Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kartografia_otvety1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.

Орта ғасырдың басты кезеңінде Батыс Еуропада ғылымның құлдырауы болды. Ежелгі дүниеден қалғаны тек христиан дінінен және мәдениетінен айырылған қираған қалалар болды. Сол кездегі білім беру шіркеу қызметкерлері мен топтарға тиісті еді. Географиялық карталарға сұраныс аз болды. Сол кездегі феодалдар мен саудагерлер қажет етпеді. Шіркеуде жасалынған монастырьлық карталар ұзақ уақыт бойы картографиялық туындының негізі болып келді. Монастырьлық карталарды жасаушылар әдетте бұрмаланып, одан әрі антикалық мәліметтерді пайдаланды. Мысалы, 11 ғасырдағы қолжазбалардан алынған испандық монах Беахтың картасы монастырьлық карталары осы сипатқа тән болды. Оның монастырьлық карталарында былай дейді: «Жер бетін шайып жатқан дүниежүзілік мұхитты, орталықта Ирусалимді (Израиль) көрсеткен. Олар карталардың жоғары жағын шығыс деп, «Жұмақ жер» деп атаған. Ол жерді мекендеген халықтар, тауларды, топаң су басып кеткеннен кейінгі Нұхтың үш ұлының Жерді бөлісуін көрсеткен (қосымша ретінде)». Мұндай карталар орта ғасырлардағы әлем туралы түсінікті ең тұрпайы суреттік сызба түрінде көрсетті. Ғылыми негізінен айырылған монастырьлық карталар Еуропада картографияның құлдырап кеткенінің көрінісі болды.

Еуропада картографияның қайта өрлеуі 11–13 ғасырлар болды. Бұл ең алғаш Италияда қарқынды дамыды. Сауда–саттық қарым–қатынастарының дамуы теңізде жүзу ісінің дамуына ықпал жасады. Енді теңізшілерге жағалау маңында және теңізде бағдар беруші қосымша мәліметтер керек болды. Теңізшілер қолданысында компас пен теңіздік навигациялық карталар пайда болды (портоландар).

Жаңа өмір қажеттігінен туған портоландар осыған дейінгі монастырлық картаны теріске шығарды. Ең алғаш портолондар Италия қалаларына арналды – осы кезге дейінгі сақталған портолан – пизандық карта. Алғашқы портоландарда тек Жерорта теңізі мен Қара теңіз бейнеленді. әрдайым табиғатта тексеріліп тұратын портоландар бұған дейін белгісіз болып келген нысандарды жоғары дәлдікпен көрсетті. Олардың ең алғаш үлгілері шындыққа жанасады. Бұл картада теңізшілерге қажетті объектілердің барлығы арнайы үлкейтіліп, әсіресе жағалау сызықтары толық, нақты көрсетілді. Меридиандар мен параллельдердің орнына портоландардың бетінде компас сызықтарының торы басып жатты. Дүниенің төрт бөлігін, 28 аралық румб бағытын көрсеткен.

Портоландар аң терісінен жасалған пергаменттерде салынады. Ол оның ұзақ уақыт бойы жарамдығын қамтамасыз етті. Жерорта теңізінің жеке аудандарының компастық карталары мен Каспий теңізінің портоландарынан тұратын атластар сақталған. Компас пен портоландар өз заманының ойлап табылған жаңалықтарының бірі болды. Ұлы географиялық ашылулар үшін техникалық базаның негізі болды.

Фламандық мектептен А.Ортели, Г.Меркатордың еңбектерін айрықша айтуға болады. Ортели (1527-1598) – гравер, саудагер.1570 жылы «Жер шарына жалпы шолу» деген атпен жарық көрген 53 картадан тұратын үлкен жинағы жарыққа шықты. Бұл карталар жинағы «Птоломейдің географиясы» атты нұсқауын ығыстырды. Ол өз кезеңінде алғашқы тарихи карталарды құрастырушы ретінде танымал болды.

Меркатор (1512–1594) өзінің 2 картографиялық шығармасымен дүниежүзіне атақты болды. Біріншісі ең алғаш рет тік бұрышты цилиндрлік проекциясын құрастырып, 1569 жылы дүниежүзілік картасын жасаса, екінші «Капитал» деген атласы жарық көрді. Меркатор мен Ортели атластары Нидерландта ең жоғарғы туындының бірі болды. Анверпен қаласында Европадағы жол тораптарын, негізгі сауда жолдары көрсетілген көлемі 20-15 форматтағы атласы жарыққа шықты.

Меркатордың жолын қуушылар: Хонди, Янсон, Былау. Осылар үлкен көлемдегі атлас құрастырды. Ол бес тілде шықты. Бұл атлас 609 бетті картадан тұрды. Ол 52 томдық атлас болып табылды.

ХVI ғасырдың бірінші жартысында және ортасында карталарды басып шығаратын цехтық өндіріс орындары пайда болды. Бұл цехта қолөнерші мамандар, граверлер, суретшілер жұмыс істеді. Осылайша картографиялық мануфактура пайда болды. Мысалы, Былаудың 17 ғасырда өзінің картографиялық орталығы - 6 станогы бар гравюра бөлімі, карта басып шығаратын цехы, 9 станоктан тұратын типографиялық цех, корректорлық бөлім орындарынан тұратын үлкен ғимараты болды.

ХVI ғасырдың ортасында голландтық атластардың басып шығару көлемі карта басып шығару технологиясымен картографияылқ сыртқы бейнесімен безендіруі мен сапасы жағынан Меркатордың атласынан төмен болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]