Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хожин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
300.56 Кб
Скачать

27.Электр қондырғылардың тарату құрылғыларының құралымы. Жалпы мәлімет.

28. Электр қондырғылардың тарату құрылғыларын жіктеу. Жалпы талаптар.

29.ТМДның электр энергетикасының қазіргі жағдайы және болашақта дамуы. Әлемдік  электр энергия өндірісінің 63%-дан  көп  бөлігі дамыған  мемлекеттер “Экономикалық қатынастық  және  даму  ұйымдар” (ЭҚДҰ) үлесіне  келеді. Азияның, Африканың және Латын Америкасының дамушы мемлекеттерінде әлем  халқының 75%-ы орналасса да, тек 20% ғана электроэнергия өндіріледі. Көп мөлшердегі электрэнергиясын (3400 млрд. кВт с) АҚШ-да  өндіреді. Бұл  көрсеткіш бойынша екінші орында  тұрған  электр энергиясы қарқынды  дамып  келе  жатқан  ҚХР. Ең  ірі  электр энергия  экспорттаушы Франция мемлекеті (мемлекетте өндірілген  электр энергияның 20%-ы экспортталады).Ірі  импорттаушылар  ішіне  – АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Испания  жатады.Базалық  болжам  бойынша   2025жылға  қарай  электрэнергияға  сұраныс  екі еселенеді. Ең  үлкен  өсім  Азияның  дамушы  мемлекеттерінде  болжануда.Әлемдік  электрэнергияны  өндіруде  көмір  қолданысы  аз  емес,бірақ  көптеген  дамушы  өндірістік  мемелекетте табиғи газ   қолданысы  артуда. Электрэнергия өндірісіне  мұнайды  қолдану  Орта Шығыс мемелекет-терінен басқаларында  қысқартылады.  Мұнайдың  электрэнергия  өндірудегі  үлесі деревисна және жануарлар қалдығы  сияқты  қатты  отын  түрін  қолданып келе жатқан  мемлекеттерде артуы  мүмкін  деп  болжануда. Ядролық   энергетиканың дамуы өндірістік дамыған мемлекеттерде жылдам ерекше-ленеді. Дүниежүзі бойынша  АЭС қорының құлауы  қазіргі  уақытта 12% -ды құрайды,  ал 2025 жылы  17%-ға  жетуі  мүмкін деп болжануда.

Жаңғыртылатын энергия көздерінің ішінен тек суэнергетикасы әлемдік  бәсекелес  бола  алады.

Жақын  уақытта  жел  энергетикасы  қарқынды  дамыды және жаңғыртылатын энергия  көздерінен   (СЭС-нан  басқалары)  қымбат, соған  байланысты олар бәсекелес  бола  алмайды.

30. Қазақстан электр энергетикасының жағдайы және болашақта дамуы. Қазақстанда  елеулі  өзгерістер   болды, мұнда  біршама  энергообьектілер шет  ел  компанияларына  өтіп  кетті. Қазақстанда  жоғарғы  кернеу  тораптарындағы  басқару , өндірушілерден электрэнергияны  сатып  алып,  тұтынушыларға  сату, диспетчеризация  және басқа да бірқатар сұрақтарды шешу Қазақстан   электр  тораптарын  басқару  компаниясына   (KEGOC)  жүктелді.

Қазақстандағы  электрэнергиясын  тұтыну өз  шыңына   жетті,  1990 жылы  ол 105,0 млрд. кВт.с құрады. Келесі басталған экономикалық тоқырау, өндірістің  құлауы, электрэнергияның жыл  сайын 6-8%-ға  кемуіне  әкеліп соқты, ол 2000 жылы 54,0 млрд. кВт. с-қа  жетті. Қазіргі  уақытта  ҚР-ның  экономикасы  өрлей  бастады, ол өз кезегінде өндірістің дамуына  және электрэнергия  тұтыны-сының  артуына  әкелді.