
- •1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.
- •2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.
- •3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.
- •5. Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз.
- •6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.
- •7. Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз.
- •8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.
- •9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.
- •10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.
- •11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз.
- •12. Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •13. Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •14. Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •15. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •17. Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз.
- •18. Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •20. Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз.
- •21. Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз.
- •22. Картографиялық жалпыластыруда (генерализация) мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •23. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •24. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •25. Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз.
- •26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.
- •27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.
- •28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30. Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32. Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33. Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз.
- •34. Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз.
- •35. Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •36. Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •37. Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •38. Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •39. Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •40. Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •41. Картаға түсіруде ареалдар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •42. Картаға түсіруде сапалы фон тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •43. Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •44. Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •45. Картаға түсіруде белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •46. Картаға түсіруде локальденген диаграммалар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •47. Картаға түсіруде картодиаграмма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •48. Картаға түсіруде картограммма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •49. Картаға түсіруде сызықтық белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •50. Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •51. Геологиялық карталарға баяндама беріңіз.
- •52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.
- •53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.
- •54. Климаттық карталарға баяндама беріңіз.
- •55. Тұрғындар карталарына баяндама беріңіз.
- •56. Экономикалық карталарға баяндама беріңіз.
- •57. Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.
- •58. Картометрияға түсінік беріңіз.
- •59. Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз.
- •60. Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз.
28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
Тақырыптық карталар жалпы көрсеткіш дәрежесіне байланысты аналитикалық және синтетикалық карталар болып бөлінеді. Аналитикалық карта - қамтылмаған немесе аз қамтылған нысандардың тек қана бір жақтарын немесе бір құбылысты нақты дәл көрсететін карта, бұндай карталарды бақылау карталары деп атауға болады, мысалы метерологиялық құбылыстардың белгілі бір мезгіл, уақыт аралығындағы өзгеруін көрсететін карта. Бұл карталар орташа айлық, тәуліктік ауа температурасы мен температураның жылдық ауытқу амплитудасын көрсетуге болады. Мұндай карталар ауа температурасы, жел, жауын-шашын немесеклиматтың кейбір құбылстарын бейнелейтін карталар жатады. Ал синтетикалық карталар бірнеше аналитикалық карталардың негізінде құрастырылады, яғни бірнеше құбылыстар біріктіріліп, жалпыланып біртұтас қарастырылған карталар. Мысал ретінде климаттық карталар, ландшафтық карталар. Синтетикалық карталар талдау пәніне байланысты бөлінеді: бір құбылсқы ғана арналған, мысалы, климат; немесе бір-бірімен тығыз байланысты құбылстар мен жағдайларды біріктіреді, мысалы, табиғат жағдайлары картасы жне олардың аумақтық ерекшеліктері. Синтетикалық карталардан басқа аналитикалық карталар да жасалады (картограмма деп атайды). Онда топырақтың бір немесе екі қасиеттері көрсетілген ареалдар бейнеленген, мысалы қышқылдығы, тұздылығы, механикалық құрамы.
29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Теңіздер мен көлдердің жағалау сызықтарымен, жағалауының типтерімен картаға түсіру арқылы жағалаулардың жалпы ерекшеліктері мен жағалау сызықтарының тиімділігін көрсете алатындай дәлдікпен беріледі. Картада жағалаулардың әртүрлі типтерінің пайда болу жолдары мен жағалауға жақын маңдағы белдеулерде көрсетіледі. Жағалауға жақын маңдағы белдеулерді сипаттау үшін жағалауларға жақын маңдағы қайраңдар мен банклер, аралдар, маржан рифтері мен тосқауылдар, су асты жартастары көрсетіледі. Жағалау сызықтарына тән ерекшеліктерін сызу арқылы ашып көрсетеді. Жағалаулардағы жағажайлар, жартастар, құм жолдары, батпақтанған өсімдік қалың өскен бөліктермен өзгермей жағалаулар кескінделеді. Өзендерді кескіндеу кезінде өзен жүйесімен оның басты өзенін иректілігінің сипатын ашып көрсету мақсаттары қойылады. Картаның масштабындағы 1,5 см ұзындығындағы барлық өзендер қамтылады. Шөлді және таулы аудандарда 1,5 см қысқа өзендерде түсіріледі. Өзен торлары және аудандарда картаның масштабындағы ұзындығы 2-3 см асатын өзендер түсірілмейді. Масштабындағы ауданы 2 мм² асатын көлдер мен жасанды су қоймалары кескінделеді. Одан шағын көлдер бір-біріне жақын орналасып шоғырланғанда географиялық ландшафтының ерекшеліктерін сипаттау үшін қамтылады. Өзендер мен көлдерді іріктеуге олардың шаруашылықтық маңызы мен өзен жүйелерінің барлық бөлігі және мазмұнының басқа элементтері әсер етеді. Өзеннің, көлдің алатын бөлігі ерекше белгімен көрсетіледі. Картаға кеме жүзетін барлық каналдар түсіріледі. Құдықтар мен су көздері шөлдер мен халық аз қоныстанған аудандарда ғана кескінделеді. Су нысандарының аттары жоғары тығыздықпен беріледі.
30. Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Жер бедерін бейнелеудің гипсометриялық әдісі әр түрлі масштабтағы және әр түрлі міндеттегі карталарда, соның ішінде топографиялық, топографиялық-шолу және жалпы географиялық анықтамалық карталарда кеңінен қолданылады, бірақ гипсометриялық карталар термині тек негізгі басты мазмұны горизонтальдармен және биіктік сатысы бойынша қабатты бояулармен бейнеленген бедер карталарында ғана қолданылады. Мазмұнның бедерден басқа негізгі элементіне бедермен берік байланысқан гидрографиялық тор жатады. Мазмұнның қалған элементтері қосымша бағдар (бағыт) ретінде бедерді оқу үшін қолданылады және аз мөлшерде жүргізіледі (түсіріледі).Горизонтальдар әдісі. Бұл әдістің негізін қалаған нидерландық инженер Крукиус, ол 1733 жылы Мерведе өзенінің картасын құрастырғанда түбінің жер бедерін изобатпен көрсеткен. Бірақ бұл әдісті ары қарай жетілдірген француз ғалымдары Филипп Бюаш, Дюкарла және Дюпэн Триель. Дюпэн Триель ең бірінші болып Францияның картасын құрастырғанда горизонтальдар әдісін қолданды. Он тоғызыншы ғасырдың ортасынан бастап горизонтальдар әдісі кеңінен қолданылды. Жер бедерін топографиялық картада горизонталь сызықтарымен көрсетеді. Оның бетіндегі барлық нүктелерінің биіктігі бірдей. Горизонталь ақшыл қоңыр сиямен бояымен сызылады. Әрбір бесінші горизонталь кейбір жағдайда оныншы горизонталь жуан сызықпен бөлініп көрсетіледі. Горизонтальдарға әрқашанда олардың биіктіктері жазылады. Биіктік жазулары горизонтальдардың карта шетінен шығатын жерлеріне және карта ішіндегі горизонтальдардың бөлінген жерлеріне қойылады. Бұл жазулар кез-келген горизонтальдардың биіктіктерін жеңіл білу үшін жиі қойылады. Ойлы жерді көрсеткенде бергштихтар ішке қарай кішкентай сызықтармен сызылады, қырлы жерде сыртына қарай сызылады. Картаны құрастырғанда негізгі мәліметтер топографиялық түсірістің планшеттерінен аламыз және осы планшеттерден картаға көшіреміз. Түсіріс жасағанда горизонтальдардың қимасы жергілікті жердің жер бедеріне және түсіру масштабына байланысты болады.
1 : 10000 масштабтағы қима биіктігі h=2м
1 : 25000 масштабтағы қима биіктігі h=5м
1 : 50000 масштабтағы қима биіктігі h=10м
Картада горизонтальдардың қима биіктіктері картаның масштабына және жер бедеріне қарай жасалады. Ұсақ масштабты карталарда горизонтальдардың қима биіктіктері сол түсірілген жердің ірі масштабты картасына қарағанда үлкен болуы керек. Себебі горизонтальдар жие болса картаға түскен басқа элементтерді жауып тастайды. Бірдей масштабты карталардағы горизонтальдардың қима биіктіктері таулы жерге қарағанда жазық жердікі аз болады. Жер бетіндегі қыраттар мен жазықтардың жиындысын жер бедері дейді. Жер бедері топографиялық карталарда кескінделіп, арнаулы шартты белгілермен белгіленеді және оның даму заңдылықтарын геоморфология ғылымы шұғылданады.Жер беті бұдырылық дәрежесіне қарай таулы, төбелі, жазық болып келеді. Топографиляқ карталарда жер бедер пішіндері арнаулы шартты белгілер және биіктіктері жазулар арқылы кескінделеді.
1. Тау (төбе, биіктік, шоқы)-күмбез тәрізді немесе конусік дөңес(қырат). Таулардың негізгі элементтері: жазықпен ұласатын табаны және ең биік жері- төбе, ал төбеден табанға қарай бағытталған көлбеу жазықтар- беткейлер. Таудың төбесі тегіс немесе аздап тілімделген жазық болып келсе, оны үстірт дейдіде, ал сүйір болса шың деп атайды.
2. Жота- бір бағытта орналасқан жер бедер элементтерінің көтеріңкі пішіні, негізінен 2 беткейден тұрады. Жотаның ең биік нүктелерін жалғастыратын сызық-су айрық немесе топографиялық қыр деп те атайды.
3. Жазықтық- биіктік көрсеткішінің біркелкілігімен сипатталатын мейлінше ауқымды алқап. Жазық-беті тегіс немесе сәл толқынды болып келеді. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін. Және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңісті болып келеді.
Жер бедерінің кейбір пішіндері – асулар, шатқалдар, шоқылар екі көршілес горизонтальдардың арасына түсіп картада көрсетілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда негізгі горизонтальдарға қосымша ретінде қосымша горизонтальдар жүргізіледі. Қосымша горизонтальдарды негізгі горизонтальдардан ажырату үшін олар пунктирлі сызықшалармен сызылады. Горизонтальдар әдісінің маңызы өте зор. Ол биіктіктерді шынайы көрсетеді және соған сүйене отырып әр түрлі жобалық жұмыстарды жүргізуге көмектеседі, мысалы, жолдарды және каналдарды жобалау. Жер бедерін бейнелеудегі горизонталдардың қасиеттері: 1. Бір горизонталдың бойында жатқан барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікті көрсетеді. 2. Карталар мен пландарда тұйықталған горизонталдар не төбелі, не қазан шұңқырларды білдіреді, олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазан шұңқырларда көбіне тоған нмесе көл болады. 3. Планның немесе картаның ішіндегі сондай-ақ оның сыртындағы барлдық горизонталдар үздіксіз болуы тиіс. 4. Жер бедерінің кескіндегенде горизонталдар еш уақытта қиылыспайды. 5. Горизонталдардың өз ара-қашықтығы еңістің қаншалықты құлама тіктігін білдіреді. 6. Горизонталдар арасында ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонталдарға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес келеді. 7. Суайрық сызықтар және өзектердің осі горизонталдармен тік бұрыш арқылы қиылысады.