Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Molya_WAN (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
436.94 Кб
Скачать

5. Үлестрілген желілерде байланыс орнату жəне жобалау ерекшеліктері.

Үлестірілген желілерде байланыс орнату– желілік қызмет жобаларында жиі кездесетін маңызды элемент. Қазіргі уақытта көптеген қолданушылар SOHO-офистарда жұмыс жасайды немесе үнемі қозғалыста болады, сондықтан оларға жеке желінің ресурстарына қол жетімділік керек. Кейбір ұйымдар үлестірілген қол жетімділікті тк қана өз қызметшілеріне ғана қойғысы келеді және басқа ұйымдармен байланыс орнатпайды. Үлестірілген желілердегі қауіпсіздікті телефон желісі арқылы алуға болады. Серверге үлестірілген қол жетімділік, модемдер және телефондарды пайдалана отырып ұйым үлестірілген қолжетімділік (удаленный доступ) инфраструктурасы параметрін толығымен басқара алады.

Телефон арқылы үлестірілген желі қолжетімділігі қызметін көрсететін ұйымдар қолданушылардың «шын» екенін тексеру керек, құпия мәліметтерді шифрлеп, жеке желілік ресурстарға қолжетімділікті шектеу керек, ал үлестірілген қолданушыларға (удаленный пользователь) жеке желілік ресурстарға «мөлдір» қол жетімділік керек. Телефон арқылы үлестірілген желіге қолжетімділікті Microsoft Windows

2000 RRAS қызметі қолданылады. Ол қолданушылардың «шын» екендігін Active Directory мәліметтер базасы арқылы немесе RADIUS серверінің кез келген құрылғысы арқылы тексереді.

Үлестірілген желілерде байланыс орнатудың әр түрлі тәсілдерінің ішінде телефон арқылы қолжетімділік ұйымға үлестірілген қолжетімділікті басқарып отыруды толығымен қамтамасыз ететін ең ыңғайлы тәсілі. Оның мүмкіндіктері:

  • Үлестірілген қолжетімділік серверін басқару;

  • Қолданылатын әдістердің типін және жіберу жылдамдығын анықтау;

  • Телефон нөмірін қол жетімділік үшін анықтау және ондай нөмірлерді қаржылай қамтамасыз ету;

  • Үлестірілген қолданушылардың тіркелгендігін басқару;

  • Үлестірілген қолданушылар арқылы қол жеткізуге болатын жеке желі ресурстарын басқару.

VPN үлестірілген қолжетімділігі бар жобалар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және үлестірілген қолжетімділікке шығынды азайту үшін қолданылады. Ұйым телефон желісі арқылы үлестірілген қолжетімділікті басқарып отырмайтындықтан, клиент пен үлестірілген қолжетімділік сервері арасында қауіпсіздік пен байланыс орнату үшін жеке желілерде VPN қолжетімділігі бар үлестірілген желі қолданылады. VPN үлестірілген қолжетімділігі бар жобалар келесілерді басқаруға мүмкіндік береді:

-Үлестірілген қолжетімділік құқығы берілген қолданушылардың учеттік запистерін;

-Конфиденциалды ақпараттарды қорғаудың сенімділігі;

-Үлестірілген қолданушыларға қолжетімді жеке желі ресурстары.

6. Құрылғылардың өзара байланысы, кабельдер мен интерфейстердің түрлері

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады.

Сервер (server)– желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер);

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер).

Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы.

Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы.

Маршруттауыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы.

Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Интерфейс  құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс  қолданушы  интерфейсі деп  аталады.

Графикалық қолданушы интерфейсі – адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық  қолданушы интерфейсінің мысалы бұл Windows интерфейсі.

Кабель (голл. kabel – канатсым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (токөткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш.

Түрлері: 1)Коаксиалды кабель — орталық өткізгіштен және металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран осьтерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбит/с шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас,сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар кабель. Олар жоғары жылдамдықты терминалдарда және басқа да компьютер кұрылғыларында пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]