Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс

Отарлау саясаты - [лат. colonia - қоныстану] - жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды. Еуропаның аса бай қаласы Антверпен болды, онда сауданың толық еркіндігі тәртібінің арқасында ірі көлемдегі халықаралық сауда және несие шаралары жүргізілді. Сауданың дамуы жеке банктермен қатар Бүкіл Еуропада кеңінен таралған қоғамдық банктердің құрылуына қолайлы жағдай туғызды. ХӀХ-ХХ ғғ. басында әлемнің аумақтық бөлінісінен кейін әлемдік отарлық жүйе - ең алдымен Африка, Оңтүстік- Шығыс Азияның отар, тәуелді елдеріне әлемдік державалардың үстемдік жүйесі қалыптасты. Негізгі отарлаушы елдер Ұлыбритания , Испания, Франция,Ресей, Германия , АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония болды. Бұл елдердің жиынтық отарлық иеліктері XX ғ. басында Жердің жартысынан көп бөлігіне (72 млн. ш. шақырым), планета халқының үштен бір бөлігіне (560 млн. адам) жүргізілді. Ұлыбритания әлемнің аса ірі отарлық державасы бола тұра, Үндістанға, Африкаға, Америкаға, Австралияға және Жаңа Зеландияға үстемдік етті. АҚШ – Кариб бассейнінде, Тынық мұхитында, Орталық Америкада және Қиыр Шығыста билік құрды. Француз экспансиясы Африка мен Үндіқытайға жүрді; Германия Африкада отарларға ие болды; Жапония - Маньчжурияны, Кореяны, Қытайды және Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлады. ұзРесей Қиыр және Таяу Шығыста, Орталық Азияда өз ықпалын жүргізді. II дүниежүзілік соғыстан кейін отар елдерде ұлт-азаттық қозғалыстардың өршуі нәтижесінде әлемдік отарлық жүйе қирады.

43. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының тәуелсіздік үшін соғысы мен АҚШ-тың құрылуы ХVІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка  ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды. Отар мемлекеттердің басқарылуы  біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары»  басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХVІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті. 1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс  метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті. 1775 жылы мамыр айында Екінші континентальды конгресс мәжілісі шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас  қолбасшысы ретінде Дж.Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д.Адамстың, Т.Джефферсонның, А.Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық  құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы.  Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды.

44) Британ империясының Шығыстағы саясатын көрсетіңіз XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия.Отарлық саясат жүргізілген аудандарда буржуазиялық дипломатия әдісі арқылы шығыс елдерінің ішкі саясатына қол сұғу, «халық теңдігі» атты жамылғы фразаларды пайдалану арқылы үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның алдыңғы қатарында XIX ғасырдың ортасында Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және оңтүстік шығыста Франция мен АҚШ, ал Солтүстік Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке қол созды.Шығысты отарлау жылдарында Англия Гибралтар,Жерорта теңізі және Қызыл теңіз арқылы Үндістандағы қысқа жолды игере бастады. Англия суэц каналына бақылау орнатып Кипр аралын жаулап алды ендігі кезек Африкадағы Мысыр отарларын жаулап алу жоспарын дайындай бастады. 1877 жылы Англия Малайзияны құлдыққа түсіруді айақтап онда өзінің протектораттығын орнатты..

45) Француз империясының отарлауы кезіндегі Батыс және Шығыс 19ғ 70-90 жылдарына қарай Франция Араб елдеріне Сирия, Ливан, Тунисте Француз тауарлары белеі алып отарлай бастады. Франция осы елдерді экономикалық тәуелдікке түсіруді көздеді. 70-жылдары Франция Марокконы мазалап, Алжирмен шекарасындағы жерлерін тартып ала бастады. Басқа ірі еуропаелдері 1880 жылы Марокко егемендігіне кепілдік жасап бермуге келісті. 80-90 жылдары Франция өзінің иеліктерін Алжирмен көрші Сахара шөлін қосу арқылы кеңите түсті. 1886 жылы Франция Мадагаскар аралдарын жаулап алды.Сонымен қатар Франция Алжир мен Тунсті осман империясынан тартып алды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]