- •1.Энергетиканың анықтамасы. Энергетикада пайдаланатын қондырғылар және олардың атқаратын қызметі.
- •2.Жердің энергетикалық қорлары.Энергетиканы өндірудің бес сатысы.
- •3.Энергетиканың экологиялық қауіпсіздігі.
- •4.Электр энергетикадағы нарықтық қарым қатынас.
- •5. Энергетикалық жүйенің анықтамасы. Электр станциялардың энергетикалық жүйеге біріктірілуінің артықшылықтары.
- •6.Конденсациялық электростанцияның технологиялық сұлбасы.
- •7.Электр станциялардың түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.
- •8.Газотурбиналқ және бугазтурбиналық қондырғылар. Оларды пайдалану болашағы.
- •9.Жүктемелердің графигі. Оларды жіктеу атқаратын қызметі.
- •10.Энергетикалық жүйелердің жүктемелерінің графигін құру. Энергетикалық жүйелердің жүктемелерінің графигін жабуға электр станциялардың қатынасулары.
- •11.Жүктемелердің графиктерінің ұзақтығы.Бұл графиктерден анықталатын техника экономикалық көрсеткіштер.
- •13. Су электр станциясы. Су акуммуляциялық станциялары су энергетикасының экологиялық проблемалары.
- •19.Күштік трансформаторлардың құрылымы.
- •20.Автотрансформаторлар. Жұмыс істеу принципі.Күштік трансформаторлардан айышмашылығы.
- •21.Коммутациялық апараттар.Оларды жіктеу.Атқаратын қызметі.
- •27.Электр қондырғылардың тарату құрылғыларының құралымы. Жалпы мәлімет.
- •28. Электр қондырғылардың тарату құрылғыларын жіктеу. Жалпы талаптар.
7.Электр станциялардың түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.
Табиғи энергия көздерінің қолдануына байланысты станциялар бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде:
а) конденсациялық бу турбиналы – КЭС;
б) бу турбиналы жылу электр орталықтары – ЖЭО(ТЭЦ);
в) газтурбиналық және бу-газдық қондырғылар – ГТ, БГҚ (ПГУ);
г) атом электрстанциялары – АЭС;
д) жер астындағы энергия көздерін пайдаланатын геотермалды станциялар;
е) күн сәулесі энергиясын пайдаланатын (КСЭС - СЭС) электр станциялары болып бөлінеді.
8.Газотурбиналқ және бугазтурбиналық қондырғылар. Оларды пайдалану болашағы.
Газ турбинасының ГТ жұмыс істеу принципі бойынша авиациялық турбовинтелдік және турбореактивті қозғалтқыштарға ұқсас. Сұйық немесе газтәріздес отын түрі, отын сорғысы ТН немесе газ компрессоры ГК жану камерасына КС, 2.2 суретінде көрсетілгендей беріледі. Онда регенеративті жылытқышта Р жанған өнімдерден жылытылған ауа беріледі. Отын жанғанда түзілетін газдар жану камерасынан КС, ГТ-на беріледі. Темпера-турасы 1000°С жоғары жану өнімі турбина статорына тұрақты орналасқан темір болаттан жасалған турбина қалақшасына барады.Ары қарай жұмыс істеу принципі жылу турбинасына ұқсас. Қазіргі ГТ-лар қуаты 25-200 МВт-тық болып жасалынады.Қондырғыны іске қосу қозғалтқыш арқылы 1-2 мин уақытында іске асады. ГТ негізгі бу бөлігі атмосфераға беріледі, сондықтан олардың жалпы ПӘК 25-30% -ды құрайды.
|
|
2.2 Сурет - Жылу регенерациялы газ турбиналық қондырәыныҫ принципиалды сўлбасы
1-атмосферадаәы ауа; 2-отын; 3-турбинадан алынәан газ; 4-шыққын газдар; 5-таза бу ; 6-қоректік су
2.3 Сурет - Утилизациялық типті бу генераторы бар ПГУ принципиалды сўлбасы
ГТ шықпасында жұмыс істеген газдың температурасы жоғарыламай тұрғанда ПГУ бу газды турбинада бу өндіру үшін және 2.3 суретінде көрсетілгендей бу турбинасының жұмыс істеуіне пайдалануға болады. Отын 2 (газотурбалық, сұйық, газ) жану камерасына КС келеді және оған компрессор көмегімен К ауа еріледі. Компрессор газ турбинасымен Т және электрлік генератормен бір білікте жалғасқан, компрессор К және генератор газ турбинасы Т арқылы қозғалысқа келеді.
Ыстық газдар 3 газ турбинасынан Т утилизатор қазандығына КУ келеді. Қазан утилизаторда КУ жану өнімдері жылуынан 3 су 6 буға 5 айналады, су бу турбинасына барады ПТ, ол электр генераторымен бір білікте орналасқан. Қазан-утилизаторда жану өнімдері 4 сыртқа тасталынады. Бу турбинасында ПТ шаршаған бу конденсаторға беріледі содан қорек сорғысы арқылы 6 қайтадан қазан утилизаторға беріледі.
9.Жүктемелердің графигі. Оларды жіктеу атқаратын қызметі.
Электр қосындының бас сұлбасы мен тарату құрылғысының сұлбалары тұтынушылар жүктемелерінің графигі арқылы тандалады.
Электр станцияның тәуліктік жүктеме графигі электр желісіндегі және тарату тораптарындағы электрэнергияның шығынын, сонымен қатар жоғарлатқыш немесе төмендеткіш трансформаторлардағы және өзіндік мұқтаж-дыққа керекті электрэнергияның шығындарын ескере отырып анықталынады.Пайдалану процесінде жүктеме графиктері тіркеуші аспаптар көмегімен алынады, бірақ жобалауда және тәжірибе жүзінде типті графиктерді қолданады. Жүктеменің типтік графиктері ең үлкен мәніне сәйкесті есептеліп 100% деп алынады да, графиктің қалған сатыларындағы жүктеменің мәндері қарастырылып отырған уақытқа сәйкесті салыстырмалы мәндері мен деп есептелінеді. Жүктеменің ең үлкен мәні беріледі немесе есептеу жолымен анықталады. Станция жүктемесінің қосынды графигі тарату құрылғыларының электрэнергияны пайдалану графигімен және оның жеке мақсаттарында тұтынуы ескеріліп, анықталады. Жүйеге берілетін қуат графигі, станцияда генератор өндіретін қуатының графигі мен өз мұқтажында қолданылатын жүктеме тұтынуының графигі арасындағы айырымы болып саналады.
1 Сурет – Электр станцияның тәуліктік жүктеме графигі
