
- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
Еуропа тарихында Рим империясы ыдырағаннан кейінгі вар- варлар жетекшілік еткен кезең батырлық ғасырлар деп аталады. Бұл кезеңге түрткі болған тарихта «Ұлы қоныс аудару» деген ат- пен белгілі ғұн тайпаларының Орталық Азиядан Еуропаға көшуі еді. Түркі халықтарының тарихи санасында «Еділ батыр» деген атпен белгілі осы тайпалардың көсемі, ұлы қолбасшы Әтилла герман-скандинав халықтарының «Үлкен Эдда», «Нибелунгтар туралы», «Вальтарий», «Сага-Тидрекс» эпостық жырларында ко- роль Этцель деген есіммен бас кейіпкер болып қалды. Хунгария (Венгрия) мемлекетінің тұрғылықты халықтарының дәстүрінің түркі мәдениетімен көптеген ұқсастықтары да бекер емес. Қазақтар да, мадиярлар (венгрлер) Еділді өздерінің бабасы санайды. Оларда да кейбір қыпшақтың руларымен аттас рулар кездеседі. Шығыс Римге де, Батыс Римге де салық төлеткен солтүстік ғұндардың көсемі Ругила қайтыс болғаннан кейін ол б.з. 434-453 жылдар арасында билік басында болды. Еуропалықтардың жа- дында Әтилла мен ғұндар тамаша әскери өнер мен адамгершілік құндылықтарға ие бөтен әрі құпия шығыстық өркениеттің ле- бін әкелген өз заманының тамаша адамдары ретінде қалды. Әтиллаға бағынған франк, бургунд, аквитан корольдері оған қыздарын күйеуге беріп, ұл балаларын оқыту мен тәрбиелеуге берген. Эпостық поэмаларда Әтиллаға деген табынушылық, тіпті сүйіспеншілік аңғарылғанымен, барлық батыстық кейінгі тари- хи деректер мен оқулықтар (КСРО тарихының очерктерінде ғұн қоғамын лайықты сипаттаған Амиан Марцелинді асыра дәріптеді деп кінәлайды) үндемеуге тырысады. Өйткені он тоғызыншы ғасырдың еуроцентристік тұжырымдамаларына сәйкес, өркениетті тек отырықшылар ғана құрған, ал көшпенділерде тағылық пен тоқырау ғана болды деп есептеледі. Шындығында, б.з.д. I мыңжылдықта көшпенділердің мәдениеті мен өнері мейлінше жоғары әрі төлтума болды, қытайлық, ирандық немесе эллиндік мәдениеттердің көшірмесі немесе оларға еліктеушілігі болған жоқ [175]. Қазіргі кездері құндылықтардың алмасуына орай, Әтилла мен ғұндар туралы көзқарастар өзгеріп, олар туралы фильмдер мен көркем әдебиеттер жазылуда, ғылымда арнайы аттиллаизм деп аталатын жаңа бағыт та пайда болды. Жоғарыда аталған үйсін, қаңлы, алан (алшын), ғұн ұлыстары өзара тығыз саяси, шаруашылық және мәдени қарым-қатынаста болды, тіпті олар аралас-құралас ғұмыр кешті. Кейбір тайпалар біресе үйсін ұылысының, біресе қаңлылар ұлысының құрамына кіріп отырды. Үйсіндер алғашқы кезде ғұндарға бағынды, кейін келе ғұндардың бір бөлігі үйсін, қаңлы, аландарға қосылып кетті. Ал қаңлылардың кейде үйсіндерді, кейде аландарды өз қол асты- на қаратқан кездері де болды. Өркениет қалыптасуының бір белгісі жазба мәдениеттің болуы деген өлшемге келер болсақ, шындығында да үйсіндер мен қаңлылардан және ғұндардың азиялық тармағынан да, еуропалық тармағынан да ешқандай тікелей жазба деректер қалмады. Алайда ғұндардан біз көшпелі өркениетке тән өмір тәртібі мен дәстүрлеріндегі кейбір ортақ белгілерді табамыз. Ғұндардың әлемдік өркениетке қосқан жанама үлесі «Жібек жо- лын» қалыптастыруымен тығыз байланысты. Б.з.д. 138 жылғы Чжан Цяннің белгілі экспедициясын Орталық империя ғұндардың шабуылына тойтарыс беру үшін «Батыс өлкеден» одақтас тау- ып, «Екінші майдан» ашуды ұйымдастыру үшін жіберілген еді және бұл экспедиция Ферғанаға дейін жетті. Алайда Чжан Цян іс барысында көптеген таңсық нәрселерді тапты. Біріншіден, ол жібек өндіру мәдениетінің жоқтығына таң қалды. Бұл жақтағы жылқылар өте әдемі келеді екен. Ол жүзім өсірумен және сонымен байланыстағы шарап жасаумен танысты. Әрбір таңсық нәрсенің артында басқа байланыстардың тұтастай тізбегі жататындай еді. Мұндағы жылқыларды Қытайда асырауды жолға қою үшін, алдымен олардың жейтін шөбін – люцернді, оның тұқымдарын және оны «өздерінде» өсірудің қамын қарастыру қажет болды. Ақпараттың азғантай ғана ағымы сауданы жолға қою үшін кәсіпкер адамдардың әрекетіне түрткі болды және де бұл сауда ісі тез ара- да бүкіл «Көне Дүние» ауқымындағы қарым-қатынас пен тауар айырбасының көпіріне айналды. Дала, Орталық Азия тауарлардың, алтынның, жібектің, идеялардың, жаңашылдықтардың, көркемдік талғамдардың әлемдік айналымының дәнекері ретінде «Тарихтың қақпасына» айналды. Айналым Шығыстан Батысқа қарай және керісінше, Солтүстіктен Оңтүстікке және керісінше, диагоналды әрі басқа бағыттарда жүрді. Өркениеттіліктің тағы бір маңызды өлшемі қалалардың болуы болып есептеледі.