
- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
Еуразияның шығыс бөлігінен батысқа қарай тез қарқынмен алға қарай бет алған ғұндар, ІV ғасырдың ортасында Еділ мен Дон арасындағы аймаққа басып кірді. Жол-жөнекей оларға алғашқылардың бірі болып, аландар қарсы шықты. Солтүстік Кавказдағы аландарды жаулап алып, Боспор патшалығын талқандаған ғұндар Дон өзенінің арғы бетіне өтеді. ІV ғасырдың екінші жартысында Еділ-Жайық өңіріндегі ғұндар Қара теңіздің солтүстік жағалауын жаулап алғандығы жоғарыда айтылды. Осы Қара теңіздің солтүстік жағалауын жаулап алып, сарматтарды бағындырған кезде, ғұндарға аландар табан тіресе қарсылық көрсете алды. Бірақ, даланың соғыс өнерін жетік меңгерген ғұндар 370-372 жылы аландарға ойсырата соққы беріп жеңіске жетті. Аландардың бір бөлігі ғұндарға бағынғанымен, бір бөлігі Рим империясының жеріне өтіп кетті.
Сондықтан, олар кейіннен Батыс Рим империясына қызмет етуге мәжбүр болды. Батыс Рим императоры Грациан өзенінің әскери жасақтарын осы аландардан құраған. Батыс Рим империясына қызмет еткен аландардың басшысы Сангибан 451 жылы Аттилаға қарсы соғысудан сескеніп, оған өз еркімен берілмекші болды. Дегенмен, кейіннен Сангибан Батыс Рим империясының басшыларының айтқанынан шыға алмай, өз әскерімен бірге варвар тайпаларының, Ғұн және Батыс Рим империяларының арасында болып өткен Каталаун шайқасына қатысты. Әлем тарихында «Каталаун шайқасы» деп аталатын халықтар шайқасында, аландардың әскери күші толығымен талқандалды [50. 210 б.].
Ғұндарға қарсы Еуропада белсенді қимыл көрсеткен тайпалардың бірі остготтар болды. Сондықтан да, батыс деректері негізінде олардың ғұндармен арасында болған қарым-қатынастарын бір ізге түсірмес бұрын готтарға тоқтап кетудің ешқандай да артықшылығы жоқ сияқты.
Қалай болған күнде де готтардың батысқа жылжуына ең алдымен ғұндардың шапқыншылығы көп әсерін тигізді. Олардың ара қатынасы ушыққан уақыт деп ІV ғасыр деп үшінші ширегі деп айтуымызға толық негіз бар. Себебі, ІV ғасырдың екінші жартысында ғұндар қуатты мемлекет құрған соң, өздерінің саясатын іргелес қоныстанған елдерге таңа бастайды. Олар ең алдымен осы уақыттарда Қара теңіздің солтүстік жағалауларын жаулап алы, сарматтарды, одан кейін аландарды бағындырғанын біз айтып өттік. Сөйтіп, солтүстік ғұндардың Еділ мен Жайық аралығын мекендеген бөлігі Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі аймақты өздеріне бағындырады да, әскери жорықтарын өршіте бастайды.
Осы кезде остготтар оларға қарсы тұрды. Остготтарды мемлекеттік деңгейге шығарған Эрманарих тұсында аландар, сарматтар осы тайпалық одаққа бағынышты болды. Бұл жерде, әрине ең алдымен 375 жылғы ғұндардың шабуылы шешуші роль атқарғанын айта кеткен жөн.
375 жылы ғұндар Оңтүстік-шығыс Еуропадағы Остгот королі Эрманарихтің көп тайпалы державасын тас-талқан етті. Осы жылғы шайқаста Остгот королі Эрманарих өзін-өзі өлтірді. Осы оқиға бірқатар қозғалыстардың басталуына себепші болды, мұның өзі Ұлы қоныс аударудың басталуы еді. Эрманарих қайтыс болғаннан кейін остготтар тайпалық одағы ыдырай бастайды [31. 197-198 б.б.]. Остготтар мен ғұндар арасындағы саяси қарым-қатынастарды үлкен-үлкен екі кезеңге бөлуге болады. Бұл кезде остготтар ғұндарға толық тәуелді болып тұрды. Тіпті бірнеше жылдар бойы кіріптарлыққа түсті. Одан кейін Италияға қарай ығысып, Батыс Рим империясының шекараларынан пана іздей бастады. Олар батысқа қарай жылжу арқылы ғұндардың тәуелділігінен құтылуға ұмтылды. Бұл жағдайлар халықтардың қоныс аударуының бірден-бір көрінісі болды. Екінші кезеңде, остготтар өздерімен туыстас тайпаларымен бірге ғұндарға қарсы тұрды, өйткені олар өздерінің территориялары мен байлықтарынан айырылғысы келмеді. Осы мақсатпен олардың кейбір бөліктері кейіннен Каталаун шайқасына қатысты.
Осылайша, остготтар өз мемлекетін жойдырып жіберген соң, қайтадан біріге алмады. Остготтар Батыс Еуропа халықтарының этногенезіне өзіндік үлесін тигізді деуге болады. Қысқаша айтқанда, остготтар мен ғұндардың саяси байланысының ІV-VІ ғасырлардағы Еуропада орын алған маңызды оқиғалармен ішінара болса да қатыстылығы байқалады. Остготтар тек Ғұн империясы әлсірегеннен кейін ғана қайта бас көтере алды. Себебі, 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін, оның ұрпақтары арасында ауызбірлік болмай, ғұндар жан-жаққа бөлініп, ол бөліктердің әрқайсысы ір түрлі мемлекеттің немесе тайпалардың арасына сіңісіп кетеді. Ғұн мемлекеті құлаған соң, остготтар Дунай аймақтарына, Паннонияға және Фракияға келіп қайта қоныстана бастады. Олар Шығыс Рим империясының федераттары болды. Атақты Амал руынан шыққан остготтар көсемі Теодорихтің патриций және елші деген римдік атақтары бар еді. 488 жылы Теодорих өз қоластына остготтардың едәуір бөлігін біріктіріп, Шығыс Рим императоры Зенонмен келісе отырып, бұл кезде Одоакр басқарып отырған Италияға жорық ұйымдастырды. Одоакр остготтардан бірнеше рет жеңіліс тапты, бірақ оған Равеннаның бекініс қабырғаларының арғы жағында тұрып қорғануға тура келді. Теодорих пен Одоакр келісімге келді. Бірақ, аз уақыт өтпей-ақ Одакрді Теодорих сатқындықпен өлтірді. 493 жылы Италияда остгот корольдігі құрылды. Сөйтіп, IV ғасырдың аяқ шенінде ғұндардың қысымына ұшырап, олардан жеңіліс тауып, өз корольдігінен немесе өз мемлекеттігінен айырылған және батысқа қарай жылжып, жан сауғалаған остготтар тек бір ғасыр уақыттан кейін ғана өз мемлекетін қайта қалпына келтіре алды. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуірінде батысқа көшкен остготтар, енді ғұндар мемлекеті ыдырағаннан кейін өз отандарына қайта орала бастады. Ғұндар бұл жылы остгот, герул, генид тайпаларын бағындырады да, Кавказ елдеріне шабуылын бастайды. 395 жылы олар Кавказдан өтіп, Кіші Азияға басып кіреді. Біздің ойымызша, ғұндармен бірге осы жорыққа остготтар да қатысуы мүмкін. Әрине, бұл мәселеге арнайы зерттеуді қажет етеді [46. 53-54 б.б.]. Еуразиядағы халықтардың Ұлы қоныс аударуы, Вестгот корольдігінің тарихы мен тағдырына өз әсерін тигізбей қоймады. Вестгот корольдігі, 418 жылы оңтүстік Галлия жерінде құрылған алғашқы корольдік болып, ол Ғұн державасымен саяси қарым-қатынастарға барып отырған. Жалпы айтар болсақ, Вестгот корольдығы Ұлы қоныс аудару кезеңінде өзінің маңызды ролін атқарғанын байқаймыз. 401 жылы Вестгот королі Аларих Солтүстік Италия жеріне үлкен жорық ұйымдастырған тұста, Батыс Рим империясының ахуалы өте нашарлаған еді, өйткені Еуропаға келіп орнығып алған ғұндар Паннония жерінен свев, вандал сияқты герман тайпалары мен аландарды өз жерлерінен ығыстырып шығарғандықтан, олар Батыс Рим империясының жеріне өте бастаған еді [47. 182-184 б.б.]. Вестготтар мен ғұндардың арасында соқтығысқан жері Днестрдің жағалауында болды. Осы жерде вестготтар қатты соққының әсерінен, олар жеңіліп екіге бөлінеді. Атанарих бастаған бір бөлігі Карпатқа кетсе, ал Фритигерн бастаған бір бөлігі Римнен көмек сұрады [13. 150 б.].
Осының негізінде, 376 жылы ғұндардың қысымына шыдамаған вестготтар Дунайдан ары өтіп, Рим өкіметінің рұқсатымен Рим провинциясы Мезияға қоныстанып, римдіктерге бағынуға және әскери қызмет етуге міндеттенеді. IV ғасырдың 70-жылдары ғұн шапқыншылықтарынан қашқан батыс готтар, бірте-бірте Батыс Рим империясының территориясына ене бастайды. Кейіннен олар Батыс Рим империясына шабуылдар жасай бастады. Сөйтіп, готтардың шапқыншылықтары бара-бара уақыт өткен сайын Батыс Рим империясының әлсіреуіне себепкер болды [47. 183 б.]. Осылайша, остготтардың көршілері вестготтар ғұндар шабуылынан қорқып, өздерінің жанұялары мен туған жерлерін тастап, Дунай арқылы Рим империясының территориясына өтті. Сөйтіп 376 жылы Рим үкіметі оларды өз федераттары империя одақтастары ретінде Мезияға (қазіргі Болгарияның бір бөлігі) орналастырды. Федераттар ретінде шекара аймақтарына орналасқан вестготтар өзінің басқару жүйесі мен әдет-ғұрпын сақтады және шекараны қорғау үшін әскери қызмет атқаратын болды. Бірақ Рим үкіметі уәделерін бұзып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етпеді. Рим шенеуніктері тарапынан болған қорқытып-үркітушілік, зорлық-зомбылық вестготтарды көтеріліске итермеледі. Оларға басқа германдық варвар тайпаларынан әскерлер және Дунайдан ғұндардың бір бөлігі келіп, қосылды. Вестготтарға Фракияның кендерінде жұмыс істейтін кен қазушылар және римдіктердің құлдығында болған көптеген варвар германдықтар айтарлықтай көмек көрсетті. 378 жылы Адрианополь маңында болған шайқаста рим әскерлері гот атты әскерлерінен тас-талқан болып жеңілді. Ал император Валент қаза болды.
Еуропадағы ғұн тайпаларының қысымынан вестготтар батысқа қарай жылжып, өзінің мемлекетін құра білді. Багаудтардың халықтық көтерілісі мен император тағына үміткерлердің бүлігі және ір түрлі варвар тайпаларының басып кірулері Галлиядағы Римнің билеп-төстеуіне кедергі келтірді. Галлиядағы Рим өкіметі вестготтарға нәтижелі қарсылықтар көрсете алмады. Вестготтар бірнеше жылдық ұрыстардан кейін империя үкіметінің келісімімен федераттар ретінде оңтүстік-батыс Галлияға (Аквитанияға) қоныс тепті. Мұнда 418 жылы Рим империясының территориясында бірінші варварлық мемлекет – астанасы қазіргі Тулузада (Франция) болған Вестгот корольдігі пайда болды. Сөйтіп, ғұндардың ығыстыруымен батысқа жылжыған вестготтар V ғасырда екінші жартысында Луара мен Дюранстың оңтүстігіне қарай бүкіл Галлияны және Испания территориясының үлкен бөлігін де жаулап алды [36. 210-211 б.б.]. Сөйтіп, ғұндардың қысымына ұшырап, өздерінің қоныс аударуының кезінде әсіресе, жоғарыда айтқан шығыс герман тайпалары готтар сапар шекті. Біздің заманымыздың екінші ғасырында-ақ олар солтүстіктен Балтық бойына іргелес жатқан аймақтардан Қара теңіздің бойына (Днестр мен Днепрдің төменгі ағысындағы бассейніне) қоныс аударды. Днестр мен Дунайдың төменгі жағын қоныстанған вестготтар, Днестрден шығыста Қара және Азов теңіздерінің жағалауына дейінгі аймақтарды иемденген готтарды остготтар деп атады. Осы арадан готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасап отырды.
Осы ретте ғұндардың қысымына ұшыраған герман тайпаларының жағдайына келсек, герман тайпаларында бұл кезде тайпалардың қайта топтасуы болды, әрі саны өте көп және өте тұрақты сипат алған жаңа тайпалар: алеманн одағы (оған семнондар, квадтар және Рейннің бастуындағы кейбір басқа тайпалар кірді), сакстер одағы (Эльбаның төменгі ағысынан шығысқа және батысқа қарай қоныстанған тайпалардан қоныстанған бірқатар тайпалардан – херусктерден, хавктардан және басқалардан құралған), франктер (орта және төменгі Рейн тайпаларынан – хамавтардан,батавтардан, сигамбрлерден, хаттардан, салилерден және басқалардан құралған. Қара теңіз маңындағы вестготтар мен остготтардың одағы, лангобардтардың, вандалдардың, бургундтардың одақтары пайда болды [43. 110-111 б.б.].
ІІІ ғасырда – IV ғасырдың басында алеманндар десятиндік дала Рейн, Дунай және Неккар аралығындағы үшбұрыш жер деп аталған жерлерді басып алды. Римдіктерге Рейн шекарасында тұрып қалу сәті түскенімен десятиндік егістіктерді қайтарып ала алмады. Герман тайпаларында Рим империясының территорияларына алдағы кезде басып кіруге плацдарм пайда болды. Әрине, мұның бәрі ғұн тайпаларының ығыстыруынан да туындады. Сонымен, біздің заманымыздың IV ғасырының аяғында варвар тайпаларының айрықша ірі жаппай көшуі басталды. Герман және герман емес варвар тайпаларының Рим империясына шабуылы, біріншіден, олардың арасында өндірістік күштердің өсуімен де байланысты болып, мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуінен, екіншіден, байлықты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп алуға тырысуынан туды. Бұл кезде соғыс варвар тайпалары үшін әдетке әрі тұрақты кәсіпке айналды, Рим империясы өзінің ұлан-байтақ жақсы өңделген және бай қалаларымен варварлар үшін ерекше тартымды күшке ие болды [51. 8-9 б.б.].
Отырықшылыққа көшудің нәтижесінде тұрмыс дәрежесі көтерілуінің салдары сияқты халықтың өсуі де «Халықтардың Ұлы қоныс аударуының» факторларының бірі болды. Сонымен бірге германдық варвар тайпалары сыртта ғұндардың да қысымына ұшырады. Олар қоныстану үшін жаңа жерлерді керексінген көршілерінің шабуылдарын да бастан кешірді. Территорияға деген ерекше қатты мұқтаждықты Азияның көшпелі тайпалары бастан өткізді. Олар өздерінің тәсіліне (көшпелі мал шаруашылығы) байланысты кең-байтақ кеңістікке ие болуға тырысты. Егінші тайпалар көшпенділердің саны көп атты әскеріне ойдағыдай қарсылық көрсетуге қабілетсіз болғандықтан орын тепкен территорияларын қалдырып кетіп отырды да өз кезегінде қоныстануға жарамды аймақтар үшін басқа варвар тайпаларымен немесе Риммен күрес жүргізді [62. 57 б.]. Біздің заманымыздың IV ғасырының аяғынан бастап, VІ ғасырға дейін оған варвар тайпаларының ілгері жылжуы бұрын болған қоныс аударулардан өзінің аумағы жағынан да сипаты жағынан да өзгеше болды. Бұл қоныс аударуларға варвар тайпаларының көпшілігі қатысты. Олар Еуропаның территориясымен мыңдаған километр жылжыды. Варварлар рим мемлекетінің шекаралық аймақтарына шабуыл жасаумен шектеліп қойған жоқ, сонымен бірге империяның ішкі аудандарына да басып кірді.
Ғұндармен соғысқа шыдамай батысқа қарай қоныс аударған варвар тайпаларының бірі вандалдар болды. Олар да батысқа қарай жылжып, өздерінің мемлекетін құрды. Вестготтардың ізінше Рим территориясында вандалдар өз корольдігін құрды. Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында вандалдардың герман тайпалары Германияның ішкі аймақтарынан Дунай мен Дакияға қоныс аударды. IV ғасырдың басында вандалдар Паннонияға орын тепкен болатын. Бірақ, Еуропаға қоныс тепкен ғұндардың тарапынан қысым көріп, батысқа қарай жылжыды. Басқа да варвар тайпаларымен бірге – свевтермен және аландармен V ғасырдың басында вандалдар Римдегі Рим қорғанысын бұзып өтіп Галлияға басып кірді. Галлиядан вандалдар ғұндардың қысымымен қоныс аударған аландармен свевтермен бірге Испания жеріне өтті. Одан соң, жаңа жерлерді иелену мақсатында вандалдар аландармен бірігіп Гибралтар бұғазы арқылы Африкаға өтеді. Сөйтіп, Африкада 439 жылы астанасы Карфагенде болған Вандал корольдігі құрылады [41. 135-136 б.б.]. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуірінде көшпелі ғұн тайпаларының қарсылығына тап болған варварлық тайпалардың бірі бургундтар болды. V ғасырдың басында бургундтар вандвалдармен, аландармен, және свевтермен бірге Рейннен өтіп, Оңтүстік-Шығыс Галлияда өздерінің Бургундия корольдігін құрған болатын. Бургундтар мен ғұндар бір-біріне қарсы болып, соғысады. Нәтижеде 437 жылы ғұндар Бургундтар территориясына ішкерілей еніп, олардың корольдігін құлатады. V ғасырдың 40-жылдарында Рим қолбасшысы Аэций бургундтардың ғұндардан қашып құтылғандарын федераттар ретінде қазіргі Савойя жеріне, Женева көлінің оңтүстігі мен оңтүстік батысына орналастырды. Кейінірек, ғұндардың арыны басылғаннан кейін Рона және Сона салаларының алқаптарына қоныс тепті. Сөйтіп 457 жылы астанасы Лион қаласы болған Бургунд корольдігі қайта құрылды. Бұл уақытта Ғұн империясының ішкі тартыстары мен сыртқы дағдарыстары орын алып жатыр еді. Енді бургундтар үшін ғұндардан ешқандай қауіп-қатер қалмады [74. 133-134 б.б.].
Осылайша, готтарды талқандап, вандалдарды қиратып, бургундтардың мемлекетін жойған ғұндар Шығыс және Батыс Рим империяларының территорияларына басып кіре (бұл жайлы төменде толығырақ қарастырылады) бастайды. Олардың Еуропадағы варвар тайпаларын ығыстырып, Паннонияны иеленіп, өзінің мемлекетін құрғандығын жоғарыда айттық. Бірте-бірте ғұн мемлекеті күшейіп, ол империя дәрежесіне дейін көтерілді. Мұны көптеген зерттеушілердің еңбектері айғақтайды. Ғұндардың мемлекетіне өздері бағындырған германдық және германдық емес варварлық тайпалардың (остготтар, квадтар, маркоманндар, герулдер, гепидтер, т.б.) халықтары қосылды. Варварлық тайпалардың біразын бағындырып, олардың байлығын игерген соң, ғұндардың қоғамдық даму дәрежесі біршама жоғарылады, әлеуметтік дифференциация күшейді, ауқатты ғұндар едәуір мөлшерде құлдарға ие болды және оларды негізінен үй шаруашылығында пайдаланды. V ғасырда ғұндарда мұрагерлік корольдік өкіметтің негізі қалана бастады. Ғұндар өздерінің жаулап алуын жалғастыра берді, ондағы мақсаты – соғыстан олжалар табу және бағынған халықтан алым-салық алу еді. Ғұндар өздерімен көршілес жатқан варварлық корольдіктер мен тайпаларға жаулап алмастан бұрын ұсыныстар мен талап-тілектер жасайтын болған. Егер орындалмаған жағдайда, олармен соғысып, қалалар мен ауылдарын тып-типыл етіп жойып, халқын құлдыққа салатын болған. Сондықтан олармен көршілес жатқан мемлекеттер мен тайпалар оларға қарсы шығуға батылы жете бермейтін болған. Аландарды, остготтар мен вестготтарды және басқа да варвар тайпаларын батысқа қарай ығыстырып, Еуропадағы халықтардың қоныс аударуына себепкер болған ғұндар, енді сол замандағы ең ірі мемлекеттердің бірі болған Шығыс Рим империясына да қауіп төндіре бастады. Ол жайлы келесі бөлімде қарастырылады [75. 128-129 б.б.]. Аттила өзінің әскери білгірлігі мен мықты саясаткерлігі арқасында еуропалық варвар тайпалары мен корольдіктерінің біразын бағындырып, олардың біразын Еуропаның батыс бөлігіне қарай ығыстырды. Әрине, мұндай ығыстырудың арқасында варвар тайпалары Батыс Рим империясының территориясына енді. Бұл тайпалар өздеріне жаңа қоныс табу үшін, Батыс Рим империясына шабуыл жасауды үдете түсті. Атап айтсақ, вестготтар Оңтүстік Галлия мен Испанияны жаулап алып, олардан ығысқан вандалдар Солтүстік Африкаға қоныс аударды. Алеманндар Рейн өзенінен өтіп, Эльзас пен Швейцарияға қоныстанды. Бургундтар Галлияның оңтүстік-батысын, ал франктер солтүстігін басып алды. Остготтар Италияны, англдар, сакстар, юттар Британ аралдарын бағындырды [91. 6 б.].
Сөйтіп, Азиядан Батысқа қарай көшіп келген көшпелі ғұн тайпалары, жол-жөнекей көптеген территорияларды бағындырып, Халықтардың Ұлы қоныс аударуының себепкер болды. Ендігі кезекте Еуропаға келіп қоныстанған ғұн тайпалары, бірте-бірте еуропалық варвар тайпалар мен бірқатар варварлық корольдіктерді бағындырып, мұнда Ғұн империясының негізін салады. Одан соң, ғұндар Еуропадағы бірқатар мемлекеттер мен Шығыс және Батыс Рим империяларына қауіп төндіре бастайды.
15. Халықтардың Ұлы қоныс аударудағы ғұндардың ролін айқындаңыз. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер,қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты
16.Ғұн билеушілері Аттила және Бледаның қызметі туралы көрсетіңіз Еділ (шамамен 400, Қара теңіздің солтүстік жағалауы – 453 / 454) – әйгілі Ғұн империясының билеушісі. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империсының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы термин қалыптасты. Алайда оның есімін әр халық әр түрлі айтады. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары тілінде оны Эцель, дат тілінде Артала, испан тілінде Аттила, қытай тілінде Әтил, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деп аталады. Аттила есімінің түбірі Еділ (орысша Волга) өзені атымен байланысты. Аттила аталары билік еткен ғұн тайпаларының Батысқа жорығы (ІҮ ғ.)халықтарының ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. 434 ж. Ғұн империясының королі Руғила өлгенде мемлекет билигі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. 10 жылдай ол билікті немере ағасы Бледемен бөлісіп, 445–453 жж. жалғыз өзі билік етті. Аттила шайқастарының тарихы оның аса дарынды қолбасшы болғандығын танытады. 443, 447–448 жж. Аттила әскері қаутты Шығыс Рим империясына жорық жасап, оны тізе бүктірді. 452 ж. Мүмкіндігі бола тұрса да Рим қаласын қиратыға бармады, тек салық жинап кері қайтты. Аттиланың үлгісі жалпы адамзаттық өркениетті отырықшы халықтар ғана емес, Орта Азияның көшпелілері де жасағаның айқын көрсетті. Еділ патшасының кезінде Ғұн империясының жоғарғы сатысына жетті. Бұл империя Европаны Рим үстемдігінен азат етті, құл иеленушіліктің жойылуына әсерін тигізді. Аттила билігі тұсында ғұндарда әскери демократиялық құрылыс нығайды. Олар Европаның тұрғылықты халықтарын жаулап алып, қалаларды бағындырғанымен өздерінің көшпелі қалпын бұзған жоқ. Бұрын жеңіліс көрмеген Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап. Тарап кетті. Аттиланың денесі Тисса өзенінің арасына жерленген. Айбынды ғұн көсемі Европаның көптеген халықтарының фольклоры мен жазба әдебиетінің кейіпкері болып мәңгілік сақталып қалған. 434 ж. Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болды, үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде жарқырап көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды. Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунайға дейінгі жер Ғұн Еуропаға жорық кезінде қайтыс болуы. Оның орнына әкесімен бірге шерулі жорықтарға қатысып, қолбасшылық дарыны танылып, үлгірген батыр баласы Эллақ отырады. Еділ өзінің көзі тірісінде оны мұрагері етіп белгілеген болатын.
17. Ерте орта ғасырлардағы Византия империясының Шығыстағы ықпалын көрсетіңіз. Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды. Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті, Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — өкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік, яғни православиелік деп аталды.