Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kartografia_otvety1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

44. Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз.

Изосызықтар әдісі үздіксіз және кеңістікте үнемі өзгеріске ұшырайтын , физикалық өріс құратын құбылыстардың сандық сипаттамасын беру үшін пайдаланылады, мысалы, рельеф өрісі, қысым, температура, ауырлық , т.б. күштері, климаттық құбылыстар, т.б.

Бұл өте ыңғайлы және мол ақпарат беретін әдіс картадан мүмкін болатын не түрлі өлшемдер алуға жол ашады. Безендіру көркемдігін арттыру үшін изосызықтар арсындағы арлықтар бояудың қоялығы көрсеткіштің өсуін немес кемуін көрсететіндей етіп боялады.  

Изосызықтар сонымен бірге бірқатар маңызды қызметтер атқарады. Мысалы, изосызықтар көмегімен құбылыстардың уақыт бойынша сандық сипаттамасының өзгерісін(жер магнитизмінің құрамдастарының ғасырлық өзгерісін), құбылыстардың орын алмастыру жылдамдығын(мысалы, желдің жылдамдығы), қандай да бір құбылыстардың пайда болу уақытын(мысалы, алғашқы күздік тоң басу мерзімі), құбылыстың ұзақтығы(мысалы, қар басу күндерінің саны), қандай да бір физикалық өлшемнің бағытын(мысалы, магниттік бұрылу), құбылыстардың қайталануын немес е периодтылығын(мысалы, найзағайдың қайталануы) картада көресете аламыз.

Изосызықтар тәсілі. Изосызықтар дегеніміз картаны бірдей сандық көрсеткіштерді қосатын картографиялық сызық. Картографияда изосызықтарды территорияны жалпы сипаттайтын тәсіл ретінде қолданамыз. Олардың сандық қатары түрліше болады: теңіз деңгейінен биіктік айырмашылығы, температура халықтың тығыздығы айырмашылығы және т.б.

Топографиялық, гипсомертиялық, климаттық карталарда изосызықтар кең қолданылғанымен экономикалық картографияда сирек қолданылады изосызықтарды экономикалық картографиялауда қолданудың екі себебі бар: а) экономика саласында белгілі бір құбылыстың жоғарғы даму интенсивтілігінен төменгі даму интенсивтілігіне көшу бір текті жүрмейді, ал климаттық көрсеткіштер бірдеңгейдегі екіншісіне ауысады; б) картада осы күрделі суреттемені көрсету үшін материалдар жеткіліксіз болады.

Изосызықты тәсілі нақты тәсілдердің бірі болып саналады. Топограф планшетте белгілі бір территорияның рельефін құрастырып сызады, егер картада рельефтің барлық детальдары көрсетіледі, онда ол рельефтегі қандай да бір нүктенің биіктігін оңай ажырата алады. Ал экономгеограф мұндай мүмкіншіліктерге ие бола алмайды. Мысалы егіншілік картасын құрастыруда, ол әрбір акімшілік ауданның егіншілік өнімін көрсете алмайды. Мұндағы өнім мөлшерлері әр түрлі болып келуі мүмкін. Сондықтан да изосызық тәсілімен құрастырылған егіншілік картасындағы мәліметтер нақты деп айта аламыз .

Сонымен қатар экономикалық құбылыстар физикалық географиялық құбылыстардын қатты ерекшеленеді. Температура картасын құрастырып жатқан климатолог, бүкіл жер бетінде ауа бар екендігін біліп, қандай да бір температуралармен жұмыс жасайды. Ал егіншілік бүкіл жер бетін ұмытып жатқан жоқ. Олар белгілі бір ауданда ғана орналасқан. Соған сәйкес өнімділік көрсеткіші де үнемі өзгеріп отырады. Мал шаруашылығының картасын құрастыруда дәл осындай схемалық принципке жүгінеді. Мысалы, қойлардың көрсететін қой шаруашылығы картасында тұрақтылық барлық территорияда сақталмайды. Экономикалық картаның масштабы ірі болған сайын схемалық бейнелеуде артып, нақтылық азаяды.

Сондықтан да экономикалық картографияда изосызықтар тәсілі ұсақ масштабты карталар үшін ғана қолданылады. Көптеген атыластарда халықтың тығыздығы осы изосызық тәсілімен көрсетіледі. 1892 ж. Пермь губерниясындағы жер қорының көрсеткіштік картасы осы изосызық тәсілімен белгілінген. Изосызықтар “изосызықтар” немесе “изохорошар” деп атала береді.

Изосызықтар құру кезінде интерполяция тәсілі қолданылады. Сонымен қатар аудандар бойынша орташа көрсеткіш олардағы ішкі нүктелер арқылы көрсетіледі. Осылайша сандық көрсеткіштерді анықтайтын нүктелер жүйесі пайда болады. Картада мұндай нүктелер көп болған сайын, тиматикалық картада нақты бола түседі. Картада бөлшектік мәліметтерді көптеп пайдалана беруге болмайды. Мұндайда картаны оқу қиындай түседі. Әрқашанда масштабты ескріп отыру қажет.

Экономикалық құбылыстар тәсілін бейнелеу кезінде интерполяция тәсілін ескеру қажет. Изосызық арасындағы интервалдар арақашықтығының бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. Бір-бірімен беттесіп немесе қиылысып жатқан интервалдар бейнеленіп отырған құбылысқа және картаның масштабына байланысты. Кейбір жағдайда бейнеленіп отырған құбылыстардың күрт дамуын изосызықтармен байланыстыру қиынға соғады. Олар кейде бір сызыққа қосылып кетеді. Мұндай жағдайда бірғана сызық қолданып, ол басқа сызықтардан ерекшеленіп тұрады. Экономикалық графикада мұндай сызықтар көп кездеспейді.

Картадағы көрсетілген изосызықтар негізіне белгілі бір құбылыстың даму деңгейін көрсетеді. Егер изосызықтар арасындағы өтпел штрихталса немесе боялса онда карта өте нақты көрініске ие болады. Мұндай каратларды оқу өте оңай болып келеді. Изосызықтардың сандық мәндері олардың сонындағы немесе орталығында жазылады. Мұндай да изосызықтар түрлі - түсті фон тәсіліне қарама – қайшы. Картада изосызықтар арасындағы аралық штрихталып немесе боялса, онда изосызықтар өз нақтылығын жоғалтады. Осындай карталарға шкалалы штрихтарды түсіндіретін легенда беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]