Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Линукс теор шыкты алындаааааааааааар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161.48 Кб
Скачать

27. Жаңа дискті жүйеге қосу, дискке тараулар құру, ядроны инсталляциялау және дисктен жүктеудің ерекшеліктері. Туындайтын мәселер.

Процесстер өміріндегі маңызды рөлді жоспарлаушы орындайды – ол жүйенің көп тапсырмалығына жауапты бір ядро бөлігі. Себебі уақыттың бір өлшемінде бірпроцессорда тек бір тапсырма орындалуы мүмкін. Сондықтан жоспарлаушы ғана процесстердің қайсысы бірінші, қайсысы екінші болып орындалатынын анықтайды. Ол үшін əр процессте приоритет деп аталатын тағы бір параметр бар. Процесстердің приоритетін қарау үшін -l параметрлі (long – кеңейтілген шығару) бізге таныс ps.

Жоспарлаушы өзінің жұмысы кезінде ең алдымен приоритеті аз тапсырмаларды орындауға тырысады. Сондықтан 0 приоритетіне тек критикалық жүйелік есептер ие болса, ал теріс приоритетке – ядро процесстері. Жоғарғы приоритетті тапсырмаларға аз процессорлық уақыт бөлінеді жəне сондықтан ереже бойынша олар баяу жұмыс жасайды жəне өте аз жүйелік ресурстарды қажет етеді. Сонымен сіз ЖК жүйелік блогында қоректену батырмасын бастыңыз. Сіздің компьютеріңіздің құрылғысы автотестілеуден өтеді. Процессор автоматты түрде бірінші кезекте ЖК құрылғыларының жұмысы үшін барлық қажеттілердің дұрыстығын тексеретін BIOS- жадысының нөлінші ұяшығында орналасатын программаны бастайды. BIOS-ты инициализациялағаннан кейін қатаң дискілер, CDROM жəне т.с.с.құрылғыларды анықтауды BIOS басқаруды бірінші қатқыл дискідегі MBR (Master Boot Record -негізгі жүктеуші жазба) –де орналасқан жүктеуші программасына береді. IBM PC сəйкестендірілген компьютерде жүктеуші жазба өлшемі 512 байтпен шектеулі. Бұл жүйенің толық инициализациясы үшін өте кіші өлшем болып табылады, сондықтан əдетте Linux жүктеушілері 2 топқа бөлінеді (stage1жəне stage2) жəне олардың біріншісі MBR-де орналасады. Оның жұмысы жүктеушінің екінші бөлігін инициализиялауда болып табылады. Жүктеушінің екінші бөлігі, ереже бойынша жүктелуге тиіс операциялық жүйені таңдауға арналған мəзірді береді немесе Linuxпен жүктелетін ядро нұсқасын береді. Бірақ жүктеушінің екінші бөлігінің негізгі жұмысы ЖК жадысына Linux ядросын дұрыс түрде жүктеу жəне оған басқаруды беру болып табылады.Жадыға жүктелгеннен кейін ядро құрылғыларды инициализиялайды, түбірлік файлдық жүйені, сонымен қатар /dev файлдық жүйені қосады, /sbin/init процесін жібереді. Орындалатын файл init /sbin каталогында орналасқандықтан, бұл каталогты жеке бөлімге белгілеуге ұсынылмайды. Жоғарыда айтылып кеткендей, ядро инициализациялау кезінде тек түбірлік ФЖ ғана монтерленген. Егер /sbin каталогына рұқсат болмаса, онда жүйені жүктеу процессі сəтсіздікке ұшырайды.Init процессі жүктеледі жəне /etc/inittab файлына талдау жасайды. Сол кезден бастап бізсіздермен Unix SysV жүктеудің нұсқасын қарастыратын боламыз. Оның BSD-like жүйесінің жүктелуінен айырмашылығы бар. Жəне Linux жүктелудің бірінші нұсқасымен де, екіншісімен де жұмыс жасай алатын болғандықтан, көптеген дистрибутивтер SysV жүйесінің инициализациясын қолданады (мысалы, Gentoo дистрибутивтерін құрады, ол жатпайды). BSD-like жүктелуінің стильі қарапайым болса да, SysV стильіндегі жүктелу жүйенің дəл бапталуы үшін көбірек мүмкіндік береді.