
- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
Көне түрктер туралы ең негізгі еңбек-ол Гумилевтің «Көне Түрктер»-Көне түрік дәуірі —ежелгі ортағасыр кезеңі (VI-XII-ғ.) Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Оңтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді.. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. Қарлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасадыЕртедегі түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында I Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И. Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинавияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап оны «руналық» жазу деп атады. 889 жылы Н. М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлпытастарды тапты. Табылған мәтінді оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В. Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В. В. Радлов болды.Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік Монғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенга өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты (689—744 жж.) және Монғолиядағы Ұйғыр кағанаты (745—840 жж.) дәуірінде орнатылған. Ең әйгілілері — Білге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күлтегіннің құрметіне 732—735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төникөктің(716жыл) құрметіне Төнікөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш. X0-ғ. ғалымы әл-Хорезми былай дейді: «Хақан - түріктердің негізгі патшасы. Хақан - көсемнің көсемі, парсылардағы шаханшах, яки хандардың ханы деген сөз». І-мыңжылдықтың соңындағы осы тайпалардың рөлін С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов былайша сипаттайды: «8-10-ғасырларда алдымен Алтайда, Ертіс өңірі мен Шығыс Қазақстанда, кейін Орал өңірі мен Орталық Қазақстанда қимақтар мен қыпшақтардың үстемдігі осындай үлкен далалық өңірдеге анықтаушы факторға айналды». XI-ғасырдан бастап өлкедегі билік қыпшақтарға өтеді. Қыпшақ дәуірі басталып, қыпшақ тілі диалектісі таралады.. Көне түрік дәуірінін археологиялык ескерткіштеріне ғұрыптык коршаулар да жатады. Олар VI-IX-ғасырлар аралығында ұзақ уақыт бойы жасалып келді. Көне түріктік қоршаулар марқұмға (ер адам) арнап ас беру ғұрпын өткізуге байланысты жасалды. Қазіргі деректерде жазба түркі тілі VI ғасырдағы Орхон-Енисей руникалық жазбаларынан басталады деп жүр. Түркілерде жазба әдебиетінің б.д. III ғасырында болғаны туралы (кейбір деректерде біздің дәуірге дейін) Л.Гумилев өзінің “Хунну” кітабында: “Троецарствия тарихында” Қытай мен ертедегі Камбоджа патшалығы Фунанның арасында елшілік алмасқаны туралы хабарлайды. Қытай елшілігі 245 және 250 жылдар арасында Камбоджада болып, қайтқанда оған қатысқан Кань Тай Фунан патшалығы туралы мынадай мәлімдеме жасайды: “Оларда кітаптар бар және оларды архивтерде сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуына ұқсас” деп жазады. Қазақстан жерінде болған жазу үлгілері туралы академик Ә.Марғұлан “Қазақстанның байтақ өлкесінде 4 түрлі жазудың үлгісі сақталған: ескі ғұн, үйсіндер пайдаланған рұна жазуы; Орхон дәуіріндегі рұна жазуы; шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан Ана, Батағай); араб жазулары (Айша бибі, Бабаша Хатұн, Болған Ана, Көк Кесене) тағы басқалар” дейді. Түркі алфавиті туралы академик В.В.Бартольд былай деп жазды: “Бұл, түркі тіліне басқа алфавиттерден гөрі жақсы бейімделген күрделі жазу.. “Орхон-енисей алфавиті түркі тіліне, оның ішінде сингармонизм заңына өте жақсы бейімделген.