Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Моля WAN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
379.22 Кб
Скачать

32. Frame Relay технологиясының даму тарихы, қазіргі кездегі даму деңгейі

Frame relay (англ. «кадрлар ретрансляциясы», FR) —OSI желілік моделінің арналық деңгей протоколы. Пакеттің қызметі Frame Relay-дің пакеттер коммутациясының қызметі қазіргі таңда бүкіл әлемде кеңінен таралған. FR протоколы мүмкіндік беретін ең жоғарғы жылдамдығы  — 34,368 мегабит/сек (E3 каналдары). Коммутациясы: нүкте-нүкте.

Frame Relay тез, сенімді байланыс каналы үшін X.25 протоколының орнына 1990-шы жылдың басында құрастырылды. FR технологиясы архитектурасы жағынан X.25 –ке негізделді және көп жағынан осы протоколмен ұқсас, дегенмен қателер жиілігі жоғары болатын линияға негізделген X.25-пен салыстырғанда, FR басынан бастап қателер жиілігі төмен физикалық линияларға бағытталған, және де X.25 –тің қателерді түзеу механизмінің көп бөлігі FR стандартының құрамына кірмеген. Спецификациялар құрастырғанда көптеген кәсіпорындар қатысты; көптеген тасымалдаушылар бар жүзеге асырулардың әрқайсысын қолдайды, сонымен қатар сәйкес келетін аппараттық және программалық қамтамасыздандыруды орындайды.Кадрларды ретрансляциялау (frame relay, FR) технологиясын қолдану арқылы деректерді жіберу қызметі аймақтық-тарату жергілікті желілерін біріктіруге мүмкіндік береді және ақпараттың сөйлесу типтерін, оның ішінде бір мезетте ақпарат пен дауысты беру, сонымен қатар Ғаламтор және Х.25 желілеріне ену қызметтерін ұсынуды сапалы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  Frame Relay технологиясы желілік қызметердің кең ауқымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Frame Relay хаттамасында жоғары деңгейлі хаттамалардың көп көлемді жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта FR бір байланыс линиясында көптеген тәуекелді емес виртуалды каналдар (VC Virtual Circuit) қолданылады, бұл екі түрде болады:

1. Тұрақты виртуалды канал, PVC

2. коммутацияланатын виртуалды канал, SVC

PVC-екі түйін арасында орындалады және тұрақты уақыт арасында орындалады. Мәліметтер жоқ кезінде де жұмыс атқарады.

SVC-мәліметтер алмасу алдында екі түйін арасында орындалады. Сеанстық байланысы аяқталғаннан кейін үзіледі.

Frame Relay қызметі:

Желілік, транспорттық деңгейде жұмыс істейді.

1. Frame Relay желілері корпоративтік, айматық желілер. Мысалы, алыстатылған жергілікті желілерде мәліметтер тасымалдау каналы ретінде қолданылады.

2. Аймақтық және жергілікті желілер арасында мәліметтер тасымалдау.

3. Кез келген желілерде қолданылады.

Frame Relay технологиясы байланыстың оптика-талшықты линиялары үшін қарапайым және сонымен қатар эффективті болып табылады, бұл технология стандартизация бойынша алдыңғы қатарлы телекоммуникациялық компаниялар мен кәсіпорындардың назарын өзіне аудартты.

Қазақстанда бірінші рет Frame Relay технологиясы 1997 жылдың қараша айында қолданылды деп те айтсақ болады. “ASTEL” компаниясында Frame Relay технологиясы 10 жылдан астам уақытта пайда болды. 2003 жылы мамыр айында құрылып,қазіргі таңда телекоммуникация нарығындағы ең кең таралған шешімдерді шешеді. Осы Frame Relay технологиясы көмегімен “ASTEL” компаниясы жылдан жылға дамып KazNET – жоғары жылдамдықты спутникті, радиосызықты және талшықты каналдың мультисервисті телекоммуникациялық желісін шығарды. Бұл желі барлық Қазақстан аумағында және ТМД елдері арасында таралған.

33)Frame Relay (FR) хаттамасын конфигурациялау ерекшеліктері, мысал. Кадрларды ретрансляциялау (frame relay, FR) технологиясын қолдану арқылы деректерді жіберу қызметі аймақтық-тарату жергілікті желілерін біріктіруге мүмкіндік береді және ақпараттың сөйлесу типтерін, оның ішінде бір мезетте ақпарат пен дауысты беру, сонымен қатар Ғаламтор және Х.25 желілеріне ену қызметтерін ұсынуды сапалы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Frame Relay технологиясы желілік қызметердің кең ауқымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Frame Relay хаттамасында жоғары деңгейлі хаттамалардың көп көлемді жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. FR қызметтерін пайдалану қымбат айшықталған арналарға қарағанда (нүкте-нүкте) экономикалық жағынан ең тиімдісі болып табылады.

IPv6-ны қолданған кездегі Frame Relay (FR) хаттамасын конфигурациялау ерекшеліктері: Конфигурация жүргізген кезде frame-relay map және frame-relay interface-dlci командалары қолданылады.

R1#show running-config

!

interface Serial0/0

no ip address

encapsulation frame-relay

!

interface Serial0/0.1 multipoint

ip address 10.0.0.1 255.255.255.0

ipv6 address FD00::1/64

frame-relay interface-dlci 102

frame-relay interface-dlci 103

!

Физикалық интерфейсте Frame Relay-ге R1командаларына рұқсат беру үшін:

R1(config)# interface serial0/0/0

R1(config-if)# encapsulation frame-relay

R1(config-if)# no shutdown

Глобальды түрдегі конфигурациялау:

R1(config)# interface Serial0/0/0.102 point-to-point

R1(config-subif)# ip address 10.0.1.1 255.255.255.252

R1(config-subif)# frame-relay interface-dlci 102

R1(config-subif)# exit

R1# show frame-relay lmi

R1# show frame-relay pvc

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]