Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kartografia_otvety1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

5. Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз.

Географиялық координаталар. Бұл координаталар жүйесіндегі нүктелердің орналасуы ендік пен бойлық арқылы анықталады. Ендік, меридиан бойымен экватордың екі жағында – тан -қа дейін есептелінеді. Солтүстік жарты шарда олар солтүстік деп аталып, плюс белгісімен белгіленсе; ал оңтүстік жарты шарда – оңтүстік деп аталып, минус белгісімен белгіленеді. Бойлық, экватордан немесе параллель доғасы бойымен, бастапқы меридианның екі жағында - тан -қа дейіін есептеледі. Бастапқы меридианнан шығысқа қарай меридианға дейінгі меридиандар шығыстық деп аталып, плюс белгісімен; ал батыстағылар – батыстық деп, минус белгісімен белгіленеді.

Есте сақтар бір жәй, топографиялық карталарда географиялық координаталар жазылады. Олардың көрсеткіші референцэллипсоидтың көлемі мен бағыт-бағдарымен анықталады. Біздің еліміздегі топографиялық карталар Красовскийдің референ эллипсоидында жасалынған. Географиялық координаталар астрономиялық ендік пен бойлыққа тең емес, мысалы айға жүргізілген бақылау бойынша бұл айырмашылықтар 3 – 4, ал жеке аудандарда (таулар, мұхит астындағы жерлер және т.б.) 30 – 40 және одан да асып кетуі мүмкін. Егер топографиялық картаға нүктені астрономиялық ендік пен бойлық бойынша салсақ, онда нүкте өзінің тұрған жерінен 100 метр қашықтыққа ауытқүы мүмкін. Ал – кейбір аудандарда - километр тіпті одан да артық болады. Егер мұндай дәлдік жеткіліксіз, болса, Онда алдын ала астрономиялық координаталар геодезиялыққа ауыстырылуы қажет. Геодезиялық және астрономиялық ендік пен бойлық айырмашылықтары жоқ болса оларды географиялық деп атайды. Геодезиялық ендік В, ал бойлық L деген латын әріптерімен белгіленеді.

Екі елдімекен арасындағы бойлықты айырмашылығы тек олардың орналасқан жерін ғана көрсетіп қоймай, бір сәттегі уақыт айырмашылығын да көрсетеді. Бойлық бойындағы әрбір бір сағат уақыттағы айырмашылыққа сәйкес келеді. Арнайы карталарда меридиан бойлығымен қатар, Гринвич уақытындағы та жазылады.

Топографиялық карталардағы күрделі емес сызбалар көмегімен әртүрлі объектілердің ендігі мен бойлығын анықтауға болады. Әртүрлі масштабтағы топографиялық карталар рамкасы қызметін меридиандық және параллельдік кесінділер атқарады. Әрбір беттің рамка бұрышының бойлығы мен ендігі картада жазылады. Беттегі кез-келген нүктенің координатасын анықтау үшін, ендік пен бойлық минуттарын бөлінген екі параллель сызықтан тұратын рамканы қолданамыз. Бұл рамка кезектесіп келген қара және ақ жолақтан тұрады. Әрбір жолақ ендік пен бойлықтың бір минутына сәйкес келеді.

6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.

Географиялық карталарды қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтеріне карта графигі, рамка, легенда, бағдарша және қосымша мәліметтер жатады.

Географиялық карталардың басым көпшілігі үлкен көлемдегі беттерде жасалынады. Қағаз бетін бөлу жүйесі карта графигі деп аталады. Карта графигінің екі түрі бар: тікбұрышты және трапециялық. Картаның тікбұрышты графигінде карта қағазы таңдалынған көлемдегі тікбұрышты рамкалармен шектеледі, олар тікбұрышты координаттармен сәйкес келеді. Қарапйым цилиндрлі проекциялы карталарда шеткі сызықтар меридиандар мен параллельдер болады. Тікбұрышты графиктің артықшылығы қағаздың ортақ форматы, қағаздарды үнемді пайдалану, әсіресе географиялық атластарды жасағанда. Трапеция түріндегі график әрбір беттегі параллель мен меридиандар рамкасы ретінде қолданылады. Трапеция түріндегі график көптеген мемлекттердің географиялық карталарында қолданылған. Карта рамкасы ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Картографиялық бейнемен шектелген сызықтар картаның ішкі рамкасын құрайды. Көп жағдайда оны минутты рамка толықтырады. Минуттық рамка картадағы географиялық координаттарды дәл және оңай анықтауға мүмкіндік береді. Сызықтар тобынан немесе күрделі орнаменттен тұратын және картағы сән беретін сызықтар катаның сыртқы рамкасы болып табылады. Кей жағдайларда карта қағазын үнемдеу мақсатында сыртқы рамканы сызбайды. Сыртқы рамканың іші бос кеңістік болады, ол жерге картаның атауы, легендасы, түсініктемелер, қосымша карталар, диаграммалар, статистикалық мәліметтер енгізіледі. Қосымша мәліметтер – карта кескіні, графиктер, диаграммалар, яғни бұлардың бәрі картаның ішкі рамкасының сыртындағы орналасқан мәліметтер, бұлар картаның мазмұны туралы түсінік бермейді, тек белгілі дәрежеде қосымша түсініктемелер береді. Картаға түсірілген аумақтың шекарасының анықтамасы және оның карта рамкасымен қатысты орналасуы, сонымен қатар картаның ішкі рамкасы, атауы, легендасы , қосымша мәліметтер карта компоновкасын құрайды. Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі. Карталарда көрсетілген объектілерге қосымша анықтама беру үшін түсіндірме шартты белгілер қолданылады оны картаның легендасы деп атайды. Жер бетіндегі обьектілерді бейнелейтін шартты белгілер өздерінің кейбір ерекшелік сипаттарына қарай төмендегідей болып бөлінеді: а) түсті ә) қаріпті б) графикалық (геометриялық).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]