Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз

Империяның әлемдік сауда жолдарының бойында орналасуы оның қарқынды дамуына ықпал етті. Осман сұлтандары өз үстемдігін жүргізген аймақтарда ғазилер, яғни дін жолындағы жеңіскерлер болып танылды. Жаңа құрылған мемлекеттің идеологиясы ислам дінін тарату болды. Басқа билік ордаларынан келгендер осы мақсатқа қызмет ету үшін Осман мемлекеті туының астына жиналғандықтан, империяның территориясы ұлғая бастады. Сондай-ақ сұлтандардың қоластындағы жерлердегі халықтардың дініне араласпауы, кең көлемде бостандық беруі Балқан түбегінде үстемдік орнатуына септігін тигізді. Балқан түбегіндегі православ шіркеуі христиандары католик шіркеуіне бас имес үшін Осман империясының үстемдігін мойындаған. Осман мемлекетінің өзін қыспақ көрген кез-келген халықтың қамқоршысы ретінде танытуы оның күш-қуатының артуына себеп болды. Испанияда католиктердің қоластында қысымға ұшырап, зәбір көрген еврейлердің 1492 жылы Осман мемлекетіне әкелінуі секілді саяси шаралар империяның орасан зор күш пен саяси беделге ие болуына мұрындық болған.

Осман империясы тарихында Фатих Сұлтан Мехмед, Явуз Сұлтан Селим, Кануни Сұлтан Сүлеймен және соңғы кезеңдегі ІІ Абдулхамид аса маңызды тұлғалар болып табылады. Фатих Сұлтан Мехмед (1451-1481) араб, парсы, грек, серб тілдерін білген. Парасатты падишах саяси және әскери басқарудағы ерекше қабілетінің арқасында 25 мемлекетпен соғысып, солардың бәрінде жеңіске жеткен. Константинопольды Византия империясынан тартып алып, Шығыс Рим империясының күлін көкке ұшырды. Сонысымен әлем тарихында жаңа тарихи кезеңді бастап, Осман империясын әлемдегі ең мықты елге айналдырды. Явуз Сұлтан Селим (1512-1520) өз дәуірінің екі үлкен мемлекеті – Иран Сафауи империясы мен Мысыр мәмлүктері империясымен соғысып, Осман империясының территориялық және саяси үстемдігін Азия мен Африка құрлықтарына орнатты. Мысыр мәмлүктері империясын тарих сахнасынан ығыстырып, ислам халифалығына ие болды. Явуз Сұлтан Селим түрік және парсы тілдерінде өлең де жазған. Кануни Сұлтан Сүлеймен (1520-1566) билік құрған кезеңде Осман империясы саяси дамуының шырқау шегіне жетті. Ол Еуропа мен Азия құрлықтарында жеткен жеңістерімен мемлекеттің күш-қуатын бүкіл әлемге танытты. Еуропаның ең үлкен билеушісі V Карлды құрлықтағы және теңіздегі соғыстарда тас-талқан етіп жеңіп, күшінің басымдығын көрсеткен. Империяны территориялық тұрғыдан үлкейтіп, жасаған заңдары және парасаттылығымен танылды. Ол сондай-ақ Осман мемлекетінің атақты ақындары арасында да өз орнын алған. Еуропада «Ұлы Сүлеймен», «Ұлы Түрік» деген лақап аттармен танымал болған. ІІ Абдулхамид (1876-1909) Осман империясы ыдырай бастаған кезеңде таққа отырып, мемлекеттің өмірін отыз жылға ұзартты. Оның сыртқы саясаттағы қабілет-қарымын бәсекелес билеушілер мен саясатшылар мойындаған. Ислам халифасы ретінде сыртқы елдерге жүргізген исламдық саясаты империя беделінің алыс елдерге жайылуына себеп болды. Сұлтан Сүлейменнің кезінде үш құрлықта үстемдік жүргізген империя осы территорияда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты. Еуропа тарихшылары «Осман бейбітшілігі» (Pax Ottomana) ұғымын осы себепті қолданды. Сұлтан Сүлеймен кезеңі – әскери және саяси жетістіктер кезеңі. Сондай-ақ оның тұсында Стамбулдан бастап империяның әр аймағында аса көркем сәулет ескерткіштері салынды. Мәдениет пен өнер дамыды. Сұлтан Сүлеймен өнер және білім адамдарын өз қамқорлығына алып, оларға материалдық көмек беріп отырды. Әлемнің ең мықты сәулеткері ретінде танылған Мимар Синан Сүлейменнің сарайында бас сәулеткер болып қызмет атқарғанын көптеген тарихшылар айғақтайды. Мимар Синан – бүгінгі таңда бүкіл әлем тамсана тамашалайтын Шахзада, Сүлеймание және Селимие жұма мешіттері, сондай-ақ жүздеген басқа да сәулет туындыларының авторы. Жалпы, Сұлтан Сүлеймен әр саланың алдыңғы қатарлы білікті мамандарын империяның бұрыш-бұрышынан тауып, оларды өз қанатының астына алуымен беделді болған. Алайда оның кезеңінде қол жеткен табыстар мен орасан зор байлық лауазымды кісілер мен қарапайым халықтың арасында масаттану мен бейқамдыққа жол ашқаны рас. Соның салдарынан халық бірте-бірте тоқырауға ұшырады. Сүлейменнен кейін Осман падишахтары майдан шебінде қолбасшылық етудің орнына уәзірлерін соғысқа жіберуді жөн көрген. Мұндай тактика Осман әскери күшінің жетістіктеріне көлеңке түсіріп, кері әсер етті. Сұлтан Сүлеймен аса беріле сүйген жары Хюрремнің ықпалында қалып, кейбір әділетсіз шешімдерге баруға мәжбүр болғаны жайында сыңаржақ пікірлер де орын алған. Ұлы шахзада Мұстафаның Иранмен жасырын ауыз жаласқанынан күдіктеніп өлтірткен деген сөз бар. Халқының сүйіктісі болған әрі әкесінің орнына падишах болуға лайықты деп танылған шахзада Мұстафаның өлімі осы кезеңнің ақтаңдағы саналып жүр. Бас уәзір Ибрахим пашаның өлтірілуі де Хюррем сұлтанның ықпалымен жүзеге асқан. Сұлтан Сүлейменнен кейін Осман империясы бір ғасырға жуық уақыт бойы бұрынғы күшін сақтап келді. Алайда одан кейінгі ғасырларда осы күштің бәсеңсуі байқалады. Мұның түрлі себептері бар. Соның алғашқысы – әлемдік сауда жолдары бағыттарының өзгеруі. Үміт мүйісі жолының ашылуына байланысты Үндістанға баратын сауда жолы Осман территориясынан шықты. Бұдан бұрын әлемдік сауда жолдарының бойында өз үстемдігін орнатқан Осман империясы сауда жолында экономикалық күшке ие болатын. Империяның Жерорта теңізіндегі үстемдігі еуропалықтарды жаңа жолдар іздеуге итермеледі. Үндістан жолы осылайша өзгерген. Америка құрлығының ашылуы және жаңа жерлердегі алтын, күміс сияқты бағалы металдарды Еуропа мемлекеттерінің пайдалануы да Осман экономикасына соққы боп тиді. Еуропаға келіп жеткен алтын мен күміске толы кемелер айналымында металл ақша қолданылатын Осман экономикасында бұрын-соңды болмаған құнсызданудың бой көрсетуіне себеп болды. Бұл жағдай өз кезеңінде әр саланың кенжелеуіне әкеп соқты. Сонымен қатар, Еуропа ғылым мен технологияда жетістіктерге қол жеткізіп жатқанда Осман империясы осы дамудың легіне ілесе алмады. Бұл аздай, алып мемлекет әскери салада да үлкен жеңілістерге ұшырады. Соның салдарынан үстемдік құрған жерлерінен айырылып қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]