Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kartografia_otvety1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендер қоныстану типтеріне, халқының санына және әкімшілік маңызына қарай бөлінеді. Ауданның қоныстану сипатын дұрыс кескіндеу үшін картаныі әртүрлі бөлігіндегі елді-мекендерді түсіру салмағын айқындайтын нұсқауларға сәйкес халықтың жиі қоныстануын, елді-мекендердің типтерін ауданның қоныстану сипатын ескереді. Елді мекендердің ең жоғарғы жиілігі 1 дм² 160, ең төменгі жиілігі 60 елді мекеннен аспауы керек. Елді мекендерді картаға түсіру барысында қоныстану ерекшеліктері мен жалпы сипатын ашып көрсету мақсаты қойылады. Елді мекендерді іріктеу қосынның маңызын, халқының санын, әкімшілік, экономикалық көліктік маңызын ескере отырып, ең ірілерінің кескіні көрсетіледі. Елді мекендердің типтерін көрсету әр түрлі пунсондар мен шрифтерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Картада кескінделген барлық елді менкеннің аты жазылады, тек қала маңындағы жекелеген қала текті кенттердің ғана аттарын жазбай қалдыруға болады.

32. Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.

Ұсақ масштабты картаны, картографиялық, статистикалық т.б. деректерді пайдалана отырып камералдық жағдайда жасайды. Карта жасау үшін аэроғарыштық тағы басқа зерттеулердің мәліметтері дерек болып табылады. Яғни картаның тақырыбына қатысты барлық жиналған материал карта мазмұнының негізі болып табылады. Карта проектілеуде ең маңызды бөлігі картаның бағдарламасы, яғни редакторлық жоспар болып келеді. Кез келген картаның бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:1картаның аты; 2қандай мамандарға арналған; 3картаның типі; 4картаның түрі; 5математикалық негізінің элементтері; 6картографиялайтын материалдың мазмұны және оның безендіруі; 7жалпыластурдың принциптері және дәрежесі; 8географиялық құбылыстар мен объектілерді картада көрсеті үшін бейнелеу тәсілдері және символдардың графикасы; 9карта жасау үшін керек деректердің тізімі, оларды пайдалану жүйесі; 10фотонабор үшін жазулардың тізімі;11картаны жасап шығарудың технологиялық үрдісі (процесі). Графикалық қосымшалар картаның кез келген бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады және төмендегілерден тұрады: а) картаның негізгі бөліктерінің өзара орналасуын көрсететін компоновкасының макеті, оған картографиялық бейне, шартты белгілер, легенда, карта масштабының белгісі, картографиялық тордың сызықтары, сонымен қатар, қосымша карталарпрофильдер, диаграммалар т.с.с. кіреді; б) негізгі учаскелерге келтірілген картаның үлгілері; в) жалпыластыру үлгілері; г) барлық элементтерді жазу шрифттерінің үлгісі. Одан басқа бағдарламаға қолданылған картографиялық материалдар мен басқа да деректердің және картада бейнеленетін барлық географиялық объектілердің тізімі қосылады. Тақырыптық картада жасауда көптеген мамандар қатысады. Бағдарлама, техникалық-экономикалық құжжаттар және кейбір жағдайда автордық оригинал картаның проекті болып табылады. Картаның проекті бекітілген соң карта жасауға өтеді. Карта құрастыру деген картаның оригиналын жасап шығару. Карта құрастыру процесіне төмендегідей жұмыс түрлері жатады: 1) картографиялық деректерді пайдалануға дайындау, яғни құрастыратын картаның бағдарламасының талаптарына сәйкес деректерде көрсетілген координаталар модификациясы, қажетті көрсеткіштер мен мәліметтер; 2) картаның координаттық торын карта бетіне түсіру (меридиандар мен параллельдер, немесе тік бұрышты координаталар торын, немесе екі торды бірге); 3) құрастырылатын оригиналғадеректердегі көрсеткіштерді түсіру; 4) бұл көрсеткіштерді жалпыластыру және өңдеу; 5) оригиналды сызып шығу. Карта оригиналын жасау барысында карта мазмұнының элементтерін түсіруде белгілі бір бірізділік сақталады; алдын ала тораптық нүктелер бойынша координаттық тор құрастырылады, оның бұйындары карта мазмұнының элементтерін толтыру үшін каркасы болып келеді. Карта мазмұнының элементтері төмендегідей бірізділікпен түсіріледі: 1) бағыттау объектілері (объекты ориентирования); 2) гидрографиясы; 3) мемлекеттік шекаралар; 4) елді мекендер; 5) жолдар торы; 6) жер бедері; 7) әкімшілік шекаралары әрі қарай элементтерінің маңыздылығына қарай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]