- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді. Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. IV ғасырда Еуразия тарихында Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірі басталуы әлем тарихындағы ең ірі тарихи процестердің бірі. Бұл процесте Еуразияның батыс аймақтарын мекен еткен көптеген халықтарды батысқа қарай ығыстырып, Халықтардың қоныс аударуына бірден-бір түрткі болған көшпелі ғұн тайпаларының орны ерекше. Шығыстан Батысқа қарай жылжыған көшпеліғұн тайпалары жол-жөнекей көптеген тайпалар мен мемлекеттерді бағындырды, жаңа территорияларды иемденді. Бірте-бірте Шығыс Еуропа халықтарын батысқа қарай ығыстырған көшпелі Ғұн тайпалары Еуропа жеріне келеді, мұнда өз мемлекетін құрды, уақыт өте ол империя дәрежесіне дейін көтеріле алды. Осылайша, көшпелі ғұн тайпаларының басқыншылық әрекеттері, олардың өз мемлекетін құруға мүмкіншілік алып берді. Сөйтіп, өз мемлекетін құрып, оның шекарасын нақтылап алған ғұндар, енді сол уақытта Еуропада өмір сүріп жатқан Батыс жәнеШығыс Рим империяларымен көршілес болып қалды. Екі бірдей Рим империяларымен көршілес болған ғұндар ендігі кезекте, бұл мемлекеттерге де бірте-бірте қауіп төндіре бастайды. Көшпелі өмірге бейімделген ғұн тайпалары римдіктердің территорияларына өтіп кетіп, тонаушылық әрекеттер мен арнайы жорықтар ұйымдастырып отырған. Ал, далалық әскери өнерді жетік меңгерген ғұндармен қарсыласуға ешқандай мемлекеттің немесе тайпалардың батылы жете бермеді. Керісінше, олармен ынтымақтастыққа келе отырып, түрлі салаларда байланыстар жасады, оларды өз дұшпандарына қарсы соғыс қимылдарына жалдамалы әскер ретінде пайдаланып отырды және өздеріне қауіп төндірмес үшін әр түрлі мерзімдерге негізделген салықтар төлеп отыруға мәжбүр болып отырды. Тақырыпқа ұйтқы болып отырған шығыс римдіктер де көп ретте осындай әрекеттерге барып отырды.
Ғұндардың Шығыс Рим империясының территорияларына ене бастауына келер болсақ, олар империя жерлеріне IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басынан бастап, қауіп төндіре бастады. Тонаушылық әрекеттерге машықтанған ғұндар, алғашқы жорықтарында нақты бір маңызды қадамдар жасамай, тек тонаушылық қимылдарын жүзеге асырып жүрді. Олар алғашында, империяның Дунай аңғарларындағы территорияларына шабуыл жасап жүрді. Мұндай әрекеттердің бастамасы – ғұндар остготтарға қысым жасап, оларды батысқа қарай ығыстырып, олардың 376 жылы Шығыс Рим империясының территориясына қарай қашуынан басталады. Осыдан бастап, ғұндардың Шығыс Рим империясымен қарым-қатынасының шиеленісуі басталады. Міне, осылай біртіндеп ғұндар Шығыс Рим империясына үрей алып келе бастады. Мұның барлығы хронология бойынша IV ғасырдың соңына тура келеді және бұл тұста ғұн билеушісі Валамбер (Баламир) болатын.
