
- •3.Әртүрлі ортасы бар физикалық құрылғыларды жалғау ерекшеліктері. Физикалық құрылғылардың түрлері.
- •5. Үлестрілген желілерде байланыс орнату жəне жобалау ерекшеліктері.
- •6. Құрылғылардың өзара байланысы, кабельдер мен интерфейстердің түрлері
- •7. Lan және wan байланыстарын орнату ерекшеліктері
- •8.Топологиялардың түрлері, шағын зертханалық топологияның мысалы, қалыпқа келтіру
- •11.Консольдік байланыстың анықтамасы, pt Terminal арқылы консольдік байланыс орнатудың мысалы.
- •12. Динамикалық хаттамалар, олардың ерекшеліктері және түрлері
- •13)Динамикалық хаттаманың анықтамасы, жеке аймақтар үшін ospf хаттамасын конфигурациялау.
- •2‐ Қадам. Желілерді жариялау
- •18. Коммутаторлармен байланысты негізгі түсініктер, оладың
- •19. Коммутаторлардың бастапқы конфигурациясы.
- •20.Тср хаттамасы жəне оның негізгі функциялары. Байланыс орнату процедурасы.
- •25. Vlan-дарды және Trunk-тарды конфигурациялау
- •Vlan ды Config-vlan режимінде конфигурациялау
- •26. Vlan-дарды ұйымдастыру барысында Trunk-тарды қолдану нені
- •27. Ауқымды компьютерлік желілер wan. Ауқымды компьютерлік
- •28.Vlan-дарға және Trunk-тарға байланысты туындайтын мәселеле
- •29.Ақпараттық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылардың және программалық жабдықтың түрлері.Ақ-тық ресурстар
- •30. Желілік технология анықтамасы, олардың түрлері, басты сипаттамалары.
- •31. Желілік адрестердің түрлері, мысал. Маскалар мен Желі адрес арасындағы байланыс.
- •32. Frame Relay технологиясының даму тарихы, қазіргі кездегі даму деңгейі
- •34.Frame Relay (fr) хаттамасындағы виртуальді каналардың типтері, атқаратын қызметі, қалай қалыпқа келтіріледі.
- •35) Frame Relay (fr) хаттамасындағы dlci нені білдіреді, оларды қалыпқа келтіру ерекшеліктері, мысал (топология) түрінде.
- •37) Vtp хаттамасын қолдану режимдерінің түрлері, атқаратын қызметі.
- •38.Vtp конфигурациясына мысал, vlan-дарда қалай қолданылады.
- •41) Vtp және stp хаттамаларын конфигурациялау қалай жүргізіледі, мысал.
- •42. Супер желілер мен ішкі желілердің айырмашылықтары, есептелуіне мысал.
- •43.Супер желілер құру. Маскаларды есептеу.
- •48. Сымсыз lan бастапқы конфигурациясына мысал келтіру.
- •49. Сымсыз lan бастапқы конфигурациясы қалай іске асырылады, мысал.
- •50) Rip 2 хаттамасы. RiPv1 жəне riPv2 хаттамаларын салыстыру.
- •53.Eigrp хаттамасы, конфигурациясына мысал.
- •55. Атм технологиясы пайдалану ерекшеліктері, мысал.
- •57.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары.
- •59. Бұлттық есептеулер және олардың ерекшеліктері, мысал
- •60. Шифрлеудің стандартты əдістері, криптографиялық жүйелер, компьютерлік желілер түсініктеріне тоқталып, мысал келтір.
20.Тср хаттамасы жəне оның негізгі функциялары. Байланыс орнату процедурасы.
TCP (Transmission Control Protocol) – бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс – жіберуші мен процесс – алушының арасын алдын – ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар.
Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі.
Мәліметтерді алмасу процесі машина – жіберуші және машина – алушы арасында жалғауды қондыру сұранысынан басталады. Бұл сұраныста арнайы бүтін саны болады, оны біз сокет номері деп атаймыз. Ал жауабына алушы өз сокетінің номерін жібереді. Жіберуші мен алушының сокеттерінің номері жалғауды анықтайды (былай айтқанда, жалғау жіберуші мен алушының IP-адресісіз орындалмайды, бірақ та бұл тек төменгі деңгейлі хаттамаларға қатысты).
ТСР жалғауын қондырғаннан кейін хабарламаның сегменттері жіберіліп бастайды. Жіберушінің төменгі деңгейлі IP-адресінде сегменттер бір немесе бірнеше дейтаграммаларға бөліне бастайды. Желіні өте келе, дейтаграммалар алушыға келіп түседі, содан IP деңгейі олардан қайтадан сегмент жинақтап ТСР береді. ТСР барлық сегменттерді бір хабарламаға жинақтап отырады. ТСР – дан процесс – алушыға хаттамалардың қада жиналатыны туралы хабарлдама жіберіліп отырады.
ТСР машина – алушыда номері бойынша бүкіл сегменттерді бір хабарламаға жинақтайды. Егер қандайда бір хабарлама сегменті жоғалған немесе бүлінген болса, жіберушіге қате кеткен сегменттің номері жіберіледі. Бұндай жағдайда жіберуші сегментті қайта жіберуіне тура келеді. Егер де сегмент дұрыс қабылданған болса, онда алушы анықтаушы – квитанциясын жібереді (ACK - acknowledgement).
Таймер ТСР хаттамасында ең маңызды рольді атқарады. Егер де белгіленген уақыт ішінде анықтаушы – квитанциясы келіп түспеген болса, онда сегмент жоғалтылған болып саналады. Бұндай жағдайда сегментті қайта жіберу процесі орындалады.
TCP – дегі кез – келген байланыс каналдары екі санмен анықталынады – бұл косбинация сокет деп аталады. Осылайша сокет ЭЕМ – де IP-адресімен және TCP – дегі бағдарламалық қамсыздандыру арқылы порт номерімен анықталады. Қосылу кезінде кез – келген машина бір мағынады IP-адресімен анықталады, ал әрбір процесс – портпен анықталады, сондықтан екі процестер арасындағы қосылыстар бір мағынада сокетпен анықталынады.
23.DHCP хаттамасына шолу. DHCP хаттамасының функциялары жəне конфигурациясы. DHCP - бұл қолданбалы деңгейдiң желілік қызметі және хаттамасы. TCP/IP желілік администраторларға IP - бекiтiлген мекенжайларды иемдену талап етпейтiн клиент машиналары тағы басқалар жұмыс станциясы, столға қоятын компьютерлердiң мекенжайлары, серверлер олар IP-шi топтармен үлестiрiлу және басқаруларды жүзеге асыру үшiн сайып келгенде күйiне келтiруге мүмкiндiк береді. Ұйымдар өсуіне және администраторлық ету талап ететiн компьютерлердiң саны үлкеюіне байланысты DHCP хаттамасы өте қажетті құралға айналуда. DHCP хаттамасының функциялары және конфигурациясы
1)ip-ді автоматты баптауды қажет ететін сегменттерді анықтау
2) ip-ді автоматты баптауын қамтамасыз ету үшін оның әдісін анықтау, әрбіржелілік сегмент үшін әдістердің бірін таңдау керек
а) DHCP-сервер. Әрбір географиялық сегментте кем дегенде бір DHCP-сервер болуы қажет.бір DHCP-сервер 1500 санды қолдайды. Қосымша серверлерді қол жетімділік пен өнімділікті арттыру үшін қояды. Б) DHCP ретрансляция агенттері. Олар DHCP-сервермен тікелей байланыспаған сегменттерде орнатылады. Олар кең таратылған пакеттерді қабылдайды, сұраныстарды бірадресті пакеттерге түрлендіреді де белгілі бір DHCP-серверге жібереді. Бір агент 1000 компьютер клиентті қолдайды. В)маршрутизаторда DHCP/BOOTP жіберілуін қосу. BOOTP-Bootstrap Protocol-желілік хаттама, клиенттердің IP-адрестерін автоматты түрде алуына мүмкіндік береді.3) DHCP аймақтарын және олардың параметрлерін анықтау. Аймақ – бұл DHCP-сервер басқаратын IP-адрестер диапазоны.
DHCP аймақтары параметрлерінде IP-клиенттер конфигурациясы ерекшеліктерін көрсету қажет:- маршрутизаторлар;- DNS серверлер;
- DNSдомен аты;- тип узла WINS түйін типі;- WINS сервер.
Команда |
Мақсаты |
Router(config)# service dhcp |
Cisco IOS DHCP серверді и реле маршрутизатор функциясы релесіне қосады. |
Адрестерді шығарып тастау үшін ip dhcp excluded-address
Customer(config)#ip dhcp excluded-address 192.168.1.1
Customer(config)#ip dhcp excluded-address 192.168.1.101 192.168.1.254
командасыненгіземіз.
Клиенттік маршрутизаторда DHCP түйінін ішкі клиенттер үшін
қалыпқа келтіру барысында оның конфигурациясында келесідей
командалардыорындаукерек:
Customer(config)#ip dhcp pool INTERNAL
Customer(dhcp-config)#network 192.168.1.0 255.255.255.0
Customer(dhcp-config)#default-router 192.168.1.1
Customer(dhcp-config)#dns-server 192.168.1.200
Клиенттік маршрутизаторда DHCP түйінінің қасиеттерін көру үшін show
ip dhcp pool командасы қолданылады
24. DHCP арқылы деректерді тасымалдау. ВООТР жəне DHCP хаттамаларының арасындағы айырмашылық. DHCP (англ. Dynamic Host Configuration Protocol)- желілік хаттама болып табылады.Компьютерлер дұрыс IP-адресті автоматты түрде ала алады, басқа параметрлері TCP/IP желі жұмыстары үшін.Осы хаттама «клиент-сервер» моделі бойынша жұмыс істейді. Автоматты конфигурация компьютер-клиент үшін бұл кезеңде конфигурацияның желілік құрылғылары DHCP деп аталатын серверге айналып жатыр және одан керекті параметрлерін алады. Желілік админстратор диапазон адресін беруі мүмкін, компьютер арасынан үлестірілген серверлерден. Бұл компьютер настройкасын қолдан жасаудан құтылуға мүмкіндік береді және қателердің санын азайтады. DHCP хаттамасын көпшілікте TCP/IP қолданып жатыр.DHCP BOOTP хаттамасының кеңейтілген түрі болып табылады. DHCP BOOTP пен кері қосылуын сақтайды.
BOOTP және DHCP хаттамалары арасында маңызды айырмашылық бар.
BOOTP |
DHCP |
DHCP ға дейін құрастырылған |
BOOTP дан кейін құрастырылған |
Дискісіз жұмыс станциясы шектеулі мүмкіндіктерімен жүктелген настройкасына арналған |
Жиі ауыстырылатын компьютер желісіне қосылған (мысалы ноутбук) қатты дисктер және жүктеуге арналған толық мүмкіндіктерге арналған. |
Үнсіздік бойынша динамикалық хаттама BOOTP IP-адресті 30 күнде жалға белгілейді |
Үнсіздік бойынша динамикалық хаттама DHCP IP-адресті 8кунге арендаға алады. |
BOOTP серверде клиенттер байланыммен конфигурацияны жаңартпайды, тек қайта жүктеу жүйесінен басқа |
DHCP серверінде DHCPклиенттері қайта өңдеу жүйесінде байланыммен конфигурацияны жаңартуды талап етпейді. Осның орнына клиенттер белгіленген уақытта автоматты түрде интервал жаңарту байламына кіреді, адрестің арендасын ұзарту үшін DHCP серверінде болу керек. |
Кеңейтілген жеткізуші шектелген санды клиент настройка параметрінде қолдайды. |
Параметр ұзын және кеңейтілген клиент настройкасында параметрді қолдайды. |
Хостарды динамикалық теңшеу протоколы (DHCP) - клиент-сервер желілік протоколы. DHCP сервері DHCP клиент хост сұрауына тән конфигурация параметрлерін қамтамасыз етеді, жалпы, IP желісінде қатысу үшін клиент хостына қажет мәліметтер. Сондай-ақ, DHCP клиент хосттарына IP-мекенжайларды бөліп беру механизмін қамтамасыз етеді.