
- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ертетемір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Римжәне Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан
21.Батыс Ғұн Империясы, Батыс хун империясы — ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Батыс Ғұн империясының негізі алғаш б.з. II ғасырында Батыс Қазақстан жерінде, Каспий теңізі жағалауында қаланды.[1] Ғұндар сол өңірден өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, IV ғасырдың 70-жылдары Днестрге дейінгі жерді жаулап алды. Олардан бірінші болып жеңілгендер Азов теңізі өңірін мекендеген аландар болатын (қ. Ғұндардың аландарды талқандауы). Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығы да ғұндардың соққысынан құлады. 375 жылы Қара теңіз жағалауындағы остготтарды (Шығыс готтар) түгелдей бағындырды, ал вестготтар (Батыс готтар) Рим империясы территориясына барып паналады. Сөйтіп ғұндарға Еділден Днестрге дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар бағынды. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Ғұндар Рим империясымен көршілес орналасып алып, көп ұзамай оған қысым көрсете бастады. Батыс Ғұндың басында Рим империясының Паннония аймағын (қазіргі Венгрия жерін) басып алып, оны ғұн мемлекеті құрамына кіргізді. Рим империясының мұрасын бөлісуде герман тайпаларының бақталасына айналды. 433 жылы ғұн патшасы Руғила қайтыс болған соң, мемлекет билігі оның інілері Ақтар мен Мыңзық балаларына — Бледа мен Аттиланың қолына көшті. 437 жылы ғұндарРейн өзенінің бойында Бургун корольдігіне соққы берді. Нәтижесінде Солтүстік Еуропа мен Галлияға дейінгі герман тайпалары ғұндарға бағынды. Ғұндарға қарсы Рим империясы атынан вандал мен вестгот тайпалары ғана соғысты. 451 жылғы Каталаун қырғынынан кейін Еуропада ғұндарға қарсы тұратын ешқандай әскери күш болмады. Сөйтіп ғұндар Батыс Рим империясы территориясына толық иелік етті. 454 жылы Аттила өлгеннен кейін Батыс Ғұн Империясы ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. Бұрынғы үлкен империя құрамында тек ғұн тайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар ғана қалды. VI ғасырдан бастап Батыс Ғұн империясы “Уарғұндар қағанаты” (Арғындар қағанаты) деп аталды. Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағанатына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Баян хан Арал теңізі маңынан Тарниак, Котзагер, Забен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді. Уарғұндар қағанатын 798 жылы Франк королі — Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң ғұндар мемлекеті бас көтерген жоқ. Батыс Ғұн империясы адамзат мәдениеті тарихында өзіндік терең із қалдырды. Зергерлік өнердің ерекше дамыған түрі — полихрома стилін алғаш батыс ғұн зергерлері салған. Олардың полихрома стилімен жасалған бұйымдары әлемнің талай музейлерін безендіріп тұр. Батыс Ғұн империясында алтыннан жасалған 92 экспонат Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Цирк өнеріне қатысты ат үсті ойындарының негізін ғұндар салған. Олар мұны өзімен бірге Еуропаға алып барды. Ғұндар Еуропада баспана ретінде төрт доңғалақты арба үстіне орнатылған киіз үйлерді пайдаланған. Ғұндардың кілемдері мен киіздері түрлі оюлармен өрнектелетін болған. Еуропалық аймақтарда жүргізілген археол. қазба жұмыстары кезінде ғұндардың ағаштан, қыштан, металлдан жасалған ыдыс-аяқтары мен түрлі бұйымдары табылған.
22. Орта ғасырдағы Византия (325-1453) - Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерінромей деп атады. Византия елордасы Константинополь қаласы болды, император Юстиниан I заманда ірі қала болды, империяның Византия, Византия империясы – 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын зерттеуші ғалымдар енгізген. «Византий» (грекше Byzantіon) деген Босфор бұғазы жанындағы біздің заманымыздан бұрынғы 680 жылы іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 жылы Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды. Астана Константинопольге көшкеннен кейін Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс бөлікке бөліне бастады. Толық бөліну 395 жылы жүзеге асты. Византия құрамынаБалқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия, Армения, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді. Халқының этникалық құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар, фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер, тағыда басқа) болды. 4 – 6 ғасырлар аралығында халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада, саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды. Византия тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (4 – 7 ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді. Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналып, саудагерлер Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе, император Юстинианның тұсында (527 – 65) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол шіркеуге қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан біріктірмекші болды. Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды. Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға, Кавказға, Балқан түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. 7 ғасырдың аяғында Юстиниан тұсындағы ел аумағының үштен бірі ғана қалды. Екінші кезеңде (7 ғасырдың ортасы – 13 ғасырдың басы) Византия бірте-бірте грек-славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 жылы крестшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Үшінші кезеңде (1204 – 1453) Византияның крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204 – 61) құрылды. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204 – 61), Трапезунд империясы (1204 – 1461), Эпир мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз соғыс жүргізді. Онда Никей империясы шешуші рөл атқарып, 1261 жылы Михаил VІІІ Палеолог Константинопольді басып алып, Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін сақтап қалды. 14 ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балқан түбегіне шабуылдаумен болды. Олар 1453 жылы жиырма тоғызыншы мамырда Константинополь қаласын басып алды. 1461 жылы түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Византия империясы өзінің өмір сүруін тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді. Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді. Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңселі ғимараттар бой көтерді. 9 ғасырдан бастап крест күмбезді ғибадатханалар пайда болды. Бейнелеу өнері бояуларының ғажайып әсерлілігімен, бейненің әрі дәл, әрі мәнділігімен ерекшеленді. Сонымен бірге икона салу өнері (иконопись) және кітап көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін өнері, тас, піл сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Ақсүйектер арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге айналды. Кейіннен Византия мәдениетінің кейбір элементтері христиан дінімен бірге Шығыс Еуропа елдеріне ауысты. арабтардың жорығынан кейін қол астында тек Грекия жерлері мен Анадолы түбегі қалды.
23. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс пен Батыс арасындағы өзара мәдени алмасулар Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн: Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
24. Л. Гумилевтің Еуразия тарихы туралы тұжырымдамаларын көрсетіңіз Л.Н. Гумилев Еуразия Даласын мекен еткен қазақ пен орыс халқы арасындағы мінез-құлық ұқсастықтары мен ерекшеліктерін де қарастырған. Ол: «Еуразия континентіндегі біздің - еуразиялықтардың діліміз, дүниетанымымыз ортақ, әсіресе, қазақтар мен орыстар арасында. Мәселен, қазақтар мен қырғыздар бастапқы қарағанда өзара қатты ұқсас көрінеді. Алайда қазақтар сол қырғыздардан гөрі, орыстармен тез тіл табысады. Неге? Жауапты этногенез теориясы береді. Өйткені, қырғыздар - Қиыр Шығыстан шыққандар екен, сондықтан олар бізге қарағанда кәріс, қытайлықтар сияқты мүлде өзгеше ділді, бізден өзгешелеу болып келеді. Мысалы, оларда әзіл- қалжың сезімі болмайды. Оларға әзілдеу, демек, ренжіту. Ал, қазақтар орыстар сияқты үнемі оңай әзілдесе алады, тіпті өзін-өзі де сынай алады» [8], - деп ой пайымдайды. Осылайша, Л.Н. Гумилев Еуразия халықтары арасындағы мінез-құлық, діл ортақтастығы мен ерекшеліктеріне де ерекше ден қойған. Л.Н. Гумилев көшпенділердің әлем тарихына қосқан үлесін бұрмалап көрсетуге тырысқан еуроцентристік біржақты пікірлерге үнемі қарсы шықты. Лев Гумилев көшпенділер тарихынсыз әлем тарихын тұтастай қарастыру мүмкін еместігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Оның ғылыми мұрасын «Ғұндар» (1960), «Хазарияның ашылуы» (1966), «Ежелгі түркілер» (1967), «Қиял
патшалығын іздеу» (1970), «Ежелгі Русь және Ұлы Дала», «Этногенез және Жер биосферасы» (1989) және Еуразия халқы тарихы турасындағы тағы басқа зерттеулері құрайды. Л.Н. Гумилевтің қазақ этносының қалыптасуына қатысты жазған ғылыми зерттеулері де бар.
Осы орайда оның «Происхождение казахского этноса» деп аталынатын дәрісін атауға болады. Бұл дәрісті 1985 жылы наурыз айында Э.Е. Дильмухамедова жазып алған. Дәріс 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Еуразияшылдық және Қазақстан» атты Еуразиялық ғылыми форумның еңбектер жинағында алғаш рет жарияланған болатын. Аталған дәрісте Л.Н. Гумилев қазақ этносының шығу тарихы тікелей алдыңғы түркі халықтарының этникалық тарихымен байланысты деп жазады. Ғалым қазақ тарихын көне түріктермен, атап айтқанда, ғұндар және Түрік қағанаты тарихымен байланыстыра зерттейді. Сондай-ақ, қыпшақ, қаңлы, арғындар мен қимақ, қарлұқ тайпаларының қазақ этногенезіндегі орны туралы да айтылады. Әрине, Л.Н. Гумилев қазақ этносының қалыптасу тарихын сол кездегі Еуразия Даласындағы тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып қарастырады. Мәселен, ХІІІ ғасырдағы Шыңғысхан шапқыншылығы тұсындағы Қазақстан тарихы егжей-тегжейлі берілген. Ғалым моңғолдардың жаулап алу соғысы кезінде Қазақстан территориясына келген тайпалар туралы мағлұмат береді. «Шыңғысханмен Шығыс Сібірден келген қоңыраттар арғын, найман және шығыс қыпшақтармен бірге төрттік одақ - Орта жүзді құрды» [1], -деп жазады. Қазақтың шығу тегі, тарихы, шежіресі жайлы зерттеу жүргізген ХХ ғасыр басындағы қазақтың біртуар ойшылы, ақын, жазушы, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлы да «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деген еңбегінде Орта жүзге қатысты осындай мәлімет береді. Онда: «1220 жыл шамасында бұрынғы қырғыз (қазақ-авт.) жерінің, яғни Сарыарқаның күншығысыменен оң тұс
арасында арғын, найман, керей деген елдер араласып, көшіп жүрді» деп келтірілген
25. Византия империясының көрші елдермен қарым-қатынастары Шығыс Рим империясының Батыстан бір ерекшелігі – Византия халықтарының бәріне бірдей ортақ әрі міндетті заңдар мен құқықтар негізінде өмір сүруі болды. Юстиниан билігі кезінде жазылған «Азаматтық құқықтар жинағы» - византиялық заң шығарушылық ой-пікірдің жетістігі. Ол зандар императордың шексіз билігін, құл иеленушілік құрылысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді. Сондай-ақ жеке меншікті корғау, мұрагерлікті реттеу, отбасы құқын сақтау, сауда-саттықты дамыту жолдары тұжырымдалды. Юстиниан заңдары император билігін, Империяны басқаруды нығайтты, экономиканың дамуына үлес қосты. VIII-IX ғасырларда Византияны иконға қарсы күрес әлсіретті. Ол күрес халық бұқарасының шіркеу байлығына, дінбасыларының бұзылғандығына қарсы наразылығын білдірді. 843 жылы иконға табынушылық кайта қалпына келтірілді. Сөйтіп, иконға қарсы күрес нәтижесіз аяқталды. VII ғасырдың аяғында Византия васислевстерінің қолында Юстиниан тұсындағы державаның үштен бірі ғана қалды. Осы кезде Византия құл иеленуші империядан феодалдық мемлекетке айнала бастады. Империядағы феодалдық қатынастар Х-ХІІ ғасырларда түпкілікті орнады. 443 және 447-448 жылдары Аттила (Еділ) басқарған ғұндар Византияға жорық жасап, оны салық төлеп тұруға мәжбүр еткен еді. V ғасырдың аяғынан бастап Шығыс Рим империясына солтүстіктен славян тайпалары қауіп төндірді. Олар Дунайдан өтіп, тіпті Константинопольге дейін жорықтар жасап отырды. VI ғасырдың аяғына қарай славян тайпалары Византия жеріне басып кіріп, Фракияда, Македонияда орнығып алды. VII ғасырдың 70-жылдарында Византияның солтүстік-шығысында алғашқы Славян мемлекеті - Болгария патшалығы құрылды. Византияға славяндардың келіп орналасуы феодалдық катынастарға өтуге алып келді. Византия империясының негізгі тұрғындарын ерікті шаруа қауымдары құрады. VIII ғасырдың аяғында Византияға тағы да бір славян тайпасы - орыстардың шапқыншылығы басталды. Олар қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Византия елдеріне шабуыл жасап тұрды. 860 жылы орыстар Константинополь қаласына дейін келді. Византиямен келісім жасап, кері қайтты. 907 жылы орыстар тағы да астана маңындағы елді мекендерді тонап кетті. 941 жылы Константинополь түбінде орыстар «грек отының» көмегімен талқандалды. 971 жылы византиялықтар орыстарды Болгариядан қуып шығарды. 988 жылы Киев Русі Византиядан христиан дінін қабылдады. Тек осы кезден кейін ғана екі елдің арасында достық қатынастар басталды. VII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Византияға арабтар қауіп төндірді. арабтар Византиядан оның ең бай жерлерін - Сирияны, Палестинаны, Жоғарғы Месопотамияны, Египетті тартып алды. Араб әскерлері Константинопольді бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны басып ала алмады. арабтардың Византия жерін оңай басып алуына негізінен аймақтардағы халықтардың жоғары алым-салыққа наразылығы себеп болды. Олар арабтарды өздерінің азат етушісі ретінде карсы алып отырды. VII ғасырдың аяғында арабтар Византияның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды. Сыртқы шапқыншылықтар салдарынан империя аумағы үш есе кеміді. Тек VIII ғасырдың ортасында ғана Византия арабтарға қарсы күресте біраз жеңістерге жетіп, Сирияға басып кірді.[3]
26. Отандық тарихта аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз Халықтардың Ұлы қоныс аударуының әсерінен, шамамен екі жүз елу жылдай уақыт бойы аварлар Карпат өңірінде (қазіргі Орталық Венгрия, Трансильвания) территориясында қоныстанып, мықты саяси билікті иемденген. Бірақ сонда да алып территорияны жаулап алған және Византия империясын біраз әбіржіткен аварларды, қазіргі таңда жоғалып кеткен халықтардың қатарына жатқызуға болады [57,с.98-101]. Сондықтан оларға байланысты көптеген мәселелер құпия болып қалуда. Авар (avaris, avares) қағанаты құрушылар мен олардың құрамына енген тайпалар, одақтың тарихы жайында ешқандай мемуар, немесе жазба ескерткіштер, құжаттар т.б. сияқты мәліметтерді қалдырмаған. Сондықтан жұмысымыз барысымызда көбінесе жазба деректер мен археологиялық мәліметтерді басшылыққа аламыз. Аварлар Шығыс Еуропа даласында, біздің жыл санауымыздың VІ ғасырларда қалыптасып, авар атты қағандық құрып, үлкен саяси одаққа айналды. Авар қағанатын құрушылар Еуропа мемлекеттерінің тарихына өзінше ықпал етіп, әсер қалдырушылар болды. Ақырында қағандық ыдырап жергілікті халықтармен ассимиляцияға ұшыраудың нәтижесінде ІХ ғасырда тарих сахнасынан кетеді. Авар тайпаларының ежелгі қоныстанған территориясын және оның күнделікті өмірі жайындағы мәліметті, Византия, латын жазба деректерімен археологиялық ескерткіштер береді. Авар атауының шығуы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны жөнінде тарихта үш түрлі гипотезалар бар. Соның біріншісі бойынша, аварлар көшпелі жуан-жуан империясының ұрпақтары дейді, екіншісі бойынша олар, Орта Азиядан шыққандар және вархониттер олардың ата-бабалары, үшінші гипотеза бойынша аварлар Венгрия территориясының кейбір қоныстардың атауларының түбірі “варконь” деген сөзбен аяқталады, сондықтан жергілікті халық болуы мүмкін дегенде болжамдар бар [58,с.102]. Жазба деректерге сүйенетін болсақ мысалы: Менандр Протектордың хабарлауынша, “568 ж. император Юстиннің билігіне төрт жыл болғанда, Византияға ертеде сақтар деп аталған түркі қағандығынан елшілік келген, елшілікті Маниах бастап келген” дейді. Ол өз елінен императорға хат әкелген, оны император аудармашы арқылы оқығаннан кейін, елшіге сұрақ қойған дейді. Сол сұрақтардың бірінде император аварлар жайында сұрайды, мәселен сөзбе сөз келтіретін болсақ; бізге айтыңызшы, қанша аварлар түрік билігін бұзды және де сіздерде аварлар қалды ма? деді император [54,с.370-371].VI ғасырдың бірінші жартысында көптеген тайпалардың ішінде авар тайпа ұйымы ерекшелене түседі. Аварлар түркі тілдес тайпа болғандықтан, біз ежелгі түркілердің этникалық тарихына тоқтауымыз қажет. Бұл мәселе тарихнамада күні бүгінге дейін толық шешімін таппаған. 1968 ж. Монғолияда түркі тарихына байланысты жазба ескерткіш табылып, түрік тарихын зерттеуге үлкен жол ашып береді. Бұл жазбаның жоғарғы бөлігінде қасқырмен оның астында қолы мен аяқтары кесілген адамның бейнесі бейнеленген. Авар атауы, жалпы аварлардың қайдан шыққаны толық зерттелмеген және бұл мәселе жөнінде әртүрлі мәліметтер бар. Айталық Византия тарихшысы Присктің мәліметі бойынша авар тарихы 461 ж. басталды дейді [55,гл.ХІ,2]. Батыс пен Армян деректері бойынша V ғасырдың аяғында, ғұндар Шығысқа басқа атпен оралды делінеді. Прокопий Кесарийский және Моисей Хоренский шамалап “ақ ғұндар” деп атаған, олар “Кушанавар” деген қолбасшыларымен Перозаны талқандаған. Бұл қолбасшының аты екі сөйлемнен тұрады; Кушан – термин, армян тарихында көшпелі деген мағынаны білдірген немесе Кушан атауы Орта Азияда бар және Аваз-авар– бұл атау Шығыс Еуропадағы ғұндардың ұрпақтарының аты. 567 ж. Эфталит қоғамы түркілерден жеңілгеннен кейін, Ирнах пен Денгизих атты деректер бойынша ақ ғұндар Византиядан бастап Орта Азияға дейін аралықта мекендеген, көшпелі өмір сүретін ғұн тайпаларының қалдықтарымен араласты, ассимиляцияға ұшырады деп жобалайды. Яғни жоғарыда келтіргендей Кушанавар атты бастаушы адамның аты дәлел болады. Бәлкім бұл атау екі тайпалардың бірігуінің аты негізінде пайда болса керек: Деректерді талдайтын болсақ, Иордан өз еңбегінде авар атауына байланысты, Днепр өзенін Ғұнновар (Hunnivar) деген термин мен атаған, яғни екі атау біріктірілген ғұн + авар. Мүмкін “вар” деген термин авеста – эфталиттік термин бойынша “вар”– қала қоныс деген мағынаны білдіруі мүмкін. Осыған байланысты; авархуни – “ғұн қонысы”, “қоныстанған ғұндар” деген этимология шығады. Авар мен ғұндардың қысқартылған түрі вархонит тайпа атауында сақталған, яғни сөйлем уар+хуни деп өзгертілген. Бұл атау жазба деректерде VІ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған (шамамен 557 ж.). Иорданның шығармаларында Хуннугуры (Hunnuguri) деген атау кездеседі [50,гл.37]. Жалпы византиялық тарихшылар аварларды екіге бөледі: 1)Еуропалық авар “псевдоавар”; 2) Орта Азиялық аварлар деп. Менандр Протектор Еуропалық аварларды авар демей – “вархонит” деп атаған [62,гл.4]. Феофилакт Симокатта VІІ кітабының сегізінші тарауында бұл атаудың аздап өзгерген түрі “obar nai Xouvvi” Еуропалық авар болып есептелетін “псевдоаварларды” келтірді. Көшпелілер туралы мәліметтерді біз, Агафий Миринейскийден кездестірдік. Автордың жазбалары негізінен VI ғ. орта шенін қамтиды да, Юстиниан тұсындағы Византия тарихын бейнелейді. Савирлар, оның айтуынша империяның жалдамалы әскер қатарын құраған. Сонымен бірге мына атауларда беріледі: котригурлар, утигурлар, ултидзурлар [64,гл.ІІІ,17]. Аварлар жоғарыда келтірілген ғұн державасы ыдырағаннан кейінгі тайпаларды жеңіп, көп жағдайда өзіне қарасты етеді. Днепрдың оң жағалауына қоныстану үшін аварлар VI ғ. екінші жартысында ант тайпаларымен соғысып, оларды өздеріне қаратқан. Менандр Протектордың мәліметінше, анттардың билеушілері қудандалушылыққа ұшырап өз үміттерінен айрылды. Аварлар олардың жерін тонаушылыққа ұшыратады. Күйзелістен шаршаған анттар, аварларға өз елшілерін жібереді. Бос сөйлейтін, мақтаншақ Мезамир, елші басшысы ретінде аварларға барысымен, еркөкіректене сөйлейді. Сол кезде қағанның туысы болып келетін Котрагит есімді адам, анттарға қарсы қағанға былайша кеңес береді: “Бұл адам анттар ішінде үлкен ықпал етеді, сондықтан оны өлтіру керек те, еш қорқынышсыз олардың жерлеріне шабуыл жасау керек” дейді. Осыдан кейін аварлар ант елшісі Мезамирді өлтіріп, олардың халқын тұтқындап, жерін тонаушылыққа ұшыратады [62,гл.6]. Шығыс Еуропа даласына алғашқы аварлардың келуіне байланысты бірнеше мәліметтер бар. Бір мәліметтер бойынша Юстиниан патшалық құрып тұрған кезде уар және хунни тайпаларының бір бөлігі қашып келе жатқанын көріп, қорыққандарынан орналастырып, оларды аварлар деп есептейді. Уар хундарға жергілікті тайпалардан елші келіп уар хундарды – авар деп атайды. Сөйтіп бұл тайпалар авар деп аталып көсемдерін құрметтеп қаған деп атаған делінеді [56,кн.VI,8]. Мәліметтер бойынша “скиф халықтарының” ішінде басқа тайпаларға қарағанда аварлар: ақылды, іскер, ықпалды болған. Феофилакт Симокатта бұл тайпаларды псевдоавар деп атаған дұрысырақ болар еді, себебі тайпалар арасында беделге ие болып, олардың кейбіреуі бұрынғысынша уар деп аталса, ал басқалары хун деп аталды [56,кн.VI,8,9]. Әдебиеттерде авар-вархониттер де Орталық Азиядан келгендер және олар монғолдар деген пікірлер бар. Кей деректерде аварларды-хиониттер вархиониттер деп атап, олар ғұн дәуірінде Сейхун өзенінің (Сырдария) төменгі ағысында өмір сүрген көк көзді, сары адамдар болған деген мәліметтер бар. Ф.Симокаттаның айтуынша, аварлар өте денелі болып, асқан жауынгерлер ретінде шыққан [59,кн.4]. VІ ғасырдың 50 жылдарында түріктерден жеңілген жужандар батысқа келіп, авар одағын құрады және олар псевдоаварлардан “Кермихион” деген атымен ерекшеленді дейді. Х. Хоурс тұжырымы бойынша аварлар монғолдар дейді: С.П. Толстов болса басқаша көз қарасын білдіріп, яғни “керм” терминінен – “қала”, “қоныс” білдіреді. Олай болса “авархуни” және “кермихион” шын мәнісінде екеуі бір мағына білдіреді – ғұн қонысы яғни, отырықшылар дейді. Авар термині грекше – авар деп айтылады. Орыс жылнамасында “обро” деп атайды [53,с.211]. Араб жазушысы Ибн-Хордадбех (хазарлармен бірге), абарлар немесе аварларды келтіреді [66,с.108-110]. V ғасырдың аяғынан VІІІ ғасырдың аяғына дейін Шығыс Еуропа даласында Авар қағанаты өмір сүреді. Аварлар құрған тайпалық одақта, негізгі рөлді түркі тілдес тайпалар атқарды, сондықтан негізгі тілі де түрік тілі болды [67,65-67бб.]. Аварлар алғашқы еуразиялық болған, ғұн державасы құлағаннан кейін бірнеше түркі тілдес тайпалар ішінен аварлар бөлініп шығады және де оларға шығыстан жужандар келіп қосылып VІғ. 60 жылдарында Авар қағандығын құрады. Бұл тайпалық одақтың қағаны Баян болады. Ұлы Қоныс аудару дәуірінде ғұн державасы Еуропа тағдырына, Еуразия тарихында жаңа кезеңге, яғни орта ғасыр өркениетіне өтуге бірден бір ықпал етсе [68,с.14-15], ал аварлар осы ғұн дәстүрін; яғни шығыс дәстүрін жалғастырушылар болды. VІғ. ортасында аварлар ауқымды территорияны жүріп өтіп, Карпат жеріне келеді, олар өздерімен қоса басқа да этникалық топтарды ала келеді. Айталық Еділ өзені бойынан герандықтарды, оңтүстік орыс даласынан кутригурларды т.б. Осындай жағдайлардан кейін аварлардың өздері, басынан-ақ таза аварлар болмады, олар этникалық жағынан аралас халық болды. Ежелгі Орталық Венгрияның тұрғындарының арасында сарматтар да болды, олар ертеректе Рим аймақтарына келіп тұрақталып, аварлар келгенше өмір сүрді – осылардың бәрімен аварлар некелік қатынасқа түскен. Егер осының бәріне славян ықпалын қосатын болсақ, онда VI – IX ғғ. Карпат өңірінде этникалық жағынан аралас жұртшылық мекендеп, өздерін авар немесе обор деп аталғандармен біріккен Енді авар ордасының Шығыс Еуропа даласына келмей тұрып, Орта Азия, Алтай өңірін мекендеген түркі тайпалармен қарым қатынасына және жужан атауына тереңірек тоқталуды жөн көрдік. Алып түркі Ту-кю державасы Еуразия құрлығының көшпелі және кейбір отырықшы аймақ тұрғындарын қамтып, жаугершілік соғыстардың арқасында ұзақ өмір сүрмеген империя өкілдерінің бірі болды. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына байланысты, ыдырап, күйреп жатқандардың орнына, келесі империялар пайда болып жатты, бірақ солардың бірде-біреуі Алтай тайпаларының бірі Ту-кюлер сияқты аз уақыт ішінде сондай үлкен, ауқымды империя құра алмады.
27. Македонскийдің жорықтары кезіндегі Батыс және Шығыс Александр Македонский (патшалық құрған мезгілі б. з. б. 336 – 323) – әлемге аты мәшһүр қолбасшылардың бірі. Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған. «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александр Македонский. Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты. Осы Зұлқарнайын, яғни Македонский патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Македонский осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді Македонскийдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Македонский жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Македонскийдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да ПарапамизустыКавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезіндеСтрабон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Македонский жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Македонскийдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Македонскийдің абыройын артқыза түспек болған. Дәл осындай қатені Македонский тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірдеОксиартес деп те атаған.
28. Эллинистік мәдениеттің Шығыстағы орнын анықтаңыз Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістаншекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александрды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңққа бөленген, ұлы Александр отыз үш жасында дүние салды. Ол өлгеннен кейін (біздің заманымызға дейінгі 323 жыл) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық династиялар құрылды. Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антохия мен Кіші Азиядағы Перғам эллиндік елдердің мәдени орталықтарына айналды. Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр менВавилонның мәдени мұрасымен, ғылыми жетістіктерімен гректердің кеңірек танысуына даңғыл жол ашса, ал өз кезегінде жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Сөйтіп, Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды. Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезегінде Грек қалаларының бай құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалынған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығысхалықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары да барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаған кездерде айқын сезілді. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты сфинкстер, қанатты жылан, құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар-грифондар, өлгендердің аруағы болып есептелінетін адам басты құстар — сиреналар және тағы да басқалары пайда болды. Сонымен Шығыстың ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салды. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмысстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі — Алексаңдриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмысстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер менпланеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы — Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар өйгілі кітапхана орналасты. Біздің ойымызша, эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас. Өйткені, бұл дәуірде Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дөстүрлері болды. Бірақ оған қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді. Біздің заманымызға дейінгі II ғасыр өмір сүрген атақты мүсінші Александр (Агесандр)дың қолынан шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген Афродитаның мүсіні қазір бүкіл дүние жүзіне белгілі болып отыр. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббатқұдайының бұл сырлы бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нөзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады. Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атаққа ие болған Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуіріне біртұтас жобамен салынған алғашқы қалалардың бірі болып саналатын Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған. Пырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңыңда жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге болады.
Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткішінің бірі — Троялық абыз Лаокоон мен оның балаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер — Агесандр, Полидор және Афанодор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңызхикаядан алынған. Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды. Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне төн, патшаны құдай дөрежесінде мадақтауға негізделген — монархтарға табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардьщ әйелдері құдайлар деп таныльш, оларға құдайлардай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші бір белгісі — «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет — синкретизм еді (гректік және шығыстың діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).
29. Арабтардың Батысқа жорығы: себептері, барысы, нәтижесі Аравияны толық жаулап алғанға дейін МеккеМедина қауымының қарулы күштері мен оларға қосылған бедуин тайпалары көрші өркениетті елдерге басып кіре бастады. 633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден тұратына үш араб әскері, Сирияға басып кірді. Мединахалифатына аравиялық тайпаларды бағындыру арқылы бұл әскердің күші толықты. Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс [31] өлі теңізден оңтүстіктегі Вади – л – Арабта және Газды ауданында өтті. Бірнеше бекеттер орналасқан және жергілікті тұрғындардан асығыс жасақталған, әлсіз византиялық гарнизондар өз дәрежесінде қарсылық көрсете алмады. 634 жылы жазда арабтар Бусраны алып, Аджнандин (Аджадейн) және Фихм түбінде византиялық әскерге соққы берді. Бекініс қамалдарындағы палестина және сирия тұрғындары тойтарыс беретін және шабуыл жасайтын техниакалары араб отрядтарында қарсы қорғанысқа өте зауықсыз қатысты. Олар арабтардың әскер басшыларымен келісімге келуді артық көріп, “өмірін, мүлкін, балаларын сақтау және басы салығын төлеу шартымен” арабтарға бекініс пунктерін өткізіп берді. Византия әскерлері өздерінің соғысу қабілеті жағынан арабтарға жетпеді, олармен шайқаста үнемі жеңіліс тауып, үлкен қалаларға жасырынып қалатын. 635 жылы ақпанда Мардж ас –Суффара түбіндегі шайқастың нақты барысы қиял туындысы болмағанда, византиялық әскердің қайсарлығын мойындауға болар еді. Белазуридің хабарлауына қарағанда византиялықтардың “қырғын күреске кіргені соншалық, суға аққан қанмен диірмен қозғалысқа келтірілген”Арабтардың басып кіруі ірі жаулаушылыққа айналып бара жатқанын түсінген Византия әскери қолбасшылығы мператор Ираклидің басшылығымен Солтүстік Сирияға көп әскер шоғырландырды. Гректермен (румдық) бірге оның құрамына ал Джериа мен Армения тұрғындары мен сириялықтардың отрядтары енді. Византия әскерінің саны, араб тарихшыларының асыра санауымен 200 мыңға жеткен дейді. Араб отрядтары жауынгерлерінің саны мәліметтер бойынша 24 мыңнан асқан жоқ. Византиялықтардың жақындауына байланысты арабтар Даманск және тағы басқада қалаларды тастап, Иорданның шығыс тармағындағы Йармук ауданына шегінді. 636 жылы 20 тамызда осы жердегі ірі шайқаста византиялықтар қирай жеңіліп, 70 мың жауынгерлерінен айырылған. Визатиялықтардың соғысу қабілетінің нашарлауына, шайқасқа дейін - ақ өзара қақтығысып қалған грек және армия бөлімдерінің алауыздығы кері әсер етуі Гассанид патшасы Джебел ибн ал – Айхан бастаған сириялық арабтар шайқас кезінде арабтар жағына шығып кетті [15]. Йармукта византиялықтарды толық талқандағаннан кейін арабтар Сирияның толық билеушісіне айналды. Аңыз бойынша император Ираклий бұл елді мүлдем тастай отырып, шекарадағы бір шатқалды: “Қош бол, Сирия !” – деген екен. Арабтар Даманскіні қайта алып, содан кейін Солтүстік Сирияны бағындырды. 638 жылы – жыл қоршаудан кейін – Иерусалим, 640 жылы 7 жыл қоршаудан соң – Кайсария берілді. Мұндай ұзаққа созылған қоршау арабтардың әскери – техникалық мүгедектігінен емес, осы портты қалалардың гарнизондарының теңіз арқылы үнемі көмек алып тұруымен түсіндірілді. Арабтардың визатиялықтардың теңіз флотымен күрестен еш құралы ол кезде жоқ болатын. Африкаға жорығын арабтар,араб қарулы күштер Сирияда жеңіске жеткеннен кейін барып бастады. Араб отряды Египетке алғашқы жорығы ибн ал-Асанның қолбасшылығымен аз ғана әскермен 639 жылы желтоқсанда бастады. Ескі пайым бойынша, өзінің Сирия әскеріндег бағыныштылық жағдайына риза болмағандықтан Ніл жазығына өздігінен жорық бастаған бұл қолбасшының әрекеті мүлдем мүмкіндігі жоқ ретінде алынып тасталуы керек еді. Іс жүзінде бұл жорық Египеттен Хиджазға астық, тағыда басқада азық – түлік жеткізу үшін жасалған болатын. Мекеннің тұтыну сұранысы, әсіресе Аравия біріккеннен кейін, қажыға барушы мұсылмандардың санының көбеюіне байланысты өсе түсті [37]. 640 жылы қаңтарда Амрдың әскері Фарамды алды, одан соң Нілді басып өтіп, Файымға жорық жасады. Маусым айында арабтар қосымша күш алғаннан кейін, Гелиопольде византиялықтарға соққы берді. 640 жылы қыркүйекте олар Вавилонды қоршады, бұл бекініс 641 жылы сәуірде берілді. Осыдан кейін Ніл арқылы төмен жылжи отырып, Александрияны қоршауға көшті. 641 жылы қарашада жергілікті патриарх Кир (ал – Мухавкис) Амрмен осы бекіністі беру жөнінде келісімге отырды. Келісім бойынша он бір айлық уақытша бітімнен кейін Египет астанасы арабтардың қолына өтті, ал бұл уақыт ішінде осы қалада тұратын бай және ақсүйек гректер қоныс аударды: 642 жылы қыркүйекте гректерді көшіру аяқталғаннан кейін, араб әскері, Александрияға кірді. Осы уақытқа дейін араб отрядтары Жоғарғы Египетке ішкерлей енген болатын. 645 жылы Византия флоты Александрия аймағына басып кіріп,десант түсіріп, қаладан арабтарды шегіндірді. Арабтар қаланы екінші рет қоршап 646 жылы жазда шабуылмен алды. Араб әскерлері Египеттен онымен көрші Ливияға шапқыншылық жасауды ұйғарды. Жергілікті бербер тайпаларынан қарсылық кездестірмеген және Византия гарнизонына соққы берген арабтар 642 жылы күзде Барка қаласын алып, Киреналка облысын бағындырды. Осы облыстан шығып, Феззанның оңтүстігіне дейін және батыста Трипаш қаласына дейін еніп, оны 643 жылы алды. 647 жылы араб әскері Египеттің наместнигі Абдаллах ибн Садтың қолбасшылығымен Ифрикияға басып кірді және Византиялықтарды Сбейтла қамалының түбінде талқандады Төртінші тақуа халиф Әли ибн Абу Талиф Неджефте жерленді. Оның өлімінен кейін Мұхаммед пайғамбардың көрегіндікпен айтқан сөзі дәл келді. Ол: мен өлген соң 30 жыл өткенде Халифаттың орнына патшалық келді. Халифты силау әулеттік принциппен ауыстырылады деген еді. Шынында да билікке Омейялық Муавия ибн Ауб Суфьян (661 – 680 жж.) келді де 750 жылға дейін оның үрім бұтағы биледі.Осылайша, арабтар 20 жыл көлемінде Византия империясының құрамына кіретін Азияны, Африкадағы кең байтақ территорияны жаулап алды және Иран патшалығын түгелдей бағындырып, құдіретті державаның саяси тәуелсіздігіне нүкте қойды. Араб жаулап алушылығының тез, әрі жеңіл жүзеге асуының себептерін араб тарихымен айналысатын немесе өз еңбектерінде осы оқиғаға жолай тоқтаған Еуропа тарихшылары анықтауымен шұғылданды