Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kartografia_otvety1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.

Жазуларды географиялық карталардың мазмұнын ашатын маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру керек. Олармен қамтылған аумақтардағы меншікті атаулар беріледі. «Мұхит», «жота», «асу», «СЭС», «жанартау» сияқты географиялық атаулардың түрлері түсіндірмелі жазулармен беріледі. Сиапттама-жазулар нысандардың сапалық ерекшеліктерін және олардың қасиеттерінің сандық сипатын түсіндіріледі. Көптеген сипаттама-жазулар топогрфиялық карталардың құрамдас бөлігі болып табылады. Ұсақ масштабты карталарда жазулар меншікті географиялық атаулары мен нысандардың түрлерін көрсету үшін қолданылады. Оларда сипаттама-жазулар аз болады. Шолу карталарында сан түріндегі түсіндірмелі жазулар биіктіктер мен тереңдік белгілерін көрсету үшін қолданылады. Ұсақ масштабты карталарда жазулармен көбінесе қабылданған жіктеу бойынша жекелеген аумақтардың сапалық сипаттарын, атап айтсақ тау жыныстарының геологиялық жастарын, климаттың типтерін, топырақ пен өсімдіктердің сипаттарын көрсетіледі. Сандық жазулармен абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерді белгілейді. Тек меншікті географиялық атаулар, нысандар мен құбылыстардың түрлері көрсетілетін карталармен қатар тек жазулары жоқ, барлық мазмұны тек географиялық шартты белгілермен ғана кескінделетін тақырыптық карталар да болады. Карталардағы жазуларды әріптерді теру мақамдарының сипаттарына, өлшемдеріне, түсіне, бас әріптерімен жазылуына қарай да ажыратылады. Карталар мазмұнының әртүрлі элементтеріне жататын нысандар әртүрлі шрифтпен жазылады. Картографиялық жазулардың әріптер мен сандардың бейнесіне, олардың салытырмалы қалыңдығына, көлбеулігіне қарай өздеріне тән ерекшеліктері болады. атаулар жазылған шрифттердің белгілі бір пішіні нысанның маңызды сапалық ерекшеліктерін айқындайтын шартты белгі қызметін атқарады. Мысалы, жазылу мақамы арқылы елді-мекендердің түрлерін анықтауға болады. Жазулардың түсі де нысандардың карта мазмұнының құрамдас бөліктернің қандай да бір түріне жататынын көрсетуге мүмкіндік береді. Атап айтсақ, су нысандары көк, жер бедері қоңыр түсті жазулармен жазылады.

27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.

Географиялық карталар мазмұнына қарай жалпы географиялық және тақырыптық карталар болып бөлінеді.

Жалпы географиялық карталар – жергілікті жердің басты нысандары түгел, дәл көрсетіліп, яғни жер бедерін, суларын, өсімдік және топырақ жамылғысы, ел қоныстарын, өнеркәсібін, және т.б. Мысалы, физикалық географиялық карталар. Жалпы географиялық карталарға аймақтың сыртқы келбеті бейнеленген карталарды жатқызуға болады. Жалпы географиялық карталарға топографиялық және топографиялық шолу карталарыда кіреді.

Жалпы географиялық карталарды шолу картасы деп айтуға да болады.

Жалпы географиялық карталардың негізінде тақырыптық карталар жасалынады. Тақырыптық карталардың мазмұны жалпы географиялық карталарға қарағанда кеңірек үлкен көлемді қамтып, тек сол картаның тақырыбына байланысты, сол тақырыптағы картаға қатысты құбылыстарды ерекше назар аударып тереңдей ашып көрсетеді. Мысалы, климаттық карта, геологиялық карта.

Тақырыптық карталар мазмұнына байланысты топтарға және жеке сала түрлеріне бөлінеді. Сонымен тақырыптық карталар мазмұнына қарай 3 бөлімге бөлінеді. Әр бөлімдегі карталардағы құбылыстарының бейнеленуі әр түрлі.

табиғи – құбылыс (физикалық- географиялық) карта;

әлеуметтік – экономикалықгеографиялық (қоғамдық құбылыстар)карта;

арнайы карта.

Бұл карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі мәселелерді шешу үшін, әр бір картаның атқаратын қызметі болады және маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады.Әр топтың карталар бірнеше түрлі карталарға бөлінеді Мысалы геологиялық карталардың ішінен тектоникалық, неотектоникалық, төрттік шөгінділер, литолого-стратиграфиялық, пайдалы қазбалар т.б.

Табиғи құбылыстағы карталар литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфераны, яғни қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтиды

Қоғамдық құбылыстардағы каралар социосфера және техносфераны қамтиды.Олардың тақырыптары да алуан түрлі: халық экономика мен шаруашылық, ғылым мен білім, халыққа қызмет көрсету және тарихи карталар және т.б. Бұл топтағы карталар қоғамның дамуына байланысты жылдан жылға өзгеріп отырады.

Арнайы топтағы карталардың оқырманы шағын арнайы тапсырыстарды шешуге арналады. Көбінесе мұндай карталарға техникалық карталар жатады.

Тақырыптық карталар жалпы көрсеткіш дәрежесіне байланысты аналитикалық және синтетикалық карталар болып бөлінеді. Аналитикалық карта - қамтылмаған немесе аз қамтылған нысандардың тек қана бір жақтарын немесе бір құбылысты нақты дәл көрсететін карта, бұндай карталарды бақылау карталары деп атауға болады, мысалы метерологиялық құбылыстардың белгілі бір мезгіл, уақыт аралығындағы өзгеруін көрсететін карта. Бұл карталар орташа айлық, тәуліктік ауа температурасы мен температураның жылдық ауытқу амплитудасын көрсетуге болады. Ал синтетикалық карталар бірнеше аналитикалық карталардың негізінде құрастырылады, яғни бірнеше құбылыстар біріктіріліп, жалпыланып біртұтас қарастырылған карталар. Мысал ретінде климаттық карталар.

Географиялық карталар қолдану мақстына қарай қабырғалық, столдық және текстік деп бөлінеді.Столдық карталар жеке бет ретінде немесе оқулықтардың қосымша беттерінде басылады. Ал текстік оқулық ішіндегі текстердің арасындағы карталар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]