
- •3.Әртүрлі ортасы бар физикалық құрылғыларды жалғау ерекшеліктері. Физикалық құрылғылардың түрлері.
- •5. Үлестрілген желілерде байланыс орнату жəне жобалау ерекшеліктері.
- •6. Құрылғылардың өзара байланысы, кабельдер мен интерфейстердің түрлері
- •7. Lan және wan байланыстарын орнату ерекшеліктері
- •8.Топологиялардың түрлері, шағын зертханалық топологияның мысалы, қалыпқа келтіру
- •11.Консольдік байланыстың анықтамасы, pt Terminal арқылы консольдік байланыс орнатудың мысалы.
- •12. Динамикалық хаттамалар, олардың ерекшеліктері және түрлері
- •13)Динамикалық хаттаманың анықтамасы, жеке аймақтар үшін ospf хаттамасын конфигурациялау.
- •2‐ Қадам. Желілерді жариялау
- •18. Коммутаторлармен байланысты негізгі түсініктер, оладың
- •19. Коммутаторлардың бастапқы конфигурациясы.
- •20.Тср хаттамасы жəне оның негізгі функциялары. Байланыс орнату процедурасы.
- •25. Vlan-дарды және Trunk-тарды конфигурациялау
- •Vlan ды Config-vlan режимінде конфигурациялау
- •26. Vlan-дарды ұйымдастыру барысында Trunk-тарды қолдану нені
- •27. Ауқымды компьютерлік желілер wan. Ауқымды компьютерлік
- •28.Vlan-дарға және Trunk-тарға байланысты туындайтын мәселеле
- •29.Ақпараттық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылардың және программалық жабдықтың түрлері.Ақ-тық ресурстар
- •30. Желілік технология анықтамасы, олардың түрлері, басты сипаттамалары.
- •31. Желілік адрестердің түрлері, мысал. Маскалар мен Желі адрес арасындағы байланыс.
- •32. Frame Relay технологиясының даму тарихы, қазіргі кездегі даму деңгейі
- •34.Frame Relay (fr) хаттамасындағы виртуальді каналардың типтері, атқаратын қызметі, қалай қалыпқа келтіріледі.
- •35) Frame Relay (fr) хаттамасындағы dlci нені білдіреді, оларды қалыпқа келтіру ерекшеліктері, мысал (топология) түрінде.
- •37) Vtp хаттамасын қолдану режимдерінің түрлері, атқаратын қызметі.
- •38.Vtp конфигурациясына мысал, vlan-дарда қалай қолданылады.
- •41) Vtp және stp хаттамаларын конфигурациялау қалай жүргізіледі, мысал.
- •42. Супер желілер мен ішкі желілердің айырмашылықтары, есептелуіне мысал.
- •43.Супер желілер құру. Маскаларды есептеу.
- •48. Сымсыз lan бастапқы конфигурациясына мысал келтіру.
- •49. Сымсыз lan бастапқы конфигурациясы қалай іске асырылады, мысал.
- •50) Rip 2 хаттамасы. RiPv1 жəне riPv2 хаттамаларын салыстыру.
- •53.Eigrp хаттамасы, конфигурациясына мысал.
- •55. Атм технологиясы пайдалану ерекшеліктері, мысал.
- •57.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары.
- •59. Бұлттық есептеулер және олардың ерекшеліктері, мысал
- •60. Шифрлеудің стандартты əдістері, криптографиялық жүйелер, компьютерлік желілер түсініктеріне тоқталып, мысал келтір.
27. Ауқымды компьютерлік желілер wan. Ауқымды компьютерлік
желілердің сипаттамасы. Қолданатын протоколдарына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN -Iocal Area Network) және ауқымды (WAN-Wide Area Network) деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін протоколдардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық белгісі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді, сол сияқты әртүрлі протоколдарды қолданатын жеке жергілікті желілерді біріктіре алады. Әр түрлі протоколдармен жұмыс істейтін бірнеше жергілікті желілерді өзара байланыстыру үшін шлюздар деп аталатын арнайы құралдар болады. Шлюздар аппараттық та, программалық та бола алады. Мысалы, ол арнайы компьютер (шлюзды сервер) немесе компьютерлік программа да болуы мүмкін. Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері:электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.
28.Vlan-дарға және Trunk-тарға байланысты туындайтын мәселеле
29.Ақпараттық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылардың және программалық жабдықтың түрлері.Ақ-тық ресурстар
Компьютерлердi желiге олардың ресурстарын бiрлесiп пайдалану үшiн және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлiнедi. Ал ақпарттық ресурстар дегеніміз басқару функцияларынын іске асырып нысан жөнінде ақпартарды алуды, беруді және өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Яғни адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер ең бірінші кезекте, компьютер – ақ-тарды өңдеуге арналған әмбебабты қасиеті бар жүйе болып табылады. Ақпарттық рес-тар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, білім беруде, денсаулық сақтауда, мед-на мен ғылымда көлікпен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, яғни ақ-тық рес-дың негізгі мақсаты – адам еңбегінің өнімділігін арттырумен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту
Ақnараттық ресурстарға программалар және деректер , ал техникалықтарға — nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кiредi. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық pecypcтapғa кiредi. Олар программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен ғанa қол жеткiзуге болатын ресурстар жергiлiктi деп аталады. Желiнiң басқа компьютерлерiне де ашық компьютер ресурстары оpтақ немесе желiлiк деп аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл — жергiлiктi ресурсты ортақ етуге болады және, керiciнше, ортақ ресурсқа жергiлiктi мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi акқаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.
Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.
Компьютерлiк желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:
• ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;
• желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;
·ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;
·ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:
·ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.