
- •1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.
- •2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.
- •3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.
- •5. Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз.
- •6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.
- •7. Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз.
- •8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.
- •9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.
- •10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.
- •11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз.
- •12. Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •13. Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •14. Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •15. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •17. Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз.
- •18. Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •20. Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз.
- •21. Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз.
- •22. Картографиялық жалпыластыруда (генерализация) мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •23. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •24. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •25. Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз.
- •26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.
- •27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.
- •28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30. Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32. Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33. Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз.
- •34. Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз.
- •35. Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •36. Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •37. Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •38. Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •39. Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •40. Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •41. Картаға түсіруде ареалдар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •42. Картаға түсіруде сапалы фон тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •43. Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •44. Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •45. Картаға түсіруде белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •46. Картаға түсіруде локальденген диаграммалар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •47. Картаға түсіруде картодиаграмма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •48. Картаға түсіруде картограммма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •49. Картаға түсіруде сызықтық белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •50. Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •51. Геологиялық карталарға баяндама беріңіз.
- •52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.
- •53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.
- •54. Климаттық карталарға баяндама беріңіз.
- •55. Тұрғындар карталарына баяндама беріңіз.
- •56. Экономикалық карталарға баяндама беріңіз.
- •57. Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.
- •58. Картометрияға түсінік беріңіз.
- •59. Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз.
- •60. Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз.
11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз.
Картографиялық проекция, картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты және еркін проекциялар. Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды. Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды. Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабы тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель — немесе меридиан бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала бермейді. Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі. Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік, конустық және азиммуттық деп бөлінеді. Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады. Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағдайда бір- біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады. Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орналасқан аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады. Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді.Картографиялық проекциядағы меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const жағдайда) картографиялық тор құралады. Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан бұрын6 – I ғасыр) жасалды. Ең көне Картографиялық проекция – жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестің гномондық проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын III ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. XVI ғасырында Г.Меркатордың, XVII – XVIII ғасырларда Р.Бонның, Д.Кассинидің, И.Ламберттің, Л.Эйлердің, Ж.Лагранждың XIX ғасырда К.Гаусстың, А.Тиссоның еңбектерінде дамыды. КСРО картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан әрі жетілдірді.
Перспективті проекцияны қолданғанда, картографиялық тор шардың бетінен жазықтыққа немесе басқа қосалқы географиялық жазықтықтарға перспективті тоғысу нүктелері арқылы жобаланып, содан кейін жазықтыққа бұрмаланусыз көшіріледі. Перспективті проекциямен құрылған карталарға солтүстік және оңтүстік жартышарлардың карталары мысал бола алады. Кескіндеу жазықтығы солтүстік полюсте жер бетімен жанасады. Орталарындағы тоғысу нүктесінен түзу сызықты жобалау сәулелері экватор мен параллельдер меридиандармен қиылысатын 30°-60° ендіктер аралығында кескіндеу жазықтығына көшіріледі.
Көшіру барысында сол параллельдердің жазықтықтағы радиусы анықталады. Меридиандар орталық нүкте полюстен таралатын бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан тең бұрышты түзу сәуле түрінде жүргізіледі. Қажет болғанда оның екінші жартысын жазықтыққа ойша көшіруге болады. Жоғары математикалық өлшемдерді қажет етпейтіндіктен оны ерте заманнан бері қолданып келеді. Қазіргі кезеңде картографиялық өндірісте картографиялық тордың тоғысу нүктелерінің жазықтықтағы орны математикалық әдіспен алдын-ала есептеліп шығарылатын перспективті емес әдістерде қолданылады. Тоғысу нүктелерінің жазықтықтағы ендіктері мен бойлықтарын, тік бүрышты координаттары Х пен У есептен шығару үшін күрделі теңдеулер жүйесі қолданылады.