіп салалары соңғы онжылдықтарда өзінің жетекші рөлінен айырылып, жаңа салаларға жол беруде.Лотарингия темір кені алабының қорын пайдаланатын қара металлургия өнеркәсібі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап дағдарысқа ұшырады.Оған Еуропа мен дүние жүзі нарығында неғұрлым қуатты бәсекелестердің Бразилия, Шығыс Еуропа елдері ,Корея және т.б. пайда болуы әсер етті.Еуропалық Одақ шеңберінде өнеркәсіптің осы саласын дамытуға бағытталған шаралар нәтижесінде өндірісті неғұрлым тиімді ұйымдастырып, қайта жабдықтауға мүмкіндік туды. Орталық аудандардағы тиімсіз кәсіпорындар жабылып, негізгі металлургиялық кешендер солтүстіктегі Дюнкерк маңы мен Лотарингиядағы Мозель өзені аңғарындағы шоғырланған.Қазіргі кезде жылына 19 млн т болат өндіріледі.Алюминий өндірісінде де аумақтық өзгерістер болды бұрын олар,негізінен, Альпы мен Пиреней аудандарындағы су электр станциялары маңында орналасса ,қазіргі кезде шеттен әкелінетін шикізатты қабылдап алатын портты қалаларға көшірілген .Құрамына тоқыма, бояулар жасау, кілем тоқу,еден төсеніштерін шығару өндірісі енетін Францияның мата өнеркәсібі дүние жүзіндегі жетекші орнын жоғалтқан жоқ.Бұл салада әсіресе жүн маталарын шығарудан дүние жүзінде бірінші орын алатын «Шаржер – текстиль», мақта маталарын шығаруға маманданған DMC компаниялары көзге түседі .Қазіргі кезде сырттан әкелінетін жүн мен мақтадан басқа, бұл кәсіпорындарда жасанды талшықтар да кеңінен пайдаланылады.Негізгі орталықтары – Мюлуз,Труа, Лион және Париж маңы. Машина жасау өнеркәсібінде көлік қатынасындағы машиналар мен электр техникасын жасау салалары күшті дамыған.Дүниежүзілік автомобиль өндірісінің дамуында елдің айрықша орны бар.1898 жылы ағайынды Рено негізін салған фирма алғашқы автомобилін жасап шығаратын болатын, арада 15 жыл өткен соң бұл шағын кәсіпорын алуан түрлі машина шығаратын аса ірі концернге айналды.Қазіргі кезде бұл концерн мемлекеттік болып саналады.Мұнда жүк автомобильдері, автобустар, ауыл шаруашылығы машиналары, сондай – ақ кемелер мен ұшақтардың қозғалтқыштары жасалады . Францияда жылына 3,5-4 млн автомобиль жасалса , соның 9/10 бөлігі жеңіл көлік болып табылады . Қазіргі кезде жеңіл автомобильдер , негізінен , Рено кәсіпорны мен жеке меншік Пежо – Ситроен концернде жасалады .Француз компаниялары дүние жүзінің 30 елінде автомобиль тетіктерін жинайтын зауыттар ашқан .Елде жасалған автомобильдердің 60 ы шетке шығарылады.Көбінесе француз жеңіл көліктерін Португалия, Испания , Бразилия жәнеОңтүстік – Шығыс Азия елдері сатып алады .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]