
- •1.Энергетиканың анықтамасы. Энергетикада пайдаланатын қондырғылар және олардың атқаратын қызметі.
- •2.Жердің энергетикалық қорлары.Энергетиканы өндірудің бес сатысы.
- •3.Энергетиканың экологиялық қауіпсіздігі.
- •4.Электр энергетикадағы нарықтық қарым қатынас.
- •5. Энергетикалық жүйенің анықтамасы. Электр станциялардың энергетикалық жүйеге біріктірілуінің артықшылықтары.
- •6.Конденсациялық электростанцияның технологиялық сұлбасы.
- •7.Электр станциялардың түрлері және олардың негізгі сипаттамалары.
- •8.Газотурбиналқ және бугазтурбиналық қондырғылар. Оларды пайдалану болашағы.
- •9.Жүктемелердің графигі. Оларды жіктеу атқаратын қызметі.
- •10.Энергетикалық жүйелердің жүктемелерінің графигін құру. Энергетикалық жүйелердің жүктемелерінің графигін жабуға электр станциялардың қатынасулары.
- •11.Жүктемелердің графиктерінің ұзақтығы.Бұл графиктерден анықталатын техника экономикалық көрсеткіштер.
- •13. Су электр станциясы. Су акуммуляциялық станциялары су энергетикасының экологиялық проблемалары.
- •19.Күштік трансформаторлардың құрылымы.
- •20.Автотрансформаторлар. Жұмыс істеу принципі.Күштік трансформаторлардан айышмашылығы.
- •21.Коммутациялық апараттар.Оларды жіктеу.Атқаратын қызметі.
- •27.Электр қондырғылардың тарату құрылғыларының құралымы. Жалпы мәлімет.
- •28. Электр қондырғылардың тарату құрылғыларын жіктеу. Жалпы талаптар.
1.Энергетиканың анықтамасы. Энергетикада пайдаланатын қондырғылар және олардың атқаратын қызметі.
Қазіргі түсінігімізде энергетика (немесе энергетикалық шаруашылық) – өндіріс, қайта өңдеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау,тарату және барлық энергетикалық ресурстардың түрлерін, сонымен қатар энергияны пайдалану. Қазіргі уақытта алынатын энергияның негізгі формалары жылу және электр энергиясы.Энергетиканың жылу және электр энергиясымен байланысты саласы жылуэнергетикасы және электрэнергетикасы деп бөлінеді.Энергетиканың су энергиясының электрэнергиясына айналу процесінің саласы су энергетика сы деп аталады.Атом ядросын энергияға қолдану бағытының ашылуы – атомдық немесе ядролық энергетика аталмыш саласын ашты.
Энергетикада негізінен бес түрлі қондырғылар қолданылады: өндіретін, түрлендіретін,энергияны жеткізетін, сонымен қатар жинақтауыш (аккумулирующие) және тұтынатын қондырғылар.
2.Жердің энергетикалық қорлары.Энергетиканы өндірудің бес сатысы.
Энергия – табиғи құбылыстың жалпылама негізі, мәдениет және барлық адам ғұмырының базасы. Сонымен қатар энергия әртүрлі формадағы материя қозғалысының бірінен келесі түріне айналатын сандық бағасы ретінде түсіндіріледі. Энергия химиялық, механикалық, электрлік, ядролық сияқты т.б. түрлерге бөлінеді. Адамның тәжірибелік қолданысына мүмкін болатын энергия энергетикалық ресурс деп аталатын материалды обьектіге негізделген.
Табиғатта кездесетін энергия ресурсының көп түрінен, тәжірибелік қажеттілікте жиі қолданылатын түрлерін таңдап алады. Оларға органикалық отындарды мысалы, көмір, мұнай, газ, сонымен бірге өзен, теңіз, мұхит, күн, жел энергиясын және жер недрларының жылулық энергиясын (геотермалды) т.б. жатқызады.
Энергия ресурстарын қалпына келетін және қалпына келмейтін деп бөледі. Бірінші түріне табиғат үзіліссіз қалпына келтіре алатын энергия ресурстарын жатқызамыз (су, жел,т.б.), екіншісіне ертеректе қазылған, бірақ геологиялық шарттарда қайта түзілмейтін энергия ресурстарын жатқызамыз (мысалы, тас көмір).
Табиғаттан алынатын энергия (отын, су, жел энергиясы, жердің жылулық энергиясы, ядролық), біріншілік (алғашқы) деп аталынады. Адамның біріншілік энергиясын арнайы қондырғы арқылы станцияда түрлендіріп алатын энергияны (электрлік энергия, бу, ыстық су т.б.) екіншілік деп атайды.
Станцияның өз атауында біріншілік энергияның қандай түрі түрленетіні айтылады. Мысалы, жылу электрлік станциясы (қысқаша ЖЭС) жылу энергиясын (біріншілік) электрлік энергияға түрлендіреді (екіншілік), суэлектр-станциясы (СЭС) су энергиясын электрлікке, атомдық электр станциялары (АЭС) атом энергиясын электрлікке т.б. түрлендіреді.
Қол жететін энергия ресурстарының көп бөлігі көмір үлесіне (75-85%); орташа бөлігі мұнай (10-15%) және газ (5-10%) қорына тиеді; ал қалған энергия ресурстарының жиынтығы 2%-ды құрайды.
ХХғ.басында көмір барлық қолданылатын энергоресурстардың көп бөлігін құраған.Мұнай мен газға қажеттілік артқаннан кейін энергия өндірудегі көмір үлесі азайды.Әлемдік отын қорының шығындалуы, батыс елдерінің «энергетикалық аштық», «жылулық өлім» және т.б., адамзатқа төнетін қауіптер болжамы ізденістерге қадам жасауға себеп болды. Бірақ мұндай жаман болжауларға еш негіз жоқ. Керісінше, қоры расымен азайып бара жатқан органикалық отын орнына жаңа тиімді энергия көздері келеді деп айтуға болады, ол бірінші кезекте ауыр және синтез элементтерді ыдыратудан алынатын ядролық энергия кезеңі.