
- •3.Әртүрлі ортасы бар физикалық құрылғыларды жалғау ерекшеліктері. Физикалық құрылғылардың түрлері.
- •5. Үлестрілген желілерде байланыс орнату жəне жобалау ерекшеліктері.
- •6. Құрылғылардың өзара байланысы, кабельдер мен интерфейстердің түрлері
- •7. Lan және wan байланыстарын орнату ерекшеліктері
- •8.Топологиялардың түрлері, шағын зертханалық топологияның мысалы, қалыпқа келтіру
- •11.Консольдік байланыстың анықтамасы, pt Terminal арқылы консольдік байланыс орнатудың мысалы.
- •12. Динамикалық хаттамалар, олардың ерекшеліктері және түрлері
- •13)Динамикалық хаттаманың анықтамасы, жеке аймақтар үшін ospf хаттамасын конфигурациялау.
- •2‐ Қадам. Желілерді жариялау
- •18. Коммутаторлармен байланысты негізгі түсініктер, оладың
- •19. Коммутаторлардың бастапқы конфигурациясы.
- •20.Тср хаттамасы жəне оның негізгі функциялары. Байланыс орнату процедурасы.
- •25. Vlan-дарды және Trunk-тарды конфигурациялау
- •Vlan ды Config-vlan режимінде конфигурациялау
- •26. Vlan-дарды ұйымдастыру барысында Trunk-тарды қолдану нені
- •27. Ауқымды компьютерлік желілер wan. Ауқымды компьютерлік
- •28.Vlan-дарға және Trunk-тарға байланысты туындайтын мәселеле
- •29.Ақпараттық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылардың және программалық жабдықтың түрлері.Ақ-тық ресурстар
- •30. Желілік технология анықтамасы, олардың түрлері, басты сипаттамалары.
- •31. Желілік адрестердің түрлері, мысал. Маскалар мен Желі адрес арасындағы байланыс.
- •32. Frame Relay технологиясының даму тарихы, қазіргі кездегі даму деңгейі
- •34.Frame Relay (fr) хаттамасындағы виртуальді каналардың типтері, атқаратын қызметі, қалай қалыпқа келтіріледі.
- •35) Frame Relay (fr) хаттамасындағы dlci нені білдіреді, оларды қалыпқа келтіру ерекшеліктері, мысал (топология) түрінде.
- •37) Vtp хаттамасын қолдану режимдерінің түрлері, атқаратын қызметі.
- •38.Vtp конфигурациясына мысал, vlan-дарда қалай қолданылады.
- •41) Vtp және stp хаттамаларын конфигурациялау қалай жүргізіледі, мысал.
- •42. Супер желілер мен ішкі желілердің айырмашылықтары, есептелуіне мысал.
- •43.Супер желілер құру. Маскаларды есептеу.
- •48. Сымсыз lan бастапқы конфигурациясына мысал келтіру.
- •49. Сымсыз lan бастапқы конфигурациясы қалай іске асырылады, мысал.
- •50) Rip 2 хаттамасы. RiPv1 жəне riPv2 хаттамаларын салыстыру.
- •53.Eigrp хаттамасы, конфигурациясына мысал.
- •55. Атм технологиясы пайдалану ерекшеліктері, мысал.
- •57.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары.
- •59. Бұлттық есептеулер және олардың ерекшеліктері, мысал
- •60. Шифрлеудің стандартты əдістері, криптографиялық жүйелер, компьютерлік желілер түсініктеріне тоқталып, мысал келтір.
7. Lan және wan байланыстарын орнату ерекшеліктері
Желіні ұйымдастырудың орталық деңгейінде ақырғы желілер үшін жоғарғы жылдамдықтағы магистралдан тұрады. Корпоративтік желілер әдеттегі LAN және WAN технологияларын пайдаланады. Стандартты корпоративті желіде бірнеше жергілікті желінің ғимараттар кешене үлестіру деңгейінде немесе орталық деңгейде бірігеді және LAN құрайды. Бұл жергілікті LAN басқа георгарфиялық аудандамен бірігіп WAN құрайды. LAN (Local Area Network, LAN) – көлемі жағынан үлкен емес территорияны қамтитын немесе белгілі бір ғимаратты, офисті, фирманы т.б. аумақты қамтитын аймақтық желі болып табылады. LAN локальді желісі - Ethernet және Wi-Fi технологиясына негізделіп құрылады. Ертеректе Frame Relay, Token ring секілді технологиялардың қолданылғаны барлығымызға белгілі. Бірақ мұндай ақпарат таситын хаттамалар қазіргі кезде өте аз қолданылады. Тек белгілі бір зертханаларда, оқу орындарында т.б. қолданылады. Сымдық және оптикалық байланыстар Ethernet арқылы құрылса, сымсыз байланыстар Wi-Fi арқылы құрылады. Бір LAN екінші бір LAN-мен арнайы шлюздер арқылы байланыс орната алады. LAN байланысын орнату: 1.Жылдам ақпарат тасуға мүмкіндік береді; 2.Сымды немесе сымсыз байланыс орнату мүмкіндіктерін береді; 3.Кішігірім аумақты қамтығандықтан, жоғары жылдамдықты қамтитын байланыс сызықтарын орнатуға мүмкіндік береді (1 Мбит/с – 100 Мбит/с); 4.Арнайы кәсіпорынға арналып жасалған бұл локальді желі, кәсіпорын ішіндегі барлық ақпараттың қауіпсіз болады; 5. Wireless LAN яғни сымсыз желімен байланыс орнатуға болады. Кәсіпорын инфрақұрылымды орнатуға және оны басқаруға жауапты болады. WAN –Ethernet пайдаланатын технологиялардың ең кең таралғаны. Желідегі басты назар – қол жеткізу және үлестіру деңгейіне аударады. LAN қолданушыларды байланыстырады және жергілікті қосымшалар және серверлік фирмаларды қолдайды. Байланысқан құрылғылар әдетте сол жергілікті аймақтар, мысалы бір ғимаратта немесе ғимараттар екшенінде болады. WAN (Wide Area Network, WAN) – үлкен территорияны қамтитын, өзінің құрамына көптеген компьютерлерді қосатын аумақтық желі болып табылады. WAN байланысын орнату: Локальді желі LAN-нан айырмашылығы көп. Каналдық байланыстардың сапасы аса жақсы емес, ақпартты тасудың жылдамдығы төмен. Бірақ аумақтық желіде ең бастысы оның сапасы емес, оның жалпы болуы. Себебі, локальді желідегі компьютерлер ғимарат аумағынан тыс жерде орналасқан компьютерге байланысқа шығу үшін осы аталған аумақтық желі арқылы шығады. Аудандарды байланыстыру, олар бір-бірінен алыс қашықтықта орналасады. Интернет қызметін ұсынушының қызметтері WAN қызметтерінің типтері. Т1/Т3, Е1/Е3 Ондағы инфрақұрылымның орнатылуына және оны басқару жауапкершілігі интернет қызметін ұсынушыдан болады. Шекаралық құрылғылар Ethernet инкапсуляциясын WAN тізбектелген инкапсуляциясын түрлендіреді.
8.Топологиялардың түрлері, шағын зертханалық топологияның мысалы, қалыпқа келтіру
Топология дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және басқа да компоненттердің физикалық орналасуы.
Топологиялар базалық негізгі үш топологияға бөлінеді:
Шина
Жұлдызша
Сақина
«Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді.
«Жұлдызша» - барлық тораптардың орталық бір тораппен байланысатын желі топологиясы болып табылады.Топология компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
«Сақина» - сигналдар бір уақытта сақина бойымен жіберіліп отыратын желі топологиясы болып табылады. «Сақина»топологиясында деректер маркердің көмегіменжіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.
Әр топологияның өзіндік кемшіліктері бар. Сонымен қатар, топологяилар пассивті және активті деп те бөлінеді.
Шағын зертханалық топологияның мысалы ретінде шина топологиясын қарастырсақ болады. Қарастыруымызға басты себеп оның шағын болуы. Яғни компьютерлерді жалғау барысында аса көп сым кетпейді және ақпарат алмасу жылдамдығын төмендетпейді. Ал, егер компьютерлер саны көбейіп кетсе, онда жіберу жылдамдығы төмендейді. Шина пассивті топология болғанымен, көп қолданылады.
Қалыпқа келтіру ерекшелігі:
Шина топологиясын қалыпқа келтіру қарапайым болып келеді. Ең алдымен барлық ақпаратты жіберуші жұмыс станциясын баптау (настройка) керек. Себебі, сол арқылы барлық ақпарат бір кабель бойымен барлық компьютерлерге жіберіледі. Сонымен қатар, барлық компьютерге кабель бойымен келетін ақпаратты алу үшін ортақ IP адресс енгізілуі тиіс. Барлық комьютерлерге ортақ, түсінікті IP-адресстерді беру жұмыс станциясынан жіберілетін ақпараттың сол компьютерлерге арналып берілгендігін білдіреді.