
- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
37. Алтын Орда мемлекетінің Еуропадағы сыртқы саясаты. 1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы. 1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын- шылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:
- этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;
- шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді;
- езілген халықтың азаттық күресі күшейді.
Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады. Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылы- ғы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтары- ның басты шаруашылығы осы екеуі. Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды. Алтын Орда мемлекетінде ал- ғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кей- іннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды.
38. Русь мемлекеті және Алтын Орда: саяси және экономикалық әрекеттесулер 1227 жылы 25 тамызда Тангуттарға қарсы 2-ші рет жасаған жорық кезінде ауырып Шыңғыс-хан қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін балалары мен немерелері соғыс жорықтарын жүргізе берді.1225 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еворпаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс-ханның мұрагер немересі Жошының баласы Батый (Бату) басқаратын болды. Батый атасы Шыңғыс-хан сияқты өте қатал және қанқұмар жаулап алушы еді.Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Кама өзені бойындағы Булгарияны, Мардваларды талқандап, 1237 – 1240 жылдары орыс жеріне келді. Орыс халқы моңғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Москва, Владимир түбінде монгол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монгодарға жан аямай қарсылық көрсетті. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп монгодар қаланы басып алып, оны жермен жексен етті.1239 жылдың басында моңғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан Руське қарсы екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып моңғолдар Переяславль қаласын, одан кейін Чернигов жеріндегі Глух қаласын алды. 1239 жылғы қазан айында олар Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті моңғолдар қала ішке басып кіргеннен кейін де қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды. Онан соң, моңғол армиясы батыс Европаға үздіксіз ілгерілеп, Польшаны, Германияны, Австрианы, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, т. б. ойрандап, Еділ бойына қайта оралды. Жеті жылдық жорық (1236 – 1242 жж.) нәтижесінде батыста Днестрге, шығыста Ертіске, Оңтүстікте – Солтүстік Кавказға дейінгі жерлер Батыйдың қоластына кірді. Батый иеліктерінің құрамында Оңтүстік шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де (Русь) Батыйға тәуелді бодан (вассал) болды. Орыс княздары Алтын ордаға кіріптар екенін мойындап, оның хандарының қолынан « кіняздік құруға жарлық» алады. Алым – салық төлейді, бірақ толық болмаса да дербестігін сақтап қалады. Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады. Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.) Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады. 1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті. XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.
39. Осман мемлекеті және Византия империясы ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап Византияның нағыз қатерлі жауы – түріктер – османдар болып, олар оны Кіші Азиядан ығыстырып шығара бастады. 1331 жылы Никеяны қаратып алумен байланысты түріктердің Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін жаулап алуы аяқталды. Осман мемлекетін құрушы Түркия сұлтандарының атасы Осман хан (Ерторлығының ұлы) әкесі қайтыс болғаннан кейін өз қауымының басшысы болды. Әкесі Ерторғыл тірі кезінде-ақ селжұқтармен тату болып, олардың дұшпандарына қарсы соғысқан. Сол дәстүрді сыйлап, селжук ханы Ғияседдин Масғд бұған көп жер, су береді және сол жақтағы халықтарға әмір етіп қояды. Селжук түркілерінің 15-ші ханы Ғаллаләддин Кейкібатты Ғазанхан әскері тұтқынға алады да, мемлекет басшысыз, мүлде басқарусыз қалады. Заңға қарсы заңсыз бассыздықтар бас көтереді. Сол үшін Селжук түркілері өздеріне Осман сұлтанды хан сайлайды. Осы күннен бастап Анатолы жеріндегі ұлы Селжук мемлекеті Осман хан есімімен аталады. Бірте-бірте Селжук есімі ұмытылады. Осман мемлекеті осылайша 1300 жылы құрылды. Қайсы ай, қай күні екені нақты болмаса да, мөлшермен маусым айының 9-ы күні деуге болады. 1352 жылы түріктер Дарданеллдің Еуропалық жағалауындағы маңызды тірек пункт – Цимпе қамалын, ал 1354 жылы Галлиполи қаласын қаратып алады. Осман түріктердің Балқан түбегіндегі жаулап алулары басталады. Византия мемлекетінің ішкі құлдырауын пайдаланған түріктер Византияның Балқандағы Еуропалық аймақтарын жаулауға кіріседі.1363 жылы сұлтан І Мурад Андрианопольді алады да, бұған өз астанасын көшіреді. 1369 жылы түріктер Андрианопольді басып алып, оны одан ары шабуыл жасаудың базасы етеді. Болгариядағы феодалдық өзара тартыстар, оның XIV ғасырда үш дербес мемлекетке бөлінуі, Сербияның бірнеше дербес өзара қырғи қабақ феодалдық иеліктерге бөлініп кетуі түріктердің тез жылжып кіруіне, сөйтіп олардың Балқан түбегіне орнығып алуына мүмкіндік туғызды.1389 жылы 15 шілдеде Косов жазығында сербтер мен түріктердің арасында үлкен шайқас болады. Бұл шайқаста сербтер түріктерге қарсы жақын көршілес елдердің көмегінсіз жалғыз шықты.Сербтер жеңілді, сербтердің князі Лазаре қаза тапты.
Түріктер әлі де Сербияны түбегейлі жаулап алғанымен, Сербтердің осы жеңілісі түріктердің Балқан түбегінің бүкіл шығыс және оңтүстік-батыс жағына қожалық жүргізуіне қол жеткізді. Бұл қожалық ету 1390 жылы 29 жасында таққа отырған Мурад Құдавандигардың баласы Иылдырым Баязит (1360-І 403 ж.) кезінде іске асты.Иылдырым патшалық таққа отырысымен іске бірден кірісіп кетті. Сайлаулы сарбаздарын жасақтап, рум еліне жорыққа аттандырды. Балқандағы жеңісті жорықтарын аяқтасымен Анатолыға оралып, ісін жалғастырды.
Анатолыдағы үлкен жеңістерімен шабыттанған жас патша Османлы елінің тәніндегі қанды жарадай сыздап келген Византия империясын жоқ қылу мақсатымен Станбулға кіруге дайындала бастады. 1391 және 1392 жылдары екі рет Станбулды қоршай шабуылдады. Екінші рет қоршау соғысында бұғаздың Анатолы жақ жиегіне тамаша қамал (Анатолы қамалы) салғызды. Бұл жағдай Византиялықтардың халын мүшкілдендіріп жіберді. Румдіктер Стамбулды аман сақтап, Византия империясына қолдау көрсету мақсатымен тағы да крестшілер жорығын ұйымдастыруға кірісті. Ақырында Мажарстанның Патшасы Сигизмундтың қол астына 130000 адамдық қалың қол жинап беріп, жорыққа аттандырды. Ажарстан, Франция, Англия, Польша, Венедік, Норвегия, Родос, Италия, Ефлақ және Папаның өз әскерін қоса есептегенде жер қайысқан қалың қол жолында кезіккенді қырып-жоя, өртей отырып Нигболға дейін жетті. Доған бек деген түрік қол басы қарамағындағы шағын әскерімен Нигбол қамалын жан аямай қорғап тұрды. Сондай қиын-қысталаңда аты затына сай Баязит хан найзағайдай жарқылдап қамалды қорғаушыларға көмекке келіп үлгерді. Өліспей беріспейтін екі армия 1396 жылдың 25 қыркүйегінде бетпе-бет кездесті. Тарихтағы ең зор қанды шайқастың бірі болып саналған осы айқаста крестшілер ауыр жеңіліске ұшырап, быт-шыт болады. Сигизмунд патша өзінің қара басын әрең қорғап, алды-артына қарамай қашады. Жеңісті жорық одан кейін де жалғаса берді.1398 жылы Станбулды тағы қоршауға алды. Бұл кезде Византиялықтардың үміті үзіліп, күдер үзе бастаған еді. Бір өкініштісі - о–ындай бір алмағайып, шешуші кезеңге жеткенде, шығысты шаңдатқан Ақсақ Темірдің қалың қолы төніп келе жатты.Сұлтан Баязиттің балалары арасында тақ үшін болған (1415-1418 ж.) күрес Византиядан түркілердің назарын біраз уақытқа аударып әкетті. Алайда 1422 жылы түріктер Константинопольге шабуыл жасап, басып алуға тырысты. ІІ Мурад сұлтан Кіші Азияда Осман ақсүйектерінің бүлігі тағы басталған соң қоршауды тастап кетті де, Византия, Македония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мәжбүр болды және бір кездегі иеліктерінің болмашы бөлігін ғана сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі экономикалық орталығы - Фессолониканы басып алды.1452 жылдың жазында түріктер Константинопольді басып алу үшін тікелей әзірлікке кірісті. Олар оны сыртқы дүниеден бөліп тастап, блокада ұйымдастырды.1453 жылы көкектің басында ІІ Мехмед сұлтан құрлықтағы және теңіздегі үлкен күшпен Византия астанасын қоршады. XV ғасырдағы Византия тарихшыларының айтуынша Константинополь түбінде сол кездегі тамаша артиллериямен жабдықталған 200 мыңдық түрік армиясы болды, ал қыруар түрік флоты қаланың теңіз жағын мықтап ұстап тұрды.
Византия тарихшысы Дуканың айтуы бойынша империяның ежелгі астанасын қоршап алушының 20 адамына қорғаушылардың бір адамы қарсы тұрды. Оның үстіне қала қорғанысынң әлсіреуіне өз ішіндегі басшылардың арасындағы талас-тартыстың тоқталмауы да көп әсер етті.
Аса маңызды қамалдарды қорғау шетелдік жалдамалыларға тапсырылды. Константинопольге қарама-қарсы Алтын мүйіз шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан Генуя отары Галатаның басшылары қаланы қоршап алғанға дейін-аө ІІ Мехмедпен өздерінің сауда артықшылықтарын сақтап қалу жөнінде келіссөз жүргізіп, түрік әскеріне жасырын түрде көмек көрсетіп отырды.Осының бәрі жиналып, халықтың бір бөлігі түріктерге ерлікпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Константинополь 1453 жылы 29 мамырда түріктердің үдере шабуылымен алынды және үш күн бойы тоналды. Византияның соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1449-1453) шайқас үстінде өлтірілді.Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатты. Константинопольдің атын Стамбул (Истанбул) деп өзгертіп, Осман империясы астанасын осында көшірді. Түркия Осман империясы болып жарияланды.Константинопольден соң іле-шала түріктер бұрынғы Византия мемлекетінің Орта Грециядағы және Пелопеннестегі басқа аймақтарын басып алды. Осыдан кейін түріктер Серб жерлерін толығымен бағындыра бастады. 1459 жылы Сербтердің соңғы бекінісі Смедерево құлады, ал 1461 жылы Трапезунд империясының астанасы Трапезундты өзіне қаратты.