- •1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.
- •2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.
- •3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.
- •5. Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз.
- •6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.
- •7. Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз.
- •8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.
- •9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.
- •10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.
- •11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз.
- •12. Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •13. Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •14. Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •15. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •17. Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз.
- •18. Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •20. Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз.
- •21. Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз.
- •22. Картографиялық жалпыластыруда (генерализация) мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •23. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •24. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •25. Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз.
- •26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.
- •27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.
- •28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30. Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32. Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33. Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз.
- •34. Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз.
- •35. Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •36. Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •37. Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •38. Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •39. Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •40. Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •41. Картаға түсіруде ареалдар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •42. Картаға түсіруде сапалы фон тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •43. Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •44. Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •45. Картаға түсіруде белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •46. Картаға түсіруде локальденген диаграммалар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •47. Картаға түсіруде картодиаграмма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •48. Картаға түсіруде картограммма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •49. Картаға түсіруде сызықтық белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •50. Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •51. Геологиялық карталарға баяндама беріңіз.
- •52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.
- •53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.
- •54. Климаттық карталарға баяндама беріңіз.
- •55. Тұрғындар карталарына баяндама беріңіз.
- •56. Экономикалық карталарға баяндама беріңіз.
- •57. Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.
- •58. Картометрияға түсінік беріңіз.
- •59. Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз.
- •60. Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз.
9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.
Ұсак масштабты карталарда жер бедері қат-қабат бояулар және горизонтальдар көмегімен кескінделеді. Әрбір горизонталь сызығы белгілі бір биіктік сатыларын шектейді. Олар анық әрі көрнекі болу үшін горизонталь аралықтары әртүрлі реңді бояулармен боялады. Бірдей түспен берілгеніне қарамастан, горизонталь сызығының төменгі және жоғарғы бөліктеріндегі биіктік бірдей емес. Биіктік бірте-бірте арта береді. Горизонтальдар арасын толтырып тұрған түсті бояулардың сандық мәні биіктік шкаласында көрсетіледі. Жер бедері дәл кескінделген оқу карталарын гипсометриялық карта деп те атайды. Мұндай карталарда ойпаттар мен ойыстар ашық жасыл түстен қою жасыл түске дейінгі бояумен; қырат, үстірт, таулы үстірт, таулы қыраттар мен биік тау жоталары сары, ашық қоңыр және қою қоңыр түске дейінгі бояулармен кескінделеді. Дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері көгілдір түстен қою көк түске дейін ауысатын қат-қабат бояулармен қоса, изобаралармен де (бірдей тереңдікті қосатын сызықтар) кескінделеді. Оның сандық көрсеткіштері тереңдік шкаласында беріледі. Ұсақ масштабты карталарда үлкен аумақтағы территориялар бейнеленеді. Бірақ Жер – геоид – қиындықтарға тап боламыз. Егер Жердің глобусын кез келген бөліктерге кесіп алсақ, әрқайсысы сфераның бір бөлігі болады. Ұсақ масштабты карталарда міндетті түрде сандық масштаб беріледі (мысалы, 1:4000000). Масштабтардың басқа түрлері – атаулы және сызықтық – берілмесе де болады. Сандық масштаб – алымы бір санды, ал бөлімі жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызығын картада қанша есе азаюына сәйкес болып келетін дұрыс бөлшек. Сызықтық масштаб – қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктерге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады. Ұсақ масштабты карталардың картографиялық шартты белгілері шынайы жағдайын көрсетумен қатар, құбылыстың (елді мекендер, мен олардың дамуы) абстрактілі мінездемесін береді. Белгілер екі негізгі функцияны орындайды: біріншіден, кеңістіктегі нысандардың немесе құбылыстардың орналасуын көрсетеді; нысандардың түрін көрсетеді, олардың сапалық және сандық мінездемесін (мысалы, елді мекендер, ондағы халық саны, әкімшіліктік мәні, қала немесе ауылдық мекендерге бөлінуі, өндіріс салаларының дамуы және т.б.). Ұсақ масштабты картададағы шартты белгілер топографиялық картадан айырмашылығы, оның стандартты еместігі. Алайда, кейбір шартты белгілерді нысандар мен құбылыстар тобына пайдалануда шектеулер болады. Әрбір нысандар тобына өзіне сәйкес шартты белгілер тобы болады. Елді мекендер, шартты түрде дөңгелекпен, темір жолдар – қызыл сызықтармен, жолдар – қара сызықпен, өзендер – көк сызықпен белгіленеді. Ұсақ масштабты карталар топографиялық карталарға қарағанда жер бедерін толық көрсете алмайды. Бұл карталар жер бедерінің негізгі және жалпы құрылысын, оның үлкен формасын ғана көрсетеді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардан үлкен кеңістіктегі құрлықтар мен мұхиттарды, елдер мен теңіздерді, обьектілердің қашықтығы мен ауданын, таулар мен жазықтарды, үстірттерді, ірі өзендердің су жинақтаушы бассейндерін көруге болады. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар төмендегідей мәселелерді шешуге негізделген: жергілікті жердің жалпы географиясын оқыту; табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды орнату үшін жалпы географиялық және тақырыптық элементтерді байланыстыра отырып, жергілікті жерді тереңдетіп оқыту; географиялық негіздегі тақырыптық карталар мен атластарды қолдану. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталар өз алдына жеке туынды ретінде жасалады, ал кейбіреулері бірнеше рет басылып шығады. Математикалық негіздеріне қарай әртүрлі (масштаб, проекция, градустық торлар) бірақ элементтер жиынтығының мазмұны стандартты: жағалық сызықтар, рельеф, халық орналасқан аймақ, қатынас жолдары. Өсімдіктер әлемі көбінесе ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда бейнеленбейді, түстер рельефті көрсету үшін қолданылады. Элементтердің мазмұнын көрсетуде белгілі бір стандарттар жоқ. Нақты жағдайда олар арнайы құжаттарды жасалады.
