Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз

Ғұндар мен Шығыс Рим империясының арасындағы қарым-қатынастар Аттила билік еткен тұста кеңінен жүргізіле бастайды. Осы кезде Шығыс Рим империясын Феодосий билеп тұрған еді. Аттила бастаған ғұндардың тегеурінінен қорыққан империялықтар олармен елшілік арқылы бейбітшілік келісімдер іздей бастайды. Аттиланың билік жүргізу кезіндегі ғұндар қайтадан қорқыныш үрейді бүкіл әлемге алып келген. Ругиланың өлімі көптеген бейбітшілік келісімдерді бұзылуына әкелді. Иордан, Аттиланы ұлы қолбасшы, көреген мемлекет басшысы, қасиетті тұлға ретінде жоғары бағалайды. Иордан атағы жер жарған атақты қолбасшыны: «Ол қаншама халықты дүр сілкіндіріп, барлық мемлекеттерге зауал боп төну үшін, аты естілсе шошындыру үшін туғандай ер еді. Қырғи қабағын әрі-бері төңкеріп, денесін бұрғанынан-ақ, оның құдіреті айқындалып тұратын. Ол соғысқа құштар болғанымен, ұстамды, сабырлы жан еді, ақылдыға өте кең еді, жалбарынғанға жаны ашитын және бір сенген адамына құлай берілетін» - деп сипаттайтын. Аттиланың артық күй талғамайтын қарапайым қасиеті жайлы рим елшісі Приск сүйсіне айтады. Қолбасшының Рим елшілігін қабылдауын ол былайша суреттейді: «Барлық жабайылар мен біз үшін күміс табаққа салынған сан түрлі дәм қойылды, ал Аттилаға ағаш табаққа салынған ет қана тартылды. Ол өзінің қарапайымдылығын сақтай отырып, алтын, күміс ыдыстармен меймандарды сыйлады, өзі ағаш ыдысты ұстады. Киімі де өзгелерден айырмашылықсыз, тек мұнтаздай таза. Беліне байлаған семсері де, жабайы аяқ киімнің баулары да атының ер-тұрмандары да басқа скифтердікіндей (ғұндардікіндей) алтынмен, қымбат тастармен көмкерілмеген. ПрискініңАттиланы кескіндеуі қызық-ақ: «Сыртқы тұрқы аласа, кең кеуделі, домалақ басты, сығыр көзді, сирек мұртты, шашына ақ кіре бастағанжалпақ танау, терісінің түсі сұрықсыз. Ол сонысымен өз жаратылысының барлық белгілерін танытады [8. 595-596 б.б]. Ғұндар империя территорияларындағы соғыстарын жалғастыра берді. Қазір анықталмай отырған Дунайдың өткелдерінің бірінен империя территориясына басып кірген олар өзеннің оңтүстік жағалауында орналасқан қалалар мен бекіністерді тонайды. Виминаций қаласының алынуы ғұндардың бұл кампаниядағы бірінші ірі жеңісі еді. Қаланы басып алған ғұндар оны жермен-жексен етті. Бұл қайғылы оқиға шекаралық қалалар үшін үлкен қасірет болып, олардың қобалжуларына алып келді.

Бұдан кейін ғұндар Найс қаласының маңында римдіктерге күшті соққы берді. Ғұндар Нишава өзенінің бойымен Константинопольге жақындай түсті. Енді Аттиланың жолында ІІ Феодосий жасақтаған империяның жаңа армиясы тұрды. Бұл әскерді алан тайпасынан шыққан аспар мен германдық Ареобинд басқарды. Бірақ бұл күштер Аттилаға тең емес еді. Сөйтіп, ғұндар Константинопольге жетіп келді және соғыс басталып Аттила табысты соғыстар жүргізе бастайды. Бұдан қауіптенген және ешқандай амалы қалмаған император ІІ Феодосий Аттиламен келіссөздер жүргізуге ұмтылады. Келіссөздерді жүргізу Иран жорықтарынан сәтті оралған Анатолийге тапсырылды. Аттила қатаң талаптар қойды. Ол бойынша, қашқындарды дереу қайтарып, жыл сайынғы 6 мың либр салық ғұндарға тез арада берілуі тиіс, одан бөлек жыл сайынғы салық сомасы көбейтіліп, енді оларға жыл сайын 2100 алтын либр алынып тұратын болды. Бұдан соң, әрбір қашып кеткен римдік тұтқын үшін 435 жылғы келісімдегі 8 солид орнына Аттила 12 солид талап етті. Және соңғысы римдіктер қашқын «варварларды» қабылдамауы тиіс. Келісім шартты түрде 443 жылы 27 тамызда жасалып,тиянақты нүкте қойылды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]