Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хожин.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
300.56 Кб
Скачать

3.Энергетиканың экологиялық қауіпсіздігі.

4.Электр энергетикадағы нарықтық қарым қатынас.

5. Энергетикалық жүйенің анықтамасы. Электр станциялардың энергетикалық жүйеге біріктірілуінің артықшылықтары.

Электрлік жүйе деп энергетикалық жүйенің электрлік бөлігін ұғады. Сонымен, электр энергетикалық жүйе деп энергияны өндіру, түрлендіру, тарату және пайдалану қондырғыларының жиынтығын айтады. Энергетикалық жүйе энергетикалық қорлардың көздерінен, қазандардан, турбиналардан, генераторлардан, бойлерден, электр жеткізу желілерінен, трансформаторлардан және электр энергияның тұтынушыларынан құрылады.Электр энергетикалық жүйе тек қана электр энергияны өндіреді, түрлендіреді, таратады және тұтынады. Өзара электр станцияларды біріктіруін қамтамасыз етеді, ал олар электр жеткізу желілері арқылы электр энергияның тұтынушыларымен байланысады. Бұл жағдайда едәуір техника-үнемділік артықшылықтар пайдалы болады:

- генераторлардың және электр станциялардың бірлік қуатының үлкею мүмкіншілігі, ал бұл жағдайда 1кВт орнатылған қуаттың бағасы арзандатылады;

- тұтынушылардың электр жабдығының сенімділігін үлкейтеді;

- әртүрлі электр станциялардың жұмысының үнемділігін үлкейтеді;

- электр станцияларда қажетті қор қуатын азайтады.

6.Конденсациялық электростанцияның технологиялық сұлбасы.

Көмір тозаңында жұмыс істейтін КЭС-ның принципиалды техноло-гиялық сұлбасы 1-суретте көрсетілген. Отын қоймасынан 1 ленталы   тасымалдағыш арқылы У көмір уатқыш  қондырғыға  түседі 2, содан кейін майдалағыш  үгіткішке  түседі.

Үгітілген  көмір УД тасымалдағыш  арқылы  көмір  бункеріне 3, содан  кейін қазандықта орналасқан  тозаң  дайындағышқа  түседі. Бункерден 3 ол  тозаң  деңгейіне дейін  үгітетін көмір  диірменіне 4 түсіреді. Диірменнен кейін  көмір  тозаңы П  қазандық  жанында орналасқан  көмір  тозаңы  бункеріне  түседі 5. Соңғысынан көмір  тозаңы, тозаң  жұтқышы  арқылы 6 және  тозаң  желісі арқылы ошаққа 7 (олар бірнеше) ыстық ауамен ВГ үрлегіш  желдеткіш 12  арқылы  беріледі.

 Көмір  тозаңының  жануына  қажетті  ыстық  ауа  ВГ алдын-ала  ауа жылытқыш  арқылы  өтеді 10, ол  қайтымды газдармен қыздырылады Г, ол  түтінсорғыш   11  арқылы  газжүргіштерден  сорылады және  түтін  турбасы  арқылы (суретте көрсетілмеген) ауаға беріледі. Салқын ауа В сырттан  алынады. Ошаққа ыстық ауаның  берілуі  отынның  жануын  жақсартады  және  ошақта температураны арттырады. Көмір тозаңы өлшенген күйінде жалын  тәріздес  болып  өте  үлкен  температурада   жанады.

Қайтымды  газдар,  экономайзер 9 қазандыққа  баратын қорек  суын ПВ жылытуға  көмектеседі.                            

2.1Сурет-Конденсациялық  бу  турбиналық  электрстанцияның  технологиялық  сұлбасы.

 Шығымды  газды,  ошаққа баратын   қорек  суды және ауаны қыздыру үшін  пайдалану шығымды  газ  арқылы  жылу  шығынын  азайтады  және  қазандық  агрегатының  п.ә.к-ін   көбейтеді.Қазандықтан 8  бу  желісі  арқылы  қызған  бу  ПП бу  турбинасына         13  келеді,ол  механикалық   жұмыс  тудырып,  әртүрлі  сатыдан  өтеді. Бұл  кезде  оның қысымы  және  жылусақтағыштығы  ақырындап  кемиді. Турбинада шаршаған бу ПО (бу алымы) турбинаның  аралық  сатыларынан қорек білігін жылыту үшін қолданылады, қалған булар  турбинаның    қалған  сатыларынан  өтеді.Турбинада  толық  жұмыс  істеген  бу  ОП,конденсацияланатын  конденсаторға  15 түседі.Соңғы бу турбинасында шаршаған бу 0,03-0,04 ат-ны құрайды. Мұндай  терең   вакуум   жұмысшы  буды  жиілетіп,  конденсатортурбасына  салқын айналма суды ЦВ  жіберіп  салқындату   конденсаторда  пайда  болып,  сақталады. Оған суды айналма сорғы арқылы 17 қандай да бір  су тоғаны-нан, өзеннен, көлшіктен алады. Егер станция жанында су тоғаны болмаса, айналма судың   сол  көлемін арнайы ғимаратта салқындатады, оған  су салқындатқыш  қоймасы  (градирнада)  қайта   қолданады.Шаршаған   бумен  бірге  кіретін  ауа бу  эжекторымен 16 жойылады. Конденсаторға түсетін жұмысшы  бу тіпті 0,04-0,03 ат соңғы  қысымында қолданылмаған жылу шамасына ие, көп бөлігі айналма  су  арқылы  жұтылады  және  су  тоғанына  тартылып  кетеді.

Турбина  конденсаторына  конденсат К конденсаттық  сорғы  арқылы 18 дэараторға 19 беріледі. Деаэратор қорек  судан  араласқан  газды ауа  оттегін  жою үшін қолданылады. Деаэраторда  қоректік су ПО бумен  турбинаның  бу аралық буымен  оның бойындағы  газдардың  бөліну  температурасына  дейін  қыздырылады. Деаэратордан қоректік су ПВ 20 қоректік сорғы арқылы  сорылады. Қазандыққа баратын қоректік  су бірнеше  су  жылытқыштар-дан  өтеді (сұлбада көрсетілген 21), онда су аралық турбина буы арқылы қыздырылады. Су қызғыштарға түсетін бу конденсацияланады. Конденсат КП  деаэраторға  беріледі.

Қазандық  қорегінің  жүйесіндегі  бу  шығынын  қалпына  келтіру  үшін деэраторға  19 қосымша су  қосылады ДВ, ол  арнайы  қондырғы  арқылы  22 қоректік  шикі  судан СВ арнайы  қондырғы  арқылы  тазартылады.Жылулық  шығынынан  басқа  қазандық  агрегаттарда, бу  желісінде, турбиналарда  және  генераторларда   салқындатқыштардың  шығыны  болады. Барлық  шығынды ескере  бу  турбиналы  конденсациялық  станциялар  ПӘК әдетте  40 %-дан  аспайды. КЭС типті  станциялар  қасында  блок  генератор 14 трансформатормен 23 қосылу  сұлбасы  қолданылады. Өндірілген электр-энергия ЭЭ жоғарылатқыш  трансформаторға  барады  және  кернеуі  35 кВ және  одан   жоғары  жинақтағыш  шиналарға  барады, одан ары тарату желілері  қолданылады. Блоктық  сұлбада  әрбір турбоагрегатқа  жеке  қазандық  орнатылады, қорек  суы  бойынша әрбір  турбоагрегат  қазандық  буы бойынша байланыспайды (блоктар арасында  көлденең  байланыс болмайды).КЭС-ті блок  принципінде  тұрғызғанда  электрстанцияларының  техно-логиялық  сұлбалары  қысқартылады,  резервтіқондырғылар  қолданылмайды  немесе  қарастырылмайды,құрылыстық,  монтаждық  жұмыстар   көлемі  қыс-қартылады және электрстанцияның  ыңғайлы ұлғайтылуы  қарастырылады.

Қарастырылған  сұлба бойынша, негізгі  жағдайда,жергілікті  отында  электрэнергиядан   шалғай  тұтынушылары   үшін алып  райондық  электр-станциялар салынады.  Осы барлық элементтердің  қалыпты жұмыс істеуіне себепті механизм-дер мен қондырғыларға өзіндік  мұқтаждық  деп  аталатын  жүйе  кіреді.