Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Моля WAN.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
379.22 Кб
Скачать

37) Vtp хаттамасын қолдану режимдерінің түрлері, атқаратын қызметі.

VTP (VLAN Trunking Protocol) протоколы –бұл 2-деңгейдегі хаттармен алмасу хаттамасы. Үлкен желілер үшін VLAN-ды орталықтан басқару өте қажет. Өйткені әрбір желі үшін VLAN-ды қолмен орнату өте қиын . Сол мақсатпен Cisco корпорациясы VTP хаттамасын шығарды. VTP ерекшеліктері:

- Үлкен желілер үшін VLAN-ды орталықтан басқаруға мүмкіндік береді.

- VTP протоколы –бұл 2-деңгейдегі хаттармен алмасу хаттамасы.

-VTP VLAN-ның конфигурациясын барлық желіге таратады және VLAN мониторингінде басқаруды жеңілдетеді.

-VTP үш режимді қолдайды:серверлік, клиенттік,мөлдір.

VTP хаттамасы VLAN конфигурациясының көптеген жұмыстарын автоматтандырады және жұмысты жеңілдетеді. VTP барлық желідегі VLAN конфигурациясының келісімді қызмет көрсетуін жəне VLAN басқаруы мен мониторингінде қажеттілікті төмендетуде кепілдік береді. VTP сервер мен клиент арасында хат алмасу болып табылады жəне ол бір VTP доменінде VLAN-ды қосуға, жоюға жəне ат беруге мүмкіндік береді.Барлық коммутаторлар бір басқаруда болған соң доменнің бөлігі болады.Əр доменнің бір-біріне ұқсамайтын аты болады. VTP коммутаторы VTP-мен тек басқа домен коммутаторларымен хат алмасады. VTP – бұл "клиент-сервер"архитектуралы VLAN –ды бір VTP доменінде қосатын , өшіретін , атын өзгертетін хат алмасу хаттамасы . Әрбір домен үшін өзінің ерекше есімі бар . VTP коммутаторы домендегі тек басқа коммутаторлар арқылы VTP хаттармен алмасады . VTP үш режимді қолданады. Серверлік , клиенттік(қолданушы) , мөлдір(прозрачный) режимін. Үнсіздік бойынша барлық коммутаторлар сервер болып табылады. 1) Серверлік режим- барлық доменде VLAN-ның мәліметтерін өзгертуге , құруға , өшіруге мүмкіндігі бар.Серверлік режим Cisco коммутарлары үшін үнсіздік бойынша құрылған.

2)Клиенттік режим-VTP-дың жариялауларын қолданып VLAN-ның мәліметтер қорын жаңартады.

3)Мөлдір режим – VTP –дің жариялауларын елемейді. Тек жергілікті VLAN үшін қолданылалы.

38.Vtp конфигурациясына мысал, vlan-дарда қалай қолданылады.

Үлкен желілер үшін VLAN-ды орталықтан басқару өте қажет. Өйткені әрбір желі үшін VLAN-ды қолмен орнату өте қиын . Сол мақсатпен Cisco корпорациясы VTP хаттамасын шығарды. VTP хаттамасы VLAN конфигурациясының көптеген жұмыстарын автоматтандырады және жұмысты жеңілдетеді.

VTP (VLAN Trunking Protocol) протоколы –бұл 2-деңгейдегі хаттармен алмасу хаттамасы.

VTP – бұл "клиент-сервер"архитектуралы VLAN –ды бір VTP доменінде қосатын , өшіретін , атын өзгертетін хат алмасу хаттамасы . Әрбір домен үшін өзінің ерекше есімі бар . VTP коммутаторы домендегі тек басқа коммутаторлар арқылы VTP хаттармен алмасады .

VTP үш режимді қолданады. Серверлік , клиенттік(қолданушы) , мөлдір(прозрачный) режимін. Үнсіздік бойынша барлық коммутаторлар сервер болып табылады. Серверлік режим- барлық доменде VLAN-ның мәліметтерін өзгертуге , құруға , өшіруге мүмкіндігі бар.Серверлік режим Cisco коммутарлары үшін үнсіздік бойынша құрылған.Клиенттік режим-VTP-дың жариялауларын қолданып VLAN-ның мәліметтер қорын жаңартады.Мөлдір режим – VTP –дің жариялауларын елемейді. Тек жергілікті VLAN үшін қолданылалы.

Резервті қамтамасыз ету үшін желіде ең болмағанда екі коммутатор сервер ретінде орнатылуы керек. VTP қолдану кезінде əр сервер өзінің транктік порттары арқылы хат жариялайды.Хат домен басқарылымын, конфигурация версиясының номерін, белгілі VLAN жəне VLAN əр параметрінен тұрады. Жариялау кадрлары көпадресті жіберулердің адресі бойынша жіберіледі, сол себепті көрші түйіндердің бəрі алады. VTP əр коммутаторы конфигурация версиясының номерінен тұратын VLAN мəліметтер қорын энерготəуелсіз жадыда(NVRAM) сақтайды. Егер VTP мəліметтер қорындағы версия номерінен жоғары жаңару версия номерін алса, онда коммутатор өзінің VLAN мəліметтер қорына жаңа мəлімет енгізеді. VTP конфигурациясының өзгеру нөмері нөлден басталады. Өзгеріс енгізгенде версия нөмірі бір бірлікке көтеріледі. 2 147 483 648 дəрежеге жеткенше версия нөмері көтеріле береді. Осы мəнге жеткенде санағыш қайта нөлге түседі. Сонымен қатар, версия нөмері коммутаторды қайта жүктеуде жаңарады. Нөмер версиясымен байланысты қиындықтар біреу желіге басқа жоғары нөмерлі версиясны қосқанды туындауы мүмкін. Коммутатор үнсіз келісім бойынша серверлік режимде болғандықтан, жаңа бірақ дұрыс емес мəліметтер басқа коммутаторларды VLAN дұрыс мəліметтерін қайта жазуы мүмкін. Бұл кризистік жағдайдан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тəсілдерге VTP коммутаторды тексеруге құпия сөздер беру.

VTP –дің үш түрлі хаттарды жариялау типі бар .Құрама жариялау , қысқарған жариялау, запрос жариялау .

Құрама жариялауда VTP-дің доменің ағымдағы аты және конфигурацияның версия номері беріледі. Catalyst коммутаторлары құрама жариялауды әрбір 5минут сайын жіберіп отырады.

Қысқарған жариялау құрама жариялаудан кейін жіберіледі. Олар VLAN-ның мәліметтерінің тізімінен тұрады.

VTP-клиенттер запрос жариялауды VLAN-ның ақпаратын алу үшін қолданады . Запрос жариялау VTP доменінің атын өзгерткенде немесе өшіргенде жіберіледі.

VTP-ға жаңа коммутатор жалғау командасы:

Switch(config)#vtp domain name

Switch(config)#vtp mode { server | client | transparent }

Switch(config)#vtp password password

Switch(config)#end

Switch#copy running-config startup-config