- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
Сібірдің оңтүстік-шығысында, Алтай мен Енисей бойында, түркілер мен монғолдардың бесігі болған жерде өмір сүретін монғол түркі тайпалары әлі күнге дейін түркі тілінің тазалығы мен салт-дәстүрін сақтай отырып, ізденімпаз монғолтанушы филологтар үшін мол қазына болып табылады. Сібірде болған академик Кастрен1 олардың көпшілігін түркіленген самоедтер тайпасына жатқызып, Саян тауларын финдердің бесігі санайды. Фин, түркі және монғол тайпалары адамзаттың дамуына түрлі кезеңдерде және тілі жағынан да ықпал еткеніне күмән жоқ. Фин, түркі, монғол тілдерінің әсіресе, соңғы екеуінің туысқандығын көптеген ғалымдар мойындады. Сібірлік көшпенділер мен түркі монғол тайпаларының аңшы тайпалары шамандықты ұстай отырып, өмір сүру сипаты мен тілінде осман түріктері2 мен Қазан татарларына қарағанда, өзіндік тұрмыс ерекшеліктері көп. Мұсылман діні олардың тұрмыстық ерекшелігінен, ұлттық өзгешелігінен айырады: Қазан татарларын алыңыздар, олардың Батыйлық монғолдар мен Батый әскерлерінің түркі-қыпшақтармен қосындысынан шыққаны тарихтан белгілі. Айтыңыздаршы, Еділ монғолының бойында оның шығу тегін байқататын не бар? Ештеңе. Қазандықтар, османлылар, қырымдықтар Құран мен Исламға берілгені сонша, бірде-бір ұлттық ертегісін немесе көне ән-жырын сақтамаған. Қазан музасының жалғыз поэмасы Мұхаммадия мазмұнының өзі діни сипатта. Олардың тілдеріндегі сөздердің жартысы араб және парсы сөздері. Қалай айтсаңыздар да, мұсылман діні өз дегеніне жетті. Ислам діні барлық ұмтылушыларды арабқа айналдырып, оларды Құран мен Пайғамбардан басқа ештеңені ойламауға, сыйламауға үйретті. Түркі-мұсылмандардан сіз діни-схоластикалық бағыттың тек бір ғана жағын көре аласыз; өзге жағына келгенде олар соншалықты топас және өзге кәсіпке қабілетсіз, ал олардың «дінсіз» бауырлары білімі жағынан төмен тұрғанмен, ақыл-ойы жағынан әлдеқайда жоғары. Қаңғыбас якут, қалмақ, монғолдың ұлттық сипатын айтпағанда, өзінің поэзиясы, соған орай өзіндік тұрмыстық аймағы, шағын болса да, интеллектуалдық дамуыған өмірінің өрісі бар. Якуттардың поэмаларын оқыңыз, Щукинның3 айтуынша, олардың поэтикалық («Поездка в Якутск») жетістігімен қоса тарихи маңызы да бар. Оногой бай (осы аттас поэманың басты кейіпкері) халық аңызы бойынша, Алтайдан 150 адаммен шығады. Бұл аңыздың негізі бар: қарағас4 татарларының (Енисей губерниясында) арасында әлі күнге Саха деп аталатын болыс бар, якуттар да [өздерін] саха деп атайды. Мұндай поэмалар якуттарда көп: Элляй батыр, Оногай батырдың соңынан ерген көш басшысы, Багани батыр, Немейбай-тойон. Олардың әрқайсысы халық тарихының әрбір кезеңінің оқиғасын мәңгілікке қалдырып отырады. Халықтың діні мен діни ғұрыптарымен таныс ететін поэмалар: Хорылан, Мохсогол, Еберен Эмехсин, || романтикалық, махаббы жырлайтын Кыланных-Кыс батыр (Замечание о якутском языке Огородникова5. «Отечественные записки» 1846)*1. Қарағастар (Енисей губерниясы, Минусин уезы), телеуіт, кергиттер*2 (Том губерниясы) және өзгелердің де көптеген аңыз-әңгіме, ертегілері бар. Олардың мәтелдері де өмірлік шындыққа тұнып тұр, мәселен, телеуіттердің мақалы: «Құл князьден көп білуі мүмкін, бірақ оған сөйлеуге кім рұқсат береді»; «Сақалда ақыл жоқ» және т. б. Енисей және Том бұратаналары тілінің сөздеріне қарағанда, таза түркілік. Чихачев6 мырза дәл байқағандай, шағатай тіліне жақын, зерттелген диалектілер ішінде ең негізгісі фин және жалпы түркі монғол тілдерінің қосындысы бар. Бұл фин түркі монғол тілдерінің жақындығын анықтағысы келетін ғалымдар үшін ерекше пайдалы болар еді. Якут тілі жайлы журналдар мен брошюралардағы мақалалар (Замечание о якутском языке. «Отечественные записки», том XLVII; Смесь; Известия Географического Общества...) және қарағас тілі туралы (ibid*3., князь Костров)7 ешқандай мәлімет бермейді. Түркі тілдерінің дыбысталуын орыс әліппесімен ерекше фонетикалық белгілерсіз беру олардың ажарын кетіреді. Автордың кейбір сөздерді түркі және монғол сөздерімен салыстыруы келемеж... соңғыларын алдыңғысының да дұрыс екеніне күмән келтіреді. Ғылымның нағыз пайдасы үшін бізді осы халықтардың тілімен таныстырғысы келетіндер сөздік құрауда, мәселен Якут тілінің сөздігін жасауда «Замечание о якутском языке» авторы Огородников мырза 1846 жылы сол тілдердің жазылуы бекітілген монғол немесе араб әліпбиін таңдауы керек еді: 1) осы тілдердегі дыбыстарды дұрыс беру үшін; 2) монғол және татар тілінде бар сөздердің өзгелерден айырмашылығын байқау жеңіл болу үшін.
