
- •1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.
- •2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.
- •3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.
- •5. Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз.
- •6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.
- •7. Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз.
- •8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.
- •9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.
- •10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.
- •11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз.
- •12. Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •13. Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •14. Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •15. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •17. Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз.
- •18. Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •20. Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз.
- •21. Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз.
- •22. Картографиялық жалпыластыруда (генерализация) мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •23. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •24. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •25. Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз.
- •26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.
- •27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.
- •28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30. Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32. Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33. Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз.
- •34. Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз.
- •35. Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •36. Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •37. Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •38. Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •39. Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •40. Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •41. Картаға түсіруде ареалдар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •42. Картаға түсіруде сапалы фон тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •43. Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •44. Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •45. Картаға түсіруде белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •46. Картаға түсіруде локальденген диаграммалар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •47. Картаға түсіруде картодиаграмма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •48. Картаға түсіруде картограммма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •49. Картаға түсіруде сызықтық белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •50. Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •51. Геологиялық карталарға баяндама беріңіз.
- •52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.
- •53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.
- •54. Климаттық карталарға баяндама беріңіз.
- •55. Тұрғындар карталарына баяндама беріңіз.
- •56. Экономикалық карталарға баяндама беріңіз.
- •57. Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.
- •58. Картометрияға түсінік беріңіз.
- •59. Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз.
- •60. Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз.
1 |
Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз. |
|
2 |
Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз. |
|
3 |
Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз. |
|
4 |
Географиялық картаның негізгі элементтеріне баяндама беріңіз. |
|
5 |
Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз. |
|
6 |
Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз. |
|
7 |
Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз. |
|
8 |
Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз. |
|
9 |
Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз. |
|
10 |
Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз. |
|
11 |
Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз. |
|
12 |
Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз. |
|
13 |
Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз. |
|
14 |
Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз. |
|
15 |
Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз. |
|
16 |
Қалыпты азимуттық проекциялардағы проектілеу орталықтарына баяндама беріңіз. |
|
17 |
Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз. |
|
18 |
Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз. |
|
19 |
Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз. |
|
20 |
Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз. |
1 |
21 |
Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз. |
2 |
22 |
Картографиялық жалпыластыруда (генерализация) мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз. |
2 |
23 |
Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз. |
2 |
24 |
Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз. |
2 |
25 |
Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз. |
2 |
26 |
Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз. |
2 |
27 |
Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз. |
2 |
28 |
Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз. |
2 |
29 |
Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз. |
2 |
30 |
Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз. |
2 |
31 |
Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз. |
2 |
32 |
Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз. |
2 |
33 |
Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз. |
2 |
34 |
Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз. |
2 |
35 |
Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз. |
2 |
36 |
Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз. |
2 |
37 |
Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз. |
2 |
38 |
Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз. |
2 |
39 |
Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз. |
2 |
40 |
Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз. |
2 |
41 |
Картаға түсіруде ареалдар тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
42 |
Картаға түсіруде сапалы фон тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
43 |
Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
44 |
Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
45 |
Картаға түсіруде белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
46 |
Картаға түсіруде локальденген диаграммалар тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
47 |
Картаға түсіруде картодиаграмма тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
48 |
Картаға түсіруде картограммма тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
49 |
Картаға түсіруде сызықтық белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
50 |
Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз. |
3 |
51 |
Геологиялық карталарға баяндама беріңіз. |
3 |
52 |
Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз. |
3 |
53 |
Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.т |
3 |
54 |
Климаттық карталарға баяндама беріңіз. |
3 |
55 |
Түрғындар карталарына баяндама беріңіз. |
3 |
56 |
Экономикалық карталарға баяндама беріңіз. |
3 |
57 |
Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз. |
3 |
58 |
Картометрияға түсінік беріңіз. |
3 |
59 |
Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз. |
3 |
60 |
Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз. |
3 |
1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.
Картография – табиғат пен қоғам құбылысының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін, т.б. картографиялық кескіндерді бейнелейді және де географиялық карталарды құрастыру, жасау, өңдеу және басып шығару тәсілдерін және олардың мазмұндық мәселелерін зерттейтін ғылым. Кең тараған бұл анықтама оның техника жағын басымырақ көрсетеді.
Картография салалар әр кезеңде қалыптасқан тарихи сатылардан тұрады. Осының нәтижесінен картография төмендегідей құрылымы күрделі пәндер жүйесін құрайды. Оның құрамдас бөліктеріне картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, Карталарды жобалау және құрастыру, картаны безендіру, картаны пайдалану және т.б. кіреді.
Картатану - географиялық карта және оның картографиялық бейнелеу әдістерін, қасиеті мен элементтерін, пайдалану әдістемелерін, даму тарихын зерттейді.
Картографиялық ақпараттану–картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау және тарату мәселелерін зерттейді.
Математикалық картография–әр түрлі карталар үшін проекциялар таңдау және іздеу, олардың түрлері мен қасиеттерін зерттейді.
Картометрия– карта бойынша әр түрлі географиялық объектілердің ауданын, ұзындығын, көлемін т.б сандық сипаттамаларын анықтап беретін өлшеу тәсілдерін зерттейтін картографияның бір бөлігі.
Картаны безендіру– карталар мен атластарды жобалау барысында картографиялық шығармаларды безендірудің ғылыми негіздерімен танысу, сонымен қатар безендіру әдістері, олардың қасиеттері мен қолдану ерекшеліктерін білу.
Картаны пайдалану– ол картаны зерттеу және оқу. Картографиялық зерттеу әдістерінің негізінен географиялық карталарды талдау, картада бейнеленген құбылыстарға сапалы сипаттама беру, карта бойынша кескін, график, блокдиограммаларды құрастыру.
Қазіргі кезде картографияның зерттейтін негізгі мәселелері: ғылымның теориялық негізі, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен белгілер жүйесі, карталарды жобалау мен оны дайындау теориясы мен технологиясы және геоақпараттық картографиялау т.б.
Картографияның басқа ғылымдармен де тығыз байланысты. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты.
Картография геодезия және топография ғылымдарымен де тікелей қатысты. Геодезия картографияға Жердің пішіні мен көлемі туралы дәл мәліметтерді, топография және аэрофототопография барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталарды дайындап береді.
2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.
Жер бетінің толық немесе оның кез-келген бөлігінің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алынған кескінін географиялық карта дейміз. Болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасанды кескінді үлгі дейміз. Белгілі бір себеппен нысанды зерттеу мүмкіндігі болмай немесе қиын болған жағдайда оның үлгісі жасалады. Географиялық карталар жер бетінің кеңістіктік бейнелі-шартты белгілі үлгісіне жатады. Картографиялық үлгінің қатарына жататын географиялық карталардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, географиялық картада жер қыртысының көп бөлігін, гидросфера мен атмосфераны, биосфераны қамтитын географиялық қабықтағы барлық нысандар мен құбылыстары қамтылады. Екіншіден, адамның өмірі мен қызметіне байланысты әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар, жер бетіне жақын орналасқан барлық құбылыстар қамтылған картографиялық үлгіде үйлестірілгендіктен картадан кез-келген нысанның географиялық орнын, алып жатқан ауданын анықтауға болады. Шынай құбылыстардың орналасуын, өзара байланыстарын оқып-үйрену мақсатын көздейтін үлгілеудің түрі географиялық картаның танымдық қасиетін картография ғылымының ерекше тілі ретіндегі жеңілдетілген қолжетімді болуымен көзге түсетін графиктік кескінді кеңістіктік-бейнелі шартты белгілер айқындайды. Атқаратын қызметіне сәйкес карталар белгілі бір математикалық ережелерге сүйеніп, картографиялық құбылыстарды іріктеп жинақтау негізінде құрылады. Географиялық карталар фотосурет немес салынған сурет түрінде емес, табиғат пен қоғамның әр түрлі құбылыстарының кеңістікте орналасуын, таралу ерекшеліктерін оқып-үйрену арқылы білімді жинақтап, тіркеу негізінде жаңа білімді меңгеруге мүмкіндік беретін картографияның арнайы тілі шартта белгілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Географиялық карталардың маңызды қасиеттеріне қамтылған нысандардың орнын, жоғары математикалық дәлдікпен нақты көрсетілуін, көрнекітілігі мен шолулығын жатқызуға болады. Картографиялық өнімнің шолулық қасиеті арқылы географиялық картада кескінделген құбылыстырдың негізгі ерекшеліктері мен өзара байланысын дайындығы бар оқырман бір көргеннен шолып өте алады. Оны кез-келген картадағы құбылыстар мен нысандардың сандық және сапалық қасиеттерін іріктеліп жинақталып алынуы жеңілдетеді. Географиялық карталар мен глобустарға тән қасиеттер аэрофотокесікіндеу. Ғарыштық кескіндеу, математикалық үлгілеу сияқты жер бетінің ешбір үлгісінде кещдеспейді. Сондықтан географиялық шындықты танып білуде карталардың маңызы зор. Картографиялық үлгі ретінде географиялық карталар коммуникативтік, жеделдік, танымдық, болжамдық қызмет атқарады. Құнды ақпарат сақталған дерек көзі әрі ғылыми зерттеу құралы ретінде географиялық карталардың маңызы жылдан жылға артуда. Білімнің көптеген салаларында құбылыстарды оқып-үйрену бұрын құрылған картаға талдау жасап, ондағы деректерді бақылау жүргізу нәтижесінде анықталған құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктерімен салыстыру арқылы жаңа карталар құрылады.