Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231.05 Кб
Скачать

1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.

Шығыс пен Батыс арасында тылсым заманнан бері барыс-келіс, алыс-беріс қаты­настар дамып, таныс-біліс үрдіс­тері тынбай жалғасып келе жатқаны һақ. «Тарих атасы» Геродот ежелгі парсылар мен Орта Азияны мекендеген скиф­тер жайында жазса, сол халық­тарға әмірлік етуді өмірлік мән тұтқан Ескендір Зұл­қарнайын парсы патша­лары­ның қыз­дары Барсын мен Фари­затқа үйленіп, шығыстың күйеу баласы, Азияның жаңа патшасы атанған. Батырына еліктеген тағы он мың маке­дон­дық парсының сұлуларымен неке қиып, Шығыс пен Батыстың арасында «құда­лық қарым-қатынастар» дамыған. Ал мұсылмандар тарихында мұра­гер­лік халифат жүйесін қалаған Ұма­йад­тар ұрпағы Рим империясы тұсында еу­ро­палық Пиренейді басып алып, үс­тем­дігін орнатқан тұста батыс халық­тары арасында араб тілі халықаралық қаты­нас­тар тіліне айналған. Бір қызы­ғы, батыс­та­ғыларға араб тілі ислам әле­мін білу үшін ғана емес, араб әде­бие­тінде сақталған ежелгі грек және римдіктер тарихымен танысу үшін қажет болған. Өздері­нің тамырын табу үшін Шы­ғыс­ты таны­ғы­сы келген. Ал батыстағылар шығыс­тың шағи маталары мен шәр­бат­ты тәт­ті­леріне тәнті болған замандарда парсы тілі халық­аралық сауда тілі болған. Кейінірек, бүкіл Еуразия халық­та­рын көшпенділер империясы жаулап алып, Шыңғыс ұрпағы Құбылай Бей­жің­ді хан ордасы Ханбалық атап, Қы­тайда Юань им­периясын құрған тұста Шығыс пен Ба­тыс­тың арасына қаты­най­т­ындар көбейе түсті. Шығысты шарлап жүрген Никколо (Марко Полоның әкесі) Құбылайдың ая­ғына жы­ғылып, аман­да­суға келгенде хан оған: «Рим папасына сәлемімді жеткіз, маған қолынан іс келетін өнер адамдарын жібер­сін», деген сөздермен шығарып салыпты-мыс. Бұл әңгіме батысқа жеткенше әбден пісе­ді де, шығысқа деген құ­­мар­лықты еселей түседі. Кейінірек атақ­­ты жиһанкез Марко Полоның өзі Құ­бы­лай­ға қызмет қылғаны белгілі. Сол кез­дері ғой, өзі­міз­дің Алатауды аспанмен те­ңеп, Ала­көлі­міз­ді «желді теңіз» атап кеткен Рубрук­тар­­дың Орта Азия халықтарының тұр­мыс-тір­ші­лігі жайында жазып жүргені. Ал дала қо­жаларына қызыққандар мен олар­­дан қо­рыққандар қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс Куманикустан» сөз жаттаған. Иерусалим үшін соғыста қансыра­ған кресшілер арасында арабтарды сес­кен­діру мақсатында пайда болған «шы­ғыс­тан келер несториандық хрис­тиан­­дар­дың көме­гі» жайындағы лақап әңгі­мелер де шығыс­қа деген қызығу­шы­лық­ты қоздыра түседі. Алайда, шы­ғысқа қа­рай үмітпен созылған талай мойын тал­ған тұста христиандар емес, батыстың бүйірінен бұрын Геродот жазған дала­лық түркілердің тұ­қым­дары бой көтерді. Сөйтіп олар ежелгі Грек және Рим им­пе­рияларының жалғасы, ғасырлар бойы «шаһарлардың шаһары» болған Конс­тантинопольді басып алып, Осман им­пе­риясының орталы­ғы­на айналдырды. Шір­кеулер мешіттерге айналып, Шы­ғыс­қа, Азияға деген қыз­ға­ныш пен қызы­ғу­шылықтың қызғаны сон­шама, төрткүл дүниенің ағы да, қара­сы да, сарысы мен қызылы да бір ша­ңы­рақ астына жиналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]