
- •1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.
- •2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.
- •3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.
- •5. Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз.
- •6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.
- •7. Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз.
- •8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.
- •9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.
- •10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.
- •11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз.
- •12. Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •13. Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •14. Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •15. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •17. Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз.
- •18. Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •20. Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз.
- •21. Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз.
- •22. Картографиялық жалпыластыруда (генерализация) мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •23. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •24. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •25. Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз.
- •26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.
- •27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.
- •28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30. Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32. Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33. Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз.
- •34. Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз.
- •35. Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •36. Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •37. Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •38. Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •39. Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •40. Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •41. Картаға түсіруде ареалдар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •42. Картаға түсіруде сапалы фон тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •43. Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •44. Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •45. Картаға түсіруде белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •46. Картаға түсіруде локальденген диаграммалар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •47. Картаға түсіруде картодиаграмма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •48. Картаға түсіруде картограммма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •49. Картаға түсіруде сызықтық белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •50. Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •51. Геологиялық карталарға баяндама беріңіз.
- •52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.
- •53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.
- •54. Климаттық карталарға баяндама беріңіз.
- •55. Тұрғындар карталарына баяндама беріңіз.
- •56. Экономикалық карталарға баяндама беріңіз.
- •57. Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.
- •58. Картометрияға түсінік беріңіз.
- •59. Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз.
- •60. Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз.
10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.
Жазықтыққа көшіргенде созылып, жиырылып, жыртылуына байланысты жердің сфералық бетінің пішіні өзгереді. Жазықтықта кескіндеу барысында жердің физикалық бетінің пішіні мен ауданының, бұрыштарының табиғи қалпын сақтау үшін картаның белгілі бір бөлігін қысып немесе созуға тура келеді. Жазықтықта кескіндеу барысында геойд тәрізді жер бетінің белгілі бір бөлігі мен ондағы нысандардың геометриялық қасиеттерінің өзгеруін картографиялық бұрмалану дейміз. Кез келгенін проекцияда бұрмаланулар болады, олар төрт түрге бөлінеді: Ұзындықтардың бұрмаланулары; Бұрыштардың бұрмаланулары; Аудандардың бұрмаланулары; Пішіндерінің бұрмаланулары. Ұзындықтардың бұрмалануы - негізгі бұрмалану түрі. Қалған бұрмаланулар осыдан шығады. Масштабтың нүктеден нүктеге өзгеруінен, кейде бағытына байланысты бір нүктенің шегінде өзгеріп отыруынан, тегіс бетте ұзындықтардың бұрмалану масштабының тұрақсыздығын көреміз. Бұл картада масштабтың 2 түрі болатынын білдіреді: 1.Негізгі, ол картада белгіленеді, негізгі эллипсоидтің масштабы. 2.Жеке масштаб - олар картада көп кездеседі, ол нүктеден нүктеге және бір нүкте шегінде өзгеріп отырады. Аудандардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалануынан шығады. Аудандардың бұрмалануы ретінде бастапқы эллипсоид ауданынан эллипстің бұрмалану ауданының ауытқуын қабылдайды. Ауданның бұрмалануын анықтаудың ең қарапайым әдісіне көршілес жатқан параллельдері әр түрлі бойлықтарда қиып өтетін меридиандар түзетін картографиялық торды бір-бірімен салыстыру. Бұрыштардың бұрмаланулары ұзындықтардың бұрмалануларынан қисынды шығады. Картада бұрыштардың бұрмалану мінездемесі ретінде карта және эллипсоидтың бетiндегi тиiстi бағыттар арасындағы бұрыштардың айырымдарын қабылдайды. Пішіндерінің бұрмалануы - бұрмалану түрі - эллипсоидтің созыңқылы түріндегі графикалық бейнеленуі. Бұл төрт түрлі бұрмаланудың төртеуі де глобуста болмайды. Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай төмендегідей жіктеледі: Тең бұрышты (конформдық) Картографиялық проекцияларға масштаб тек нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал бағытына байланысты болмайды. Мұндай проекциялардағы бұрмалану эллипстері шеңберге айналады; мысалы, Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы; Тең шамалы (эквиваленттік) Картографиялық проекцияларда аудандар сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалдық коэффициенті картаның бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады. Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды. Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері – ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді) проекциялар ерекшеленеді. Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалық, тең аралық және ортодромиялық қасиеттері пайдаланылмайды. Кескінделетін аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды көрсету үшін төмендегі әдістер қолданылады: а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі көрсетіледі; ә) изоколдар (мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі; б) карталардың әр жерінде кейбір сфералық сызықтар (көбінесе, ортодромия “О” мен локсодромия “Л”) сызылады. Карталардағы бұрмаланудың сипаты мен дәрежесін картографиялық торды градустың торымен салыстыру арқылы анықтауға болады. Глобустағы меридиан сызықтары бір нүктеден таралып, полюстерді қосып жатқандықтан ұзындықтары бірдей 1° меридиан доғасының ұзындығы барлық жерде шамамен 111 км-ге тең. Параллельдер мен меридиандар бір-бірімен тікбұрыш жасап қиылысады. Глобустағы параллельдер бірдей қашықтықта орналасады, полюстерге қарай біртіндеп қысқарып, солтүстік және оңтүстік полюсте нүктеге айналады. Глобустағы көршілес параллельдер арасында орналасқан градус торының барлық тор көздері пішіні мен мөлшері жағынан бірлей болады, ал картада бұл тор көздер әртүрлі болуы мүмкін. Бұл географиялық объектілердің пішіні мен ауданының бұрмаланғандығын көрсетеді. Картадағы меридиан сызықтары мөлшерінің әртүрлілігі ұзындықтың бұрмалануын және картаның әр жеріндегі масштабтың бірдей еместігін көрсетеді. Көптеген карталарда бұрыштың бұрмалануы параллельдер мен мерндиан арасындағы бұрыштың ауытқуына байланысты болады. Соның нәтижесінде аралдардың, түбектердің, теңіздердің кескіндері мен пішіндері карта мен глобуста бірдей болмауы мүмкін. Оларды салыстыру арқылы оңай анықтауға болады. Карталардағы кездесетін бұрмаланулар жер бетіндегі кескінделген объектілер мен нүктелердің экваторға және бастапқы меридианға байланысты географиялық орнын керсетудің дәлдігіне ешбір кедергі келтірмейді.