Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990.1 Кб
Скачать

12. Активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама

Өтімділік тәуекелі –банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерін уақытында орындай алмауы, қолма-қол ақша қаражаттары мен активтерінің жеткіліксіздігінен, басқа көздерден тез арада тарта алмауы негізінде туындайды. Банк өтімділігінің төмендеуі тікелей банктің нарықтағы деңгейінің төмендеуіне, яғни бәсекелестік қабілетінің азаюына алып келеді.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады

Пайыздық тәуекел бұл пайыз мөлшерлемелерінің болжанбаған ауытқуы негізінде банктің ысырапқа ұшырау мүмкіндігі. Пайыз мөлшерлемесі өзгергенде банк табыстары мен шығындары, активтерінің нарықтық құны, пассивтер мен баланстан тыс шоттар да өзгереді. Пайыз тәуекелі берілген ссудалар мен тартылған қаражаттардың мерзімдері сәйкес келмеген жағдайда немесе активтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілмен берілгенде пайда болады. Пайыздық тәуекелдің жіктемесі:

  1. Жаңа баға құру бойынша активтер мен пассивтер бағасының өзгеруі;

  2. Табыстың өзгеру тәуекелі;

  3. Базистік тәуекел

  4. Операциондық тәуекел.

Төлемқабілетсіздік тәуекелі клиенттің банк алдындағы қарыздарын өтей алмау кезінде туындайды. Төлемқабілеттілікті скоринг жүйесі арқылы бағалайды, яғни несие бермес бұрын төлемқабілеттігін бағалау керек.

Капитал құрылымы тәуекелі – банк капиталының құрылымының, яғни банктің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және меншік капиталының дұрыс орналастырлмауынан, қолданбауынан туындайды сонымен бірге банк ресурстарының нарыққа сәйкес қымбаттауы немесе арзандауы барысынд болады.

Меншік капиталының жеткіліксіздігі тәуекелі – коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасының азаюынан, банк меншігінде тартылған қаражаттардың үлесінің тым артып кетуінен туындайтын тәуекел. Ол яғни белгілі бір коммерциялық банк қызметіндегі белгілі бір операцияларды орындау үшін меншік капиталының жетіспеушілігі кезінде пайда болады..

13. Банктің сыртқы тәуекелдеріне сипаттама және жіктеу қағидалары

Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.

Саяси факторларға: соғыс, жаулап, басып кіру (оккупация), саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу, импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел инвестициялар тәуекелі және т.б. жатқызылады.

Экономикалық факторларға мыналар жатады: ЖҰӨ-нің төмендеу немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан түсетін табыстың төмендеуі, импорттық өнімнің өсуі, әлемдік нарықтағы отандық тауарлар бәсекелестігінің төмендеуі, іскерлік белсенділігінің төмендеуі, басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы, халықтың бірыңғайлылығы мен білім деңгейінің төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы және тағыда басқа шектеулерді ( экспорттық, импорттық шектеулер, шетел инвестициясын лимиттеу сияқты) білдіреді.

Құқықтық фактор – Банктің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не банк тәжірибесінің ішкі құжаттарына, ал Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қатысты – басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес болмауы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.

14. Банктік тәуекелді басқару мақсаты,оны төмендету жолдары

Банктік тәуекелдерді басқарудың басты мақсаты банктің активтері мен пассивтерін дұрыс басқара отырып, банк өтмділігі мен пайдасын оң көрсеткіште ұстап тұру, күтілмеген жоғалтуларды барынша төмендету. Сондықтан да әрбір банк өзінің тәуекелдерді басқару стратегиясын жасауы керек, ал стратегия өз кезегінде қазіргі талаптарға сай және банктің дамуымен қатар тәуекел деңгейін қалыпты ұстап тұруда оңай басқарылуы қажет. Банктің тәуекелдерін сапалы басқару ұзақ мерзімді нәтижелі дамуына жол ашады. Банктік тәуекелдерді басқарудағы түрлі іс-әрекеттер, шаралар, шешімдер тәуекелді басқару саясаты деп аталады.

Тәуекелдерді басқару процесінде келесі ережелерді қатаң ұстанған дұрыс:

  • Меншік капиталынан жоңары көлемде тәуекелге баруға болмайды;

  • Тәуекелдің ақыры неге апаратынын әрдайым ескерген жөн;

  • Аз пайда үшін көп шығынға ұшырайтын әрекетті білген дұрыс;

  • Тәуекелмен байланысты шешімді дұрыс қабылдау үшін қабылданып жатқан шешімге күмәнді болмау керек;

  • Әр уақытта тәуекелді шешудің бірнеше жолы болады.

Банктік тәуекелдерді басқару менеджменттің бір функциясы ретінде келесідей қағидаларға негізделеді:

  • Пайда табу мақсатында тәуекелге ойлана бару қағидасы;

  • Қабылданған тәуекелдердің басқарылу қағидасы;

  • Күтілген табыс деңгейінен тәуекел деңгейінің аз болу қағидасы;

  • Қабылданған тәуекел деңгейінің банктің қаржылық мүмкіндіктерінен аспау қағидасы;

  • Тәуекелді жою шығыны жоғалтатын қаржыдан аспауы қағидасы;

  • Тәуекелдерді басқарудағы уақыт факторы қағидасы.

Банктік тәуекелдерді дұрыс және пайдалы басқару үшін қазіргі жағдайда оған қандай факторлар әсер ететіндігін білу қажет. Жалпылама алғанда тәуекел банкке әсер ететін факторлар өте көп, яғни әрбір әсер етуші фактормен бірге тәуекел қатар жүреді. Сол себепті олардың қандай көздерден туындайтыннын осы факторларды дұрыс бөлуден айқындалады.

Тәуекелдердің өзгеріп отыруына негізгі екі фактор экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді.

Тәуекелдерді төмендету жолдары

Солардың ішіндегі көп қолданыстағыларына төменде көрсетілген:

  • тәуекелден бас тарту немесе қашу;

  • тәуекелді өз мойнына алу;

  • тәуекелді аудару;

  • тәуекелді алдын алу;

  • сақтандыру;

  • диверсификация;

  • лимиттеу;

  • хеджерлеу;

  • өзін-өзі сақтандыру;

  • сапаны басқару

Ал енді олардың әрқайсысына сипаттама беретін болсақ:

Тәуекелден бас тарту немесе қашу – тәуекел деңгейі өте жоғары немесе шығыннан қашып құтылу мүмкін болмайтын жағдайларда бірден-бір альернативті тиімді жолдың біреуі.

Тәуекелді өз мойнына алу пайда болған шығынды банк өз қаражаты есебінен жабуын айтамыз. Бұл әдісті қолдану пайда болған шығындар көлемі жоғары болмаған жағдайда және пайда болатын шығындардың арасындағы интервалының алшақтығы кезінде қолданылады.

Тәуекелді алдын алу – мүмкін болатын тәуекелдерді алдын-ала шаралар қолдану арқылы төмендету немесе жою жолдарын іздестіру. Бұл басқару түрі тәуекел деңгейі жоғары болған жағдайда соны азайтуға бағытталады, бірақ азайтуға бағытталған нақты шаралардан ауытқулар болмауы қажет.

Сақтандыру банк тәуекелін төмендету үшін мүмкін болатын шығындардың орнын толтыру үшін жауапкершілікті сақтандыру компаниясына беру. Көп жағдайларда банктер несие бойынша тәуекелдерді сақтандырып қояды.

Диверсификация банк тәуекелдерін азайту мақсатында тәуекелді әртараптандыру, мысалы, белгілі бір салаға инвестиция салса бір салаға қатысты тәуекел деңгейі жоғарылайды, ал сол қаржыны бірнеше салаға бөліп салса тәуекел деңгейі азаяды. Банктік тәуекелдерді диверсификациялаудың келесідей формалары бар:

  • -бағалы қағаздар потфелін диверсификациялау;

  • несие портфелін диверсификациялау;

  • валюталық корзинаны диверсификациялау;

  • тартылатын қаражаттар көзін диверсификациялау.

Лимиттеу тактикалық шешімдер қабылдағанда банктің белгіленген операция түрлері мен көрсеткіштеріне шектеулер қою. Әлемдік тәжірибеде лимиттеудің мынадай түрлері кең тараған: stop-loss, stop-out, take profit, take out. Лимиттеудің бұл түрлері шығындарды тиімді басқаруға арналған. Лимиттеудің келесідей түрлері бар:

  • контрагенттерді лимиттеу;

  • несиелік өнімдерге лимит жасау;

  • операциялар бойынша тәуекелдере лимит жасау.

Хеджерлеу нарықтағы бағалар өзгерісінен пайда болатын тәуекелдерді сақтандыру, яғни жедел келісім шарт позициясын шығынның орнын жабу мақсатында тәуекел деңгейі бірдей қарама-қарсы нарықта да жасау арқылы жүзеге асырылады.

Өзін-өзі сақтандыру банк мүмкін болатын шығындардың орнын жабу мақсатында өз пайдасынан арнайы және қосымша қорлар құру.

Сапаны басқару – банк тәуекелдерін басқару процесінде банктің шығарған өнімдері мен көрсететін қызметтерінің сапасы маңызды роль атқарады, яғни банктің көрсететін қызметтерінің, өнімдерінің, несие, депозит бойынша портфельдерінің сапасын дұрыс басқаруы тәуекелге ұшырау деңгейін төмендетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]