Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің шығыстағы саясаты елдің ішкі дамуындағы мәселелермен байланысты болды. Ресей, негізінен ішкі мәселелерге басымдылық беріп, халықаралық қақтығыстардан барынша аулақ болуға тырысты, Еуропадағы белсенділіктен бас тартып, даулы мәселелерді дипломатиялық жолдармен шешуге ұмтылып отырдыСыртқы істер министрі А.М. Горчаков 1865 жылы 3 қыркүйекте ІІ Александрға мынадай мазмұндағы хат жолдады: «Біздің мемлекеттің және Еуропаның қазіргі жағдайында Ресейдің негізгі назары ішкі даму барысында пайда болған мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Сыртқы саясат ішкі міндеттерге бағындырылуы қажет» ХІХ ғ. 70-жылдары Ресей үшін шығыс мәселесі тағы да ушықты. ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатында белсенділік көрсетуге ұмтылған келесі бағыты – Қиыр Шығыстық бағыт. Осы уақытқа дейін Қиыр Шығыс мәселесі Ресей үшін өзекті болып табылады. Орыстар Қиыр Шығыс аймағын ХҮІІ ғ. бастап отарлай бастағаны белгілі. Мысалы, В. Поярков, Е. Хабаров, О. Степанов, т.б. 1689 жылы Нерчин келісімі бойынша Амурдың сол жағасындағы жерлер Ресей құқығында деп танылды. Қиыр Шығыс мәселесіндегі келесі бір Ресей үшін өкінішті болған жағдай Аляскаға байланысты еді. Қырым соғысындағы жеңілістен кейін халықаралық қатынастар жүйесінде беделін жоғалтқан Ресей Алясканы АҚШ-қа 7 млн 200 мың долларға сатты. Орыс патшасын бұл шараға итермелеген жайт Аляска үшін АҚШ-пен және Ұлыбританиямен қақтығысқа түсіп қалу қаупі еді. Жалпы, ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатындағы еуропалық бағытта ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер болмады. Сондықтан патшалық Ресей барлық күшін Шығыс елдеріне, оның ішінде Орта Азия мен Қиыр Шығысқа сала бастады. онымен, ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары туралы ой қорытатын болсақ, Ресей өзінің еуропалық бағыттағы жеңілістерін азиялық бағыттағы саясатының жеңістерімен өтеді. Шығыста бұндай табысты саясат жүргізуге Ресей үшін көптеген қолайлы факторлар болды. Біріншіден, оның негізгі еуропалық бәсекелестері бұл аймақтан шалғайда жатты. Екіншіден, Ұлыбритания мен Франциядан өзге ел біз қарастырып отырған кезеңде аталмыш географиялық аймақта кейбір отарларды иемденгенімен Ресейдің бұл бағыттағы мүдделерімен санасуына тура келді. Үшіншіден, Ресей еуропалық мемлекеттерден бұрын Орталық Азиядағы хандық-әмірлік мемлекеттік құрылымдарды жойып, Қиыр Шығыс халықтарын өз бодандығына қабылдап, бұл территорияларда генерал-губернаторлық басқару жүйесін енгізіп, біртұтас Ресей империясының территориясы деп жариялады

47) ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ресей арасындағы сыртқы саяси бақталастық: себептері барысы мен нәтижелері Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.Ресей  керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының  қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта  өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында«Шығыс мәселесі»  асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары  орыс-түрік соғысында  Осман империясының жеңілуі болып табыады.  Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым  Осман империясына тәуелсіз  деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің  үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды.II Екатерина «османдық мұрагерлікті» бөлісу және Еуропа аумағынан түріктерді түгелдей қуу мәселесін қойды. Ресейдің қуатының тез өсе бастауынан және оның  Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қорқа бастаған Англия, Франция және басқа да Еуропа мемлекеттері, Осман империяның «тұтастығымен дербестігін» қорғау мақсатын желеу етіп, Ресейдің одан кейінгі тағдыры еуропалықтардың қолына көшті.1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп  болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін  қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты.  Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына  байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.

48) ХІХ ғ. Ресей және Еуропа елдері Осман империясында феодалдық құрылыстың ыдырауы батыс еуропалық елдерге бағыныштылығын арттырды. Капиталистік қатынастардың енуі феодалдық қанаумен қатар жүрді. 70-жылдары Балқан жартыаралының халықтары арасында ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Балқан халықтарының саяси жағдайы бірдей емес еді. Сербия Түркия билігіндегі өзін-өзі басқаратын князьдық болса, Черногория Түркияның экономикалық қысымын көріп отырған жеке мемлекет болды. Болгария, Босния, Герцоговина Осман провинциялары деңгейінде болды. 1876 жылы Ресей, Германия, Австрия-Венгрия арасында «Берлин меморандумына» қол қойылды. Меморандум Франция мен Италия тарапынан қолдау тапқанымен, Ұлыбритания тарапынан қарсылыққа кездесті. Орыстар қайткен күнде Қара теңіз үшін күрестегі ежелгі бақталасы Түркияны әлсірету үшін «Балқан халықтарының азаттығы» тақырыбын желеу етіп, қолдан келер барлық шараларды қолданып бақты. ІІ Александр орыс әскерінің қатарындағы офицерлерге уақытша отставкаға шығып, серб әскеріне қосылуға рұқсат берді. Серб әскеріне шамамен 5 мың офицер қосылғаны туралы мәліметтер бар Бұл мәселедегі Ресейдің алдына қойған мақсаты Түркияны барынша әлсірету болса, еуропалық елдердің ішінде мақсаттары мен мүдделері қайшылыққа түсе берген, ХІХ ғ. Ресейдің негізгі бақталасына айналған Ұлыбританияның жоспары мүлде өзгеше болғандығын байқауға болады. Герман мемлекетімен бірлесе отырып, Ұлыбритания қайткен күнде Ресейді соғысқа кіруге итермеледі. Бұл жердегі Герман үкіметінің көздеген мақсаты төмендегі мақсатқа шоғырланды: 1) Германияның Францияға байланысты әрекетіне еркіндік береді; 2) Германияның Ресей мен Австрияға деген ықпалы күшейеді. Осындай жағдайда Австрия-Венгрияның ұстанымы көп мәселені шешетін еді. Сондықтан өзіне одақтас табу үшін Ресей Австриямен жасырын келіссөз бастады. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін 1887 жылы орыстар мен австриялықтар арасында жасырын келісімге қол қойылды Келісім бойынша Австрия Ресейге байланысты бейтараптылық саясат ұстанып, дипломатиялық қолдау көрсетуге тиіс еді. Ресейдің келесі сақтық шарасы Румыниямен одақтастық қатынастарды негіздеген келісім еді. Қол қойылған конвенция бойынша Ресей әскері Румыния территориясы арқылы еркін өту құқығын алды. 

49) І-дүниежүзілік соғыс кезіндегі Батыс пен Шығыс арасындағы өзара ықпалдастыққа саяси талдау жасаңыз Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния,Греция, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішіндеГермания – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар

50) ІІ-дүниежүзілік соғыс кезіндегі Батыс пен Шығыс арасындағы өзара

әрекеттесулерді көрсетіңіз 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды. Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия жәнеПольшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды. 1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндікытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солт. Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды

51. ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем картасындағы өзгерістерді көрсетіңіз

XX ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 -ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер — Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т.б. бар (қосымашдағы 2-кестені қараңдар). Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт казіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болуымен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймактың қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж.), әсіресе қазіргі кездегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленеді. 1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада — Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды. Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижелерінің бірі болып көптеген мемлекеттердің капиталистік емес даму жолына түсуі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерінде оккупанттардан азат етілгеннен кейін, олар Халықтық демократия мемлекеттері атағына иеленді, коммунистердің басқаруымен немесе қатысуымен үкіметтер құрылды, олар антифашистік, демократиялық, содан соң социалистік өзгертулерді жүзеге асыруға кірісті. Кеңес әскерімен оккупацияланған Шығыс Германия мен Солтүстік Кореяда осындай өзгертулер болды. Жапония күйреген соң және 1945-1949ж.ж. азаматтық соғыстың жеңісінен кейін Қытайда өкімет басына коммунистер келді. 1949ж. 1 қазанында Қытай Халық Республикасы құрылды. Оның басшылары мемлекеттің социализм жолына түсетіндігін жариялады.Халықтық-демократиялық және социалистік мемлекеттердің тұтас қоғамдастығы пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Шығыс Еуропада болған территориялық бөліністер 1918-1920ж.ж. сияқты ірі масштабты болған жоқ, бірақ аймақтың саяси картасы өзгерді.

Оларға құқықтық негізді бірнеше келісімдер құраған еді. Олар Потсдам және Крым(Ялта) конференцияларындағы келісімдер, герман блогына қатысқан мемлекеттермен бейбітшілік келісімдері, сонымен қатар КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері арасындағы 1944-1946ж.ж. шарт жасасқан бірнеше екі жақты келісімдер. Венгрия,Румыния және Болгариямен бейбітшілік келісімдерді сыртқы істер кеңесінің министлері (Совет Министров Иностранных дел СМИД) әзірледі. Ол 1945ж. Соғыстан кейінгі мәселелерді    реттеу үшін құрылды. Бұл шаралар 1946ж. желтоқсанында аяқталды, ал шешуші әрі нақты бейбітшілік келісімдердің мәтініне 1947ж.10 ақпанында Парижде қол қойылды. Болгария территориясы 1941ж. 1 қаңтарындағы шекарасымен қалды.Венгрия шекарасы 1938ж. 1 қаңтары кезіндегі территория қалпына оралды. 1938 және 1940ж.ж. Вена төрелік сот шеңберінде алынған территориялардан Венгрия айрылды (Словакияның оңтүстік аймақтары Чехословак мемлекетінің құрамына қайтарылды, Закарпаттық Украина КСРО құрамына өтті, солтүстік-батыс Трансильвания Румыния құрамына қайтарылды). Румыния территориясы 1941ж.1 қаңтар жағдайында қайта құрылды, яғни Бесарабия және солтүстік Буковина  КСРО пайдасына төлемнің мөлшері мен ретін орнатты.

52. «Қырғи-қабақ соғысы» жағдайындағы Батыс және Шығыс елдері Қырғи Қабақ Соғыс— 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. «Қырғи-қабақ»  соғысының алғашқы  насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді. Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынастың шиеленуіне ықпал еткен халықтық демократиялық мемлекеттерде комунистік партиялардың дара билігінің орнығуы КСРО-ның көрші мемлекеттердің территориясына талабы және Грециядағы азаматтық соғыс.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық Азербайджандық партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне қарсы соғысып жатқан еді. КСРО өкіметі достық және бейтараптық келісім шартты жоққа шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз талабын білдірген еді.Грецияда партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді. Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ компартия оның кеңесін қабылдамады.  1946 жылы Грецияда партизандық соғыс басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен аяқталды.«Қырғи-қабақ»  соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды. Еуропаның Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен және бір-бірімен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісімдермен байланысқан болатын. Сонымен қатар Кеңес Одағы Финляндиямен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген бейтарап капиталистік ел болды.Кеңес Одағы Корей  Халық-демократиялық Республикасымен экономикалық және мәдени ынтымақтастық  туралы келісімге кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында екі ірі социалистік мемлекеттер Кеңес Одағы және  Қытай Халық Республикасы арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы америкааралық «өзара көмек келісім» шартын  жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.Еуропада әскери-саяси блоктарды құрудағы басты инициаторлары  болып Англия мен Францияның билеуші топтары болды. 1947 жылы 4 наурызда Франция мен Англия Дюнкеркте өзара көмек туралы келісімге қол қойды.  Іс-жүзінде ол Германия тарапынан жаңа агрессия мүмкіншілігіне қарсы бағытталған болатын, ал шын мәнінде бұл келісім Батыс Еуропа державаларының өз қызығушылықтарын қорғауға бағытталған. 1948 жылы Англия мен Францияға Бельгия, Голландия және Люксенбург  өкіметтері қосылды. Олар Батыс Одағын құрды. Европада агрессия болған жағдайда бір-біріне көмектесуге міндетті болды.Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемлекеттердің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]